Адам ауруларының пайда болуы мен таралуына әсер етуші факторлар

Адам денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі ,көптеген отандас және шетел ғылымдарының негізгі пікірлеріне қарағанда денсаулық туралы ілім жаңалықтарына адамдардың бимағұлымдығына және немқұрайлығына да байланысты.Сонымен бірге аурудың алдын алудың 1-ші деңгейдегі бірегей амалдар жүйесі жұмысыныңедәуір нашарлануына әкеп соқты.Баршаға мәлім болғандай ,медицина ғылым туғаннан бері,оның басты мақсаты-адам денсаулығын сақтау және нығайту,ал ауруларды емдеу-медициналық доктринаны 2-ші бөлімін құрастырады деген аңыздарға ден қойсақ,көне шығыс әміршілері денсаулық сақтауды өте дәріптеген.Өзінің сарай емшілеріне тек дендері сау болған күндерінде ғана жалақы төлеген.Қай заманның болмасын медицина кемеңгерлері денсаулықты табиғат тартқан кереметсый ретінде бағалап,денсаулықты сақтауға көп мән берген.Алайда медицина қаншалықты көне болғанымен осы ғасырдың алғашқы он жылдығына дейін «Денсаулық» деген ұғымның ғылыми анықтамасы болмаған.1903 жылы Халықаралық медицина конгресінде И.П.Павлов «…өкінешке орай бізде әлі күнге дейін организмнің негізгі приципі-денсаулық деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкілік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ…» деген.Ол кезеңнен бері жағдай біршама өзгерді.

Әр түрлі себептер әсерінен медицина емдік,госпиталдық,емханалық соңғы он жылдықтар бойында ықшам мамандандырылғансипат алып келеді.Медицина қазіргі кезде негізінен денсаулық туралы емес ,аурулар хақындағы ғылымға айналып бара жатыр.Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан да орын алған.Онда былайша жазылған:» Медицина»-ежелден адам ауруын емдеп,алдын алудымұрат етіп,келе жатқан ғылым.

Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі және сондай ақ сыртқы себептермен бірге әркімнің өзінің және әлеуметтің ,мемлекеттің денсаулығына деген кемел, ұтымды да, төзімді көзқарастарына байланысты.

Жер шары халықтарын әлеуметтік-гигиеналық тексеріске алу нәтижесінде жинақталған көп құжаттарды талдағаннан кейін ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мынадай қорытындылар жасады:»Тұрғындар денсаулығының қалпы-49-53 %шамасында ,өмір сүру салтына байланысты ,бір сөзбен айтқанда ,өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты,17-20 %шамадан тыс ортаға ,18-22 % тұқым қуалайтын себептерге ,жеке бас ерекшеліктері және т.б.,сонымен тек 8-10 % денсаулық сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты.

Денсаулық-физикалық,психикалық,рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.Бүкіл жер жүзінде халық денсаулығының күрт түсуі,денсаулықтың көптеген демографиялық көрсеткіштерінің төмендеуі денсаулық туралы жалпы және кең ғылымның қалыптасуына себепкер болды және қай жастағы болмасын барлық адамдардың валеологияның негізін білу қажеттігін тудырды.Денсаулық ,қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас.Қалып-днеі сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері.Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады.Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбәр жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады.Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады.Бірақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір-бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін.Өйткені ,олардың жыныстық,кәсіптік,тұрған жерінің ,өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады.Орташа көрсеткіштерді анықтағанда айырмашылықтарды есепке алған жөн.Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» ұғымы тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.Денсаулыққа залал келтіретін факторлар.