Минералдар мен тау жыныстары жер қыртысының және литосфераның құрам- бөліктері ретінде

Тау жыныстары деп жер қыртысындағы сан түрлі геологиялық денелерді құрайтын әр түрлі минералдық агрегат тар жиынтығын атайды. Ал минералдар дегеніміз әр түрлі элементтердің химиялық қосындылары. Миниралдардың түрлері мыңдап саналады (қазір минералдардың 2500-ден астам түрлері белгілі), себебі химиялық элементтердің бір-бірімен әрекеттесу мүмкіндіктері мейлінше мол. Дей тұрағнмен, жер қыртасына тән тау жыныстарын құруға қатынасатын бастр-басты элементердің ұзын саны жиырмадан аспайды. Олардың ішіндегі сегіз элемент-оттегі, кремний,алюмени, темір, кальци, натри, калий және магний-ең бастр жыныс құрушы болып саналады.

Жер қыртысында табиғи таза күйінде кездесетін жеті-ақ элемент-көміртегі, (көмір, графит, алмас), күкірт, алтын, платина, күміс, мыс және темір, қалған элементтер тек қана химиялық қосындылар түрінде көрінеді. Бұл элементтің басқа элементтермен қосындылары жер бетінде барынша жиі кездеседі.

Минералдарды он бір топқа немесе сыныпқа бөлінеді. Құрамында жеті-ақ элемент кіретін табиғи таза элементтер тобынан тұрады.

Геологиялық денелерді құрауда атқаратын маңызы жағынан минералдар түрліше болып келеді. Тау жыныстарын құруға қатынасты барша минералдар жиынтығы жыныс құрушы минералдар деп. аталады. Тау жынысы құрамында рөл атқаратын минералдар акцессорлы минералдар деп аталады. Әр түрлі өзгерістерге ұшыраған тау жыныстарын құрамында туынды минералдар (вторичные минералы) ұшырачсады. Өзінің құрамында түрлі-түрлі пайдалы түрбөлшектерді, бірнеше кезекті металдарды кіктіретінминералдар рудалық минералдар деген атауға ие.

Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдан тұруы мүмкін. Бір ғана минералдан тұратын тау жыныстарын мономинералды жыныстар деп атайды. Мұндай тау жыныстарының жарқын өкілдері әктастар (негізінен алғанда кальцит минералынан тұрады) мен шақпақтастар (негізінен алғанда кварц минералынан тұрады).

Тау жынысының құрылымы дегеніміз өзін құрайтын минералдардың кристал дану дәрежесі, кристалдары мен түйірлерінің мөлшері мен піші ні , олардың бір-бірімен дәнекерлесу сипати тұрғысынан әрбір тау жынысы ерекше даралайтын оның ішкі құрылыс ерекшелігі. Тау жынысының құрылымы, оның минералдық құрамы және нақышы үшеуі біріге отырып, сол тау жыныстарын анықтау мен жіктеу принциптерінің ең маңызды белгілері болып табылады.

Тау жыныстарында біршама жиі кездесетін құрылым түрлері төмендегідей: 1) толық кристалды құрылым – тау жыныстары кристалданған түйірлерден тұрады; кристалдарының мөлшері тұрғысынан тау жыныстары ірі кристалдары (кристалдарының мөлшері 5 мм-ден астам), орташа кристалды (1-5мм) және ұсақ кристалды (1 мм-ден кішірек) болып үш түрге бөлінеді; 2) жасырын кристалды, немесе афанитті құрылым-тау жынысы құрайтын өте-мөте ұсақ кристалды тек қана микроскоппен көруге болады; 3) шыны тектес қрылым-тау жыныстары кристалданып үлгермеген шыны тектес заттардан тұрады; 4) Сеппелі құрылым-негізінен алғандашыны тек тес немесе жасырын кристалды заттардан тұрады тау жынысы үлгісінің жалпылама массасы арасында некнсаяқ кристал дар сеппесі кездеседі: бұл сеппелерді профилі сеппе, немесе фенокристал дар деп. атайды. 5) бадамтасты құрылым-тау жыныстарының бадам дәні пішіндес кеуектері болады; бұл кеуектерді кейде минерал түйіршіктер иімдеуі мүмкін.

Келтірілген құрылым түрлері тек қана магмалық және метаморфтық жыныстарға тән. Шөгінді жыныстардың, әсіресе олардың сынықты түрлерінің құрылымдық сипаты сол тау жынысын құрайтын кесектер мен түйірлердің (кристалдардың емес) мөлшерлерімен анықталады.

Тау жынысының нақышы дегеніміз он құрайтын минерал коисталдары мен тау жынысы түйірлерінің өзара орналасуы және даралану ерекшеліктерін, олардың тау жынысы болмысын имдену ретінде сипаттайтын сол тау жынысының әлпет ерекшелігі. Магмалық жыныстардың нақшы магма балқымасын кристалдану ерекшеліктерімен, сол балқымның суынуы және кристалдануы барысында туындайтын процесттер әсерінен тау жынысы массалары аралығындағы кеңестіктердің тоғытылу болмысымен, сол сияқты балқымға суынуы барысында тау жынысының бөлшектену пішіндерімен анықталады. Шөгінді жыныстардың алғашқы нақшы және туынды нақшы деген ұғымдар қалыптасқан, мұның алғашқысы тау жынысының қалыптасуы барысында айшықталған болса, туынды нақыш шөгіндінің (тұнбаның) қатты тау жынысына айналуы және оның болашақ өзгерістері кезінде қалыптасады.

Жиі кездесетін нақыштар түрі: 1) шомбал (массивті) нақыш-тау жынысынан құрайтын минералдар мен түйірлердің орналасуында ешқандай заңдылық болмайды, яғни олар ешбір ретсіз орналасады; 2) қат-қабатты нақыш – тау жынысы өзінің құрамы немесе құрлымы тұрғысынан ерекшеленетін әр түрлі (мысалы, әр түсті) қабаттар жиынтығынан тұрады; 3) жік-жоспарлары нақыш-тау жынысының бір-біріне бой ласа өрілген жіктері анық ерекшеленеді, осы жіктер бойымен тау жынысының үлгісі бөлек-бөлек тақташаларға немесе “парақтарға” оңай дараланады; жік-жоспарлары нақыш негізінен метаморфтық жыныстарға тән; 4) кеуекті нақыш-тау жыныстарына әр түрлі кеуектер мен қуыстар тән; 5) көпіршікті нақыш-лавалардың қатаю кезінде олардың газ көпіршіктері иемденген қуыстары сақталып қалған жағдайда пайда болатын нақыш; 6) ақпалы нақыш-баяу сынған лавалардың ағыс іздері сол лава құрамындағы шыны тек тес массалар арасындағы ұзынша кристалдардың бір-бірімен жарыса және бойлас өрлеуімен айшықтала түскен нақыш түрі.

Өздерінің тегі, яғни қалыптасуы ерекшеліктері тұрғысынан тау жыныстары үлкен-үлкен үш топқа бөлінеді, олар-магмалық, шөгінді (тұнба) және метаморфтық жыныстар.