Америка халықтары

Америка жаңа дүниеге жатады. Жаңа дүние үш бөліктен құралған.

1 Солтүстік

2 Орталық

3 Оңтүстік Америка

Америка құрлығында мекендеген .Олар келген жердің табиғи ерекшеліктеріне, бейімделіп, өздерінің шаруашылықтарын қалыптастрып дамыта білген. Америкалықтардың халқы көп тілде сөйлеген. Солай болса да мамандар үндістердің тілдерін зерттеп ,оларды он бес тіл семьясына топтайды. Олар;

Эскимос-амут, атакас, алгонкин-вакаш, хока-сид,оңтүстік-ацтек, майя-соке, чипче, серенбак,кариб-тунигуарани,кечу, аймара, араукай,пуэльче.

Осы аттары атарған тіл семьясы түпкілікті халықтардың аттарымен аталған.Әрбір семья генеологиялық және морфологиялық жақтан ұқсастықтарына қарай отырып , тіл топтарына бөлінгеннен кейін ,олар өздеріне тән ғасырлар бойы өздеріне тән мәдениет қалыптастырған.

2.Американың солтүстігін Греландия жағалауларын, Аляска Канаданың солтүстігін эскимос тайпалары ертеден қоныстанған. Олардың қазіргі саны 60 мыңнан астамырық . Олардың этникалық тырихы зерттелмеген , солай болса да эскимостардың тарихы б.з.д. 4000 жылдарда қалыптасқан деген пікір бар. Олардың негізгі кәсіпшілігі аңшылық пен балықшылық және тютень балығын аулаған. Эскимостар құралдарын ағаштан , сүйектен және басқа да қатты заттардан жасаған . Құрлық жерлерде бұғыларды, аюларды, мускусты, өгіздерді, терісі бағалы аңдарды, суда жүзетін құстарды аулаған.Олардың негізгі еңбек құралдарына сүңгі( гарпун) найза , садақ, жебе, қақпан –ау,шапқы, сияқты құралдар болған.

Эскимостардың заттай мәдениеті кәсібіне бейімделеді. Күн жыли бастаған сайын олардың кәсіптері кең өріс алып, қоныстарын жиі-жиі өзгнзертуге лайықталған күрке тектес. Баспаналары болса суық түсісімен олар бір жерге шоғырланып жертөледе орналасқан. Кейде мұзды қарды жинап “ирлу” деп аталатын баспана салған .

Ұлттық тағамдары – негізінен ет пен балықтан жасалған тағамдар. Эскимостардың арасында космологиялық түсініктер кең тараған .

Түнде айға , жұлдызға қарап тіпті жел бағытын болжап жолын мүлтіксіз тапқан. Ата-бабаларынан келе жатқан ертегілер, әңгімелер, және т.б. ауыз әдебиеттері кең көлемде дамыған.

Эскимостардың ертеден келе жатқан салтын отаршылар бұзды.