Қазақстан жер-су аттарын бастапқы зерттеген орыс ғалымдары

Қазақ географиялық атаулары ертеден ақ төңкеріске дейін Ресейдің ғалымдарын, саяхатшыларын, әскери қызметерлерінің қызықтырып келеді. Осындай көңіл аударудың нақты көрсеткіші ретінде Үлкен сызба кітабында Татищевтің “Роспись алфавитная”, Семеновтың “5 томдық ресей империясының географиялық статистикалық сөздігі”, Ивановскийдің “Географиялық атаулар” және осы тәрізді т.б. географиялық атаулар сөздіктерін атауға болады.

Сонымен қатар орыс ғалымдарынан Красновты, Абоинді, Семеновты, Северцовтың Мушкетов еңбектерін ерекше назар аударуға болады.

Жергілікті жер су атауларының жаңадан қоныстанушалардың (орыс, украин, орвыс казактар) өздерінің тілдеріне ыңғайлануы нәтижесінде қалыптасқан атаулар. Батыс қазақсьанға алғаш қоныстанған орыс казактарының және Столыпин реформасының нәтижесінде көшіп келген орыс, украйн шаруаларының кезеңіндегі атаулар. Круглоозерное, Янайкино, Серебряково, Покровка, Кирсаново, даринск т.б.

Алебстрово- теректі ауданындағы елдімекен. Орыс шаруаларының көшіп келуіне байланысты қалыптысқан атау,

Байтақ даланы жыл маусымының жағдайына қарай күн көріс көзі өте білген көшпелілер үшін географиялық атаулардың мәні ерекше болады. Шығыс зерттеушісі белгілі ғалым академик Бартолктың айтқанындай Орта Азияда оның ішінде Түркі халықтарының арасында топоним атаулы өзінің қарапайымдылығымен айқын түсініктілігімен мейлінше ұғымталдығымен жане тарихи деректермен адамзат баласының күн көріс жағдайы жерге қаншалықты тәуелді болса ,сол жердің бітім қасиетін соншалықты терең білген. Ал көшпелілер көкті тәңір тұтса ,жерді ана деп таныған.Қазқстанда негізінен қазақ, орыс, украин, өзбек, қырғыз, ұйғыр, монғол, қалмақ тілдерінен енген атаулар да кездеседі. Дегенмен осы барлық физико географиялық атаулардыі ішінде басым көпшілігі қазақ топонимдері.

Қазақтанда топонимика ғылымының негізін салушы, жергілікті терминдер мен топонимдердің ең білгірі және қазақ халқы терминдерін алғаш жинап, олардың Қазақстан топонимикасын қалыптастырудағы белсенді рөлін көрсеткен Ғ. Қоңқашбаев болды. Осы жұмысқа қатысты КСРО дағы ірі топонимист Мурзаев: “Бәрінен бұрын Қоңқашбаевтың Қазақтың халықтық терминдер сөздігін атап өтуіміз қажет. Бұл еңбек Қазақсттан Топонимиясынқалыптастырудағы бірқатар толағай, хамар, худзир, шабар, эмель, уйр, мұқыр сияқты бірқатар монғол сөздері де енген түрік географиялық лексикасының үлкен жинағы. Мұнда иран тілдік асар, хисар, гисар, ленгер, араб тілдеріндегі рабат терминдері де енеді. Автор мүмкіндік болған жерінде осы сөздермен, терминдермен бірігіп жасалған географиялық атауларды көрсетіп кетеді” деп Қоңқашбаевтың қызығушылық аясын жақсы сипаттады.

Қазақстан картасындағы сан миллондаған топографиялық атаулардың ХХғ соңына дейінгі құрамының тарихи қабаттарын ашып, олардың қатпарларын жазғанда ұшырасатын атаулар байырғы қазақ тілінде қойылған. Отаршылдық топонимикадағы ең көне тәсілінің бірі жергілікті халық тіліндегі географиялық жер атауларын өз тіліне аудару арқылы тұп нұсқа сөзі халық санасынан өшіріп жіберу болады. Мұны ғылым тілінде Калка деп атайды.

Ұлан ғайыр дала түсінде көшіп қонып тіршілік еткен жер атауының ең көнесінен қалған атаулар қыта тілінде ұшырасады. Қазақстан топонимінің ішінде ең көбі әрі басымдау жататыны Монгол тілінен қалған жер-су елді-мекен атаулары. Қазірдің өзінде Қазақстан жерінде монгол тілінен қалған 217 топонимикалық атаулар белгілі болып отыр. Бұлардың басым тобы шығыс Қазақстан мен оңтүстік Қазақстан жерінде сақталған. Қалмақ тіліндегі Дегерез, Зайсан, Нарынқол, Турген, Борандай, Қалдықайты, Зайқан, Қалмаққы рылған,т.б.