Жер жайлы мәліметтер

Жер күн жүйесіне тиесілі планеталардың бірі екендігін,ол сол ғарыш денесінен дәйім айналып тұратындығын, яғнионымен тұрақты байланыста болатындығын, алайда өзінің даму барысы тек өзіне ғана тән заңдылықтардан туындайтындығын Сіздер астрономия пәнінен білесіздер. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, геология ғылымының ең басты мақсаты Жердің ішкі құрылысы мен құрамын зерттеу және оның жаралу, геологиялық тұрғыдан бағдарлы түрде даму заңдылықтарын анықтау болып табылады. Олай болсы, геология ғылымы танымдық тұрғыдан басты-басты екі мәсаелені шешуге мүдделі: 1). жер қойнауының бүгінгі болмыс бітімі қандай? 2). сол жер бұрын қандай болған, ол өзінің бүгінгі қалпына келу жолында қандай өзгерістерге ұшыраған? Бұл сұрақтардың жауаптары бізге қоршаған әлемді дұрыс түсінуге, тіршілік ортасы болып табылатын плонетаның сыртқы үш қабатында – атмосферада, гидросфереда және қатиты заттардан тұратын литосфера қабатында – болып жататын өмір үшін өте маңызды процестердің жай күйін білім дарлық пен зерттеп білуге мүмкіндік береді, себебі жоғарыда аталған үш қабатың үшеуінде, сайып келгенде, Жердің геологиялық даму тарихы барысында қалыптасып дараланған планетамыздың төл туындылары болып табылады.

Жер – күн жүйесінің үшінші планетесы. Жердің Күннен айналу қашықтығы орта есеппен 149,5. 106 км, айналу периоды 365,2564 жұлдыздық тәулік, орбитадағы қозғалу жылдамдығы 29,76 км.с, жер массасы 5,975. 1027г, бұл мөлшер Күн массасының 1/333 432 бөлігін құрайды; Жер болмысын құрайтын заттардың орташа тығыздығы 5,52 г-см 3. геоид пішіндес жердің экватор бойымен есептегендегі радиусы 6378,245 км, полярлық радиусы 6356,863 км, орташа радиусы 6371,110 км.

Кез-келген күрделі дененің ішкі құрылыс ерекшеліктерін бейнелі түрде ұғыну үшін әдетте оның жалпы пішімін тұрғызуға тырысады. Пішін дегеніміз зерттеу нысаны құрлысының көрнекті бейнесі іспетті, оны тұрғызу барысында қаралып отырған дене жайлы бүкіл белгілі деректер, мүмкіншілікке орай, түгел ескерілуі тиіс. Геологиялық ғылым аумағында планетамыздың пішімі деген түсінік қатты Жердің беткі жазықтығы мен оның кіндігі аралығында түрлі-түрлі сипаттар тұрғысынан жіктелегн әртүрлі қабаттарды даралай отырып, олардың аражігін айыру шараларымен орайласады.

Жердің ішкі құрлысының осындай пішімі планетамызды байырға жұмыртқамен салыстыруға болатын сияқты. Шыныда да жұмыртқаның сары уызының, ақұлпасының және сыртқықабығының өзара орналасу реті мен мөлшерлік қатынастары Жер планетасының нақ осы ретпен орналасқан ядросының мантиясын және литосферасын еске салады.

Жердің ядросы мен оның қатты қабықтары, өз кезегінде, өзін құрайтын заттардың физикалық сипаттары тұрғысынан анық ерекшеленетін тағы да бірнеше жекелеген қабаттарға дараланады. Мәселен, жер ядросы екі бөліктен-қатты заттардан тұратын ішкі ядродан және сұйық күйдегі сыртқы ядродан – тұрса, жер мантисы үш сфераға — төменгі мантияға ауыз су белдеміне және жоғарғы мантияға – жіктеледі; жоғарғы мантияның төменгі деңгейінде ішіннара балқыған заттардан тұратын астеносфера оқшауланады; атмосфкераны көмкеріп жататын литосфера қабаты да екі бөліктен тұрады, оның төменгі деңгейі литосферелық мантия деп аталса, беткі бөлігі жер қыртысын құрайды; жер қыртысы, өз кезегінде, шартты түрде тағыда үш қабатқа – базальтты, гранитты және шөгінді қараптарға-жүктеледі. Жер планетасының бұл ерекшеліктері оның ішкі құрлысының кәдулігі пязғаұқсас екндігін, яғни оның болмысы “бір-біріне кигізілген” концентрлі шаралардан тұратындығын көрсетеді.