Медициналық елтанудың міндеттері

Инфекциялық аурулар. Қызылша. Бұл аса жұқпалы аурулардың бірі.Оған адамдардың бәрі де төзеді.Сондықтан да алдын ала оған қарсы егу болмаған кезде адамдардың көпшілігі қызылшамен бала кезінде ауыратын еді.Қызылшаға үш айлық сәбилер төзе алмайды.Себебі, оның организіміне анасынан берілген иммунитеті әлсіз енжар келеді.

Ауруды жұқтырғыш – ауру адам.Аурудың жұғуы үшін ауырған адаммен тікелей қатынаста болу шарт емес:бұл аурудың вирусы ауа толқынымен бөлмеден бөлмеге, ортақ каридор, баспалдақ аудандары арқылы басқа пәтерлерге, тіпті үйдің төменгі қабатынан жоғары қабатына желдеткіштер арқылы тарайды.Аурудың жұғу кезеңінен онымен ауру кезеңінің аралығындағы жасырын кезеңі орташа есеппен 8-10 күндей.кейде ло 17 күнге дейін созылады.

Қызылша ауруы 38,5-39С қа дейін қызуы көтерілуден басталады.Тұмау, мезі қылатын құрғақ жөтел, қабағының шырышты қабағы қызарады.бала тынышсызданып, жылай береді, іші ауырып, кейде іші өтеді, құсады.Осы кезде баланың екі жақ шырышыты қабағынан, тіс қызыл еттерінен дәннәі көлеміндей әрі ақшыл ақшыл қоңыр нүктелерді байқауға болады.Бұл – нағыз аурудың бөртпелері көрінгенге дейін дәрігерлер диагноз қоя алатын қызылшаның алғашқы белгісі.

Бөртпелердің жаппай шығуы аурудың 4-5 күндері басталады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте тұрінде құлақ сыртында, мұрын үстіне шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып, келесі күні бүкіл денені, қолды, ал үшінші күні аяқты қамтиды.Бөртпелер өте көбейіп тұтасады немесе керісінше сирек болады, бірақ қызылшаның жаппай шығуы (жоғарыдан төмен қарай) міндетті тұрде жүреді.Оның шыққан кезінде температура жоғары болады.

Ұшпа (Краснуха) – Бұл жұқпалы ауруға да төзгіштік жоғары. Бірақ қызылшаға қарағанда төмен болады. Ауруды таратушы – ауру адам. Ұшпа ауруы білінгеннен бірнеше күн бұрын жұтқыншақта оның вирусы табылу ықтималдығы туралы, екі апта және одан да көп мезгіл ішінде оның бөліне бастайтынын растайтын мәліметтер бар.Алайда әдетте сврқат ауруды қысқа мерземде ауырғанның бірінші күнінен , бөртпелер пайда болғаннан кейінгі бес күн ішінде жұқтырады.

Ұшпа әдетте ,баланың бетіне қызғылт теңбілді бөртпе түрінде шығудан басталып, бірнеше сағат ішінде барлық денеге , әсіресе буындардың айналасына, арқаға құйрыққа, қолға және аяққа жайылады.Сонымен бірге жеңіл – желпі тұмау, жөтел пайда болады.

Ұшпаға тән тағы бір белгі – лимфа түйіндеренің ,әсіресе желке және жауырын түйіндеренің үлкеюі.Қызуы 38 с тан жоғары көтерілмейді.Бұл ауру айағы ауыр әйелдерге алғашқы үш айында өте қауіпті, құрсақтағы нәрестеге қауіпті.себебі, ұшпаның вирусы оның эмбриональды тіканін зақымдауға қабілетті және ол іштегі перзенттің қалаптасып келе жатқан ағзаларын зақымдап, оның дамып жетілуінде ауыр кінәраттайды.

Ана екіқабаттың алғашқы ацларында ұшпамен ауырса, онда алдырып тастаған дұрыс.

Паразиттік аурулар. Паразитизм – грек сөзі. Para – арқасында, айналасында, ал sitos – күнелтуші, қоректенуші, тамақтанушы деген мағынаны білдіреді.

Ең алғаш (1873 жылы) паразиттерді арнайы зерттеп, оларды басқалардан даралап, сипаттап жазған неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (1822-1898) болды.паразиттердің өзге тіршілік етушілерден ерекшелігі – олардың қоректену тәсілі мен қасиетінде, деп атап көрсетті ғалым. Яғни өзге организмге мекендеп, содан қорек табатын тіршілік етушілер паразиттер деп аталады.

Академик К,И.Скрябин паразиттерді ерекшеліктеріне қарай фитопаразиттер (паразиттік өсімдіктер – бактериялар, вирустар, т.б.) және зоопаразиттер (паразиттік гельминттер, кенелер т.б.) деп үлкен екі топқа бөлді.

Адам ерте кезден бері әр тұрлі жануарларды қолға үйретіп, оларды өз қажеттігіне жаратып келеді.Малдың адамға беретін пайдасы орасан зор.Бірақ сол мал арқылы біраз ауру адамға жұғады.Атап айтқанда бруцеллез, аусыл (ящур), туберкулез, түйнеме (сибирская язва),туляремия сияқты көптеген ауруларды мал таратады.

Бруцеллез (сал ауруы). Бруцеллез немесе сал ауруы малад да адамда да кездесе береді.Ол халық арасында сарп ауруы деген атпен да белгілі.Бұл ауру негізінен буынды, сүйекті және нервті зақымдайды.Одан зардап шегіп, зақымданбайтын мүшелер адам организмінде кемде — кем.

Буцеллез бен негізінде мал шаруашылығының қызметкерлері: мал дәрігерлері, зоотехниктер, шопандар, бақташылар, сауыншылыр, ет комбинатының жұмысшылары жиі ауырады.Ауру тек иалдан адамға ғана жұғып қоймай, бір малдан екінші малға да жұға береді.

Бруцеллезді қоздыратын микробтар ыстыққа өте төзімсіз келеді.60 С ыстыққа жарты сағаттың ішінде, қайнатқанда тез қырылып қалады.Есте ұстайтын тағы бір жайт – кейде ет шала піскенде оның ішкі қалың қабаттарында бруцеллездің микробтары өлмей қалуы мүмкін.Адамдардың бруцеллез бен ауруы ,әсіресе, мал төлдейтін көктем айларында жиі кездеседі.

Бруцеллез адамға ауру малдың шикі сүтін ішкенде, шала пісірілген етін жегенде, жүнін қырыққанда, терісін сыпырғанда жұғады.Егер адамның терісінде кішкене жарақат болса, онда бұл микробтардың қанға өтуіне мүмкіндік туғызады.

Ауруға шалдыққан адамның денесі дел – сал болып, ауырлайды, тез шаршайды.Болар болмас нәрсеге ашуланып, тамаққа тәбеті шашпайды.бірақ арада біраз күн (3-5 күн) өткеннен кейін ауру одан әрі күшейіп, науқастың дене қызуы 38-39 С қа дейін көтеріледі.Буын – буындары, еттері, белі, қақсап сыздайды, терлейді.ауру асқына келе науқастың буындары ісіп, жүрегі қабынады, шашшып ауырады, ұйқысы бұзылады.ауру емделмесе , бруцеллез одан әрі асқынып, созылмалы түрге айналады.Буындарының формасы өзгеріп қисаяды, көлемі ұлғаяды.Буын арасында сары су жиналады.Міне осының салдарынан ке»бір науқастардың буындары икемге келмей, белдері шойырылып жатып қалады.Мұндай науқастар жұмысқа жарамайды, сөйтіп, мүгедектер қатарына қосылады.

Аусыл (ящур). Бұл жылқыда, сиырда, қойда кездесетін жұқпалы ауру.Ол адамға тек малдан жұғады.Ауру туғызатын үсақ вирустар малдың сүті арқылынемесе сілекейі арқылы тарайды.Аусулдың вирусы организмге енгеннен кейін 3-10 кұннен соң адамның басы ауырып,денесінің қызуы ,38-39 С қа дейін көтеріледі, ауызы уылып, ойық жаралар пайда болады.Сілекейі ағып, ұрты мен тілінің үсті ағарып, күлдіреп кетеді.ауыз ішіне шыққан жаралар қызыл шақа болып суланып, ашып, ауру адамның мазасын алады.Дер кезінде дйрігерлерге көрініп, тиісті ем жүргізілсе, бұл науқастан 12-15 күнде айығып кетуге болады.

Ауысылды емдеу ұшін ауызды бор қышқылының ерітіндісімен (бір с қасық дәрі ұнтағын бір стакан жылы суға ерітіа алып) , күніне 5-6 рет шаю қажет.Бор қышқылы жоқ болса, жылы суға онша қою қылмай еріткен марганец қышқылды калий ерітіндісін қолдануға да болады.

Бұл аурудан сақтанудың басты шарты – онымен ауырған малды оңаша ,жеке үстап, сүтін жақсылап қайнатып пайдалану.

Түйнеме (сибирская язва). Түйнеме халыққа бұрыннан белгілі жұқпала ауру.Бұл ауруды сиырда — қарасан, ешкіде — кебенек, қойда – топалаң, жылқыда – жамандат деп атайды.Бұл індет әр малда әр түрлі аталғанымен оны тарататын микроб біру ақ.Ревалюциядан бұрын бұл індет пайда болып, малды қырғынға ұшыратты.Түйнеме малмен қатар адамға да қауіпті 1617 жылы түйнеме эндемиясынанРоссияда алпыс мыңға жуық адам өліп, бұл індеттен жүздеген мың мал қырылған.

Түйнеменің микробы суыққа да встыққа да төзімді.Ол тіпіті дезинфекциялық препараттарға да өлмйді.Тұйнем адамға малдан жұғады.Оның микробы адамның жараланғанжәне жарылған жерлеріне түседіде, не тозаң мен ауаға араласып, дем алғанда тыныс жолдарында енеді.

Түйнеме адам денесіне неген жолдарына байланысты үш тұрге бөлінеді.

  1. Тері түйнемесі. 2. Өкпе түйнемесі. 3. Ішкі ағзалар түйнемесі (органдар).

Тері түйнемесінде ауру көбінесе қолда, аяқта, бет пен мойында шиқан сияқты болып білініп, бірте – бірте бұлтиып ісінді, айналасы көгнріп қанталап кетеді.Соңынан сол жараның ортасы күйген кездегідей күлбіреп, ішіне қанды ірің жиналады.(бұл аурудыкейбіреулердің « күйдіргі» деп атауы сондықтан). Содан кйін жараның бетін қара қабық басып, оның айналасы домбығып қызарады, ортасы бірте бірте көмірдей қара түске айналады.Сондықтан оны ғылыми тілде антракс деп атайды.(антракс латынша – көмір).

Түйнемемен малшылар, жүн мен тері өңдейтін кәсіпорндарда жұмыс істейтін адамдар, аңшылары жиі ауырады.

Түйнемеден сақтану үшін малдың онымн ауруына жол бермеу қажет.Түйнемеге қарсы алдын ала гу ісін тиісті дәрежеде өткізуді қадағалап отыру керек.Бұл қатерлі ауруға шалдыққан немесе ауырды ау деген сезікті малды басқа малдан бөліп, жеке бақылауға алу қажет.Топалаңмен, қарасаңмен, кебенекпен, жамендетпен ауырған малдың етін, сүтін, жүнін, терісін, пайдалануға тиым салынады.Бұл інднттен өлген малдың өлексесі өртелуге тиіс немесе оны тереңдігі екі метр етіп қазылған терең шұңқырға көмуге болады.Мал өлген қораны, оның жатқан жерін 5 % лизолмен дезинфекциялайды.

Ал егер түйнеменіңбелгісі адамда пайда болса, онда дереу дәрігерге көрінуі қажет.Ауру кісіге жақындасқан, оны күткен адамдар түйнеменің жасырын мерзімі өткеншн дәрігрлердің бақылауында болуы қажет.

Темекінің түтінінде өте улы зат –никотин бар . шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады бұл түтіннің ішінде улы газ , шаң және күйе болады . шылымның күнініне жиырмасын тартқан адам 90 милиграм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартқанда адам уланады:басы айналады , жүрегі қағады , құсады, қол-аяғы дірілдейді . темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп , оны қабындырады. Сөйтіп , қорғаныш қасиетінашарлаған сілемейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микроптар енеді. Сондықтан темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп ,тағы басқа ауруларға тап болады . Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауатамыр ауруына және өкпе пәле ауруына шалдықтырады.Өкпедегі пәле ауруымен ауырғандардың 97%-і шылым шегетіндер . бұған себеп-тыныс мшелерінде шылымды ұзақ шеккенде көпке дейін жазылмайтын жараның пайда болуы . Неғұрлым адам өте ерте-бала кезінен шылым шегумен айналысса , соғыұрлым пәле ауруына жиішалджығатыны ақиқат. Шылым шегуден адамның өмірі қысқарады. Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруға ұшыратады. Мұндай жағдайда ағзаны оттегімен қажетті мөлшерде қамтамассыз ету мүмкін емес ,газ алмасу бұзылады да , өкпеде ауру туғызатын микроптарға, яғни туберкулез таяқшаларына қолайлы жағдай туады .

Темекі түтінінде радиактивті заттар болады , күніне бір қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәуленуге ұшырайды .

Тыныс алу мөлшері ауруларының алдын алу үшін бөлменің ауасын таза ұстап , жеке бастың тазалығы және науқастармен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтап, денені шынықтыру қажет.

Темекі түтіні тынысалу мүшелерінің жұмысын бұзады. Мұндайда ағза жалпы әлсіреп, ол әр-түрлі ауруларға қарсы тұра алмайды.

Денсаулықты сақтау үшін таза ауамен тынысалу керек. Адам бір рет тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Егер ол минутына 16-18 рет тыныс алса,онда ол 8000-9000 мл ауаны тыныс мүшелерінен өткізіп, оның құрамындағы оттегін өкпе арқылы қанға өткізеді. Бір тәулікте 11 мың л ауаны, ал адам 70 жыл өмір сүрсе, онда ол өмір бойы 280 миллион литрден артық ауаны тыныс мүшелерінен өткізеді екен.

Жер бетіндегі ауа тіршілік үшін жеткілікті. Ауаның таза болуы үшін, өсімдіктердің зор маңызы бар. Үлкен ағаштан бөлініп шығатын оттегі ересек үш адамның тыныс алуына жеткілікті. Отегінсіз адамдар ғана емес, бүкіл жан-жануарлар да тіршілік ете алмайды. Сондықтан, ағаш отырғызу, өсіру , көгалдандыру, суарып тыңайтқыш салып , оны күту-ауаның таза болуының кепілі. Сондай-ақ ауаның тазалығы судың, топырақтың да құрамына байланысты. Мұхиттағы өсімдіктер оттегін өте көп бөледі. Егер оның бетін танкерлерден төгілген мұнай басып кетсе, онда ауа құрамына бөлетін оттегі азаяды. Су буланбай , ауаның ылғалдануын төмендетіп, көбіне құрғақ ауамен тыныс алады да, адам аруларға ұшырайды.

Өндірістің дамуы, машиналардың көбеюі ауаның құрамына бөлінетін зиянды қоспа- заттардың мөлшерден көп болып, ауаны ластайды. Ауаның тазалығын сақтау туралы 1980 жылы елімізде арнаулы заң қабылданды. Бұл заң “Атмосфера ауасын сақтау” туралы өндірістерде ауаны тазартқыштар, улы газдарды және қатты түйіршіктерді ұстап қалатын арнаулы құралдар орнатуды талап етті. Елімізде үлкен қалаларда ауаның тазалығын бақылап, оны сақтау шараларын ұйымдастырып отыратын арнаулы мекемелер жұмыс істейді.

Адамдардың көп жиналатын жерлерінде ауаның тазалығын сақтау өте қажет, себебі оттегі азайып, көмірқышқыл газы және су буы көбейіп, бөлмедегі ауа ластанады. Сондықтан мұндай ауамен тыныс алғанда адамның ұйқысы келеді, дел-сал болып есінеп, маужырап, басы ауырады, тез шаршайды, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Денсаулық сақтау үшін адам таза ауамен тыныс алуы керек, сеік-терезені ашып немесе желдеткішті қосып бөлме ауасын тазартып отыруды ұмытпаған дұрыс.