Қазақстанның медициналық география мәселелері

Жүрек етіне қан әкелетін тәждік артерия қолқаның сол қарыншасынан басталады. Бұл артерияларға қан негізінде диастола кезінде өтеді. Систола уақытында жүрек еті жиырылып тәждік тамыр қысылғандықтан қан ағысы өте төмендейді. Олай болғанмен де жүректің минуттық қан көлемінің 4-6%-і (200-250 мл) жүрек тамырларына түседі. Ал дене қимылы үдесе бұл тамырдан минутына өтетін қан мөлшері 3-4 л-ге жетуі мүмкін. Жүрек веналарындағы қанның көбі (75-90%) оң жүрекшедегі тәждік синусқа, қалғаны көптеген ұсақ Тебези тамырлары арқылы қарыншаларға құйылады.

Жүрек еті басқа ағзаларға қарағанда қаннаң белгілі бір уақыт арасында оттегін көп сіңіреді. Жүрек тамыры тарылып оттегі аз сіңірілетің болса, қатты ауыру сезімі пайда болады. Сау адамда оттегі жеткіліксіз болса, тәждік артериялар кеңейтіп, қайтсе де миокардты оттегімен қамтамасыз етеді. Бірақ, тәждік артерияларда атеросклероздық өзгерістер болса олар онша кеңейе алмайда. Сондықтан жүрек тұсына туатын ауыру сезімі көбіне қарияларда кездеседі.

Өкпе тамырларындағы қанның ағысы.

Өкпеге қан тамырлардың үлкен және кіші шеңберлерінен келеді. Кіші шеңбер капиллярларға өкпе көпіршіктерінде тарамдынып қалың тор құрады. Бұл капиллярларға оң қарыншадан басталатын өкпе артариялары көмір қышқылды газға бай веналық қан әкеледі, ал өкпе капиллярларынан шығатын оттегіне қаныққан артериялық қан 4 өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге барып құйылады. Өкпеде газдардың алмасуына қажет көптеген жағдай бар. Оның бірі өкпедегі ауа мен капиллярлардағы қанды бөліп тұратын мембраналардың (альвеолалық эпителий мен капилярлар эндотелиі) қалыңдығы 0,4 мкм. Мұндай жұқа мембрана газдардың диффузиясына онша кедерге жасамайды. Екінші бір көңіл аударатын жағдай екі өкпенің көпіршіктерін жазып жіберсе, оның ауданы 140 м-дей орын алады. Осындай аудан арқылы капиллярдағы эритроциттер өкпедегі ауамен түйіседі. Үшінші жағдай –кіші шеңберден минутына 3-5 литрдей қан өтеді. Оның эритроциттері капиллярлардан 5 секунд арасында өтсе, 07-,7 секундтай газдар алмасады. Өкпе капиллярларында қандағы СО2 өкпеге, ал өкпеден қанға О2 өтеді. Газдардың алмасуы кіші шеңбердің қантамырларындағы қан ағысының жылдамдығына байланысты.

Қантамырларының үлкен шеңберінен қан өкпеге бронх артерияларынан келеді. Бұл тамырлардың капиллярларында өкпе мен қан арасында заттар алмасады. Бронх артериялары арқылы өкпеге минутына қантамырларының кіші шеңберінен өтетін қан мөлшерінің 1-2%-тейі ғана келеді. Өкпенің қантамырларын жұлдыз тораптан шығатын симпатикалық жүйкелер, адреналин тарылтады, ал ацетилхолин тамырларды кеңейтеді.

Осыған орай жастарда жүректің соғу жиілігі мен жиырылу күші жоғары болады. Бірақ акселерацияға (сұңғақтылық) байланысты жүректің өсіп-дамуы дененің дамуына көп көшігуінен оған түсетін ауырлық шамасынан жоғары болады және тежелу тетіктері жетілмегендіктен жүректің жауабы жұмыс ауырлығына сәйкес болмауы мүмкін. Бұл шақта жүрек ауруы жиі кездеседі. 30-40 жастан жүрек, тамырлар құрылымында кәрілікке тән өзгерістер басталады. Біртіндеп ет талшықтарының серпімділігі төмендейді, ет тінінің орнына дәнекер тіні өсе бастайды. Жасушалардын ішіндегі, нәзік құрылымдарының жаңаруы баяулайды. әсіресе митохондрийде жаңару қарқыны төмендеп миокардта қуат жеткіліксіздігі туады. Еттін созылмалық қасиеті төмендеуіне байланысты гетерометрлік жиырылу бұзылады. Жүрек қуысы кеңеюі мүмкін. Тежелу үрдісі нашарлауына байланысты тахикардия кездеседі. Қан тамырларындағы серпімді тіндер 30-40 жастан 5-10% азаяды, коллагендер қатаяды, кальций тұздары жиналады. Сөйтіп, тамырлардың серпімділігі төмендейді. Кальцийдің мөлшері, әсіресе 60-65 жастан кейін көбейеді. Осы кезде қолқа серпімділігі төмендеу себепті кеңеюі мүмкін. Бұдан кейін тамырлар қабырғасына холестериннің жиналуына атеросклероз дамып тамырлар тарылады және қатаяды. Адамдарда атеросклероз дамуына байланысты тәждік тамырлардың шамасыздығы басталады.

Артериялық тамыр соғу толқынының таралуы шапшандайды, егер бұл 25 жасқа секундына 4,5-5 м болса, ал 40-45 жаста секундына 10 м. Пульстің жиілігі 3 жасар балада минутына 100 рет болса, 25-жасқа дейін сирей бастайды. 25-60 жас арасында бір қалыпты болады да, 60-тан кейін қайта жиілейді. Пульстің анакроталық көтерілу биіктігі төмендеп, дикротикалық іс білінер –білінбес болады да, катакротаның жоғары жағына қарай ығысады. Кәрі адамдарда ашық капиллярлардың,яғни олардың қанайналымына қатысатын саны азаяды. Капиллярлардың заттарға өткізгіштігі бұзылады.

Тамырлардың барорейепторлардың сезімталдығы төмендеп, хеморецепторлардың ацетилхолинге, адреналин, гипертензинге сезімталдығы күшейеді. Бірақ химиялық заттардың әсері көп қайталатын болса, онда хеморецепторлық рефлекстердің әсері төмендейді.