Микроэлементоздардың жіктелуі, ағзаларға әсер ететін қолайсыз заттар, денсаулық үшін органикалық және бейорганикалық заттар

Ландшафтарға техногенез факторларының тигізер әсерін анықтау геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болған соң қарқындап дами бастады. Табиғи комплекстер табиғи-техникалық жүйелер құрамында техникалық элементтердің тікелей әсер етуі нәтижесінде өзгереді. Табиғи комплекстер мен өнеркәсіп объектілері арасындағы байланыс табиғи, табиғи-техникалық және техникалык жүйелер арқылы іске асады. Мұндай жағдайда табиғи элементтердің құрылымы өзгереді, өйткені табиғи элементтер толығымен немесе жекелеген компоненттері жасанды түрлермен ауысады. Табиғи процестер бәсеңдейді немесе керісінше үдейді.Техногенез қалдықтары әр түрлі болғандықтан, табиғи ортадағы ыдырауы олардың шығу тегіне және ортаның ландшафтық-геохимиялықерекшелігінебайланысты.Өйткені бірде техногенез қалдықтары ортада ұзақ уақыт сақталады, сөйтіп сандық мөлшері өсіп, табиғи жүйенің тұрақтылығынан артып кетеді. Мұндай жағдайда олар биологиялық айналымға қатысып, тірі организмдерге зиянды әсер тигізеді. Келесі жағдайда сандық жағынан да сапалық жағынан да бірдей техногендік қалдықтар табиғи геохимиялық процестер нәтижесінде тез өңделіп, улы қасиеті жойылып, үлкен аймаққа таралады. Ал кейбір жағдайда бастапқыда қозғалмалы болған техногендік қалдықтар белгілі бір ландшафтық-геохимиялықтосқауылдарда тұрақты инертті формаға ауысады да, мигра-циялық ағын шеңберінен шығып қалады, яғни биологиялық айналымға қатыспайды. Мұндай жағдайда табиғи ландшафт техногенез қалдығынан тез тазарады, тұрақтылығы артады. Яғни, техногенез қалдықтарының ыдырау немесе шоғырлану, өзгеру мен айналымға қатысу қасиеті ландшафтық-геохимиялық жағдайдың табиғатына байланысты.

Құрлықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық-геохимиялық жүйелердің (ЛГЖ) жиынтығын құрылымы мен даму ерекшелігіне қарай бірнеше болжамалы топтарға жіктейді Болжаудағы негізгі мақсат — техногенез заттарының тірі организмге тигізер әсерінің деңгейін анықтау. Кез келген типке жататын ландшафтық-геохимиялық жүйелер мына көрсеткіштер бойынша ұқсас болу керек:

1) геохимиялық тұрақтылық деңгейі, яғни геохимиялық процестердің өздігінен орнына келуі мен техногенез қалдытарынан тазаруы;

2)егер техногенез қалдықтары нормадан артық болса, онда техногендік геохимиялық ауытқулар (аномалиялар) және олармен байланысты топырақ пен өсімдік жамылғысындағы, жер асты, жер беті суларындағы, биоценоздар өнімділігіндегі өзгерістер ұқсас болу керек.Технобиогеомалар белгілі бір географиялық зандылықққа бағынады, сондықтан да оларды картаға түсіріп, ландшафтық-географиялық аудандастыруға мүмкшшілік бар.