Адамның биохимиялық эндемиясы

Өкпе деструкциясы. Өкпенің күрт қабынуының (пневмониялық) ең ауыр түрі – өкпенің бактериялық деструкциясы. Өкпе деструкциясы 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі.Бұған кішкене баланың негізінен тыныс жолдары ішкі қабатының нәзіктігі, тез ісініп, ауаны тазалау мүмкіндігінің әлі толық қалыптасуы, кеуденің нашар керілуіғ кеуде қуысы диафрагмасының толық қалыптыспауы сияқты анатомиялық ерекшеліктері, сондай ақ нәрестенің орталық нерв жүйесі клеткаларының функциялық қызметінің жетімсіздігі себепші болады.

Өкпенің күрт қабындыратын қозғыштар микробтар.Бұл ауруды 80 % ға дейін стафилакокк микробы қоздырады екен.

Стафилакокк микробының мынадай түрлері бар: ақ стафилакокк. алтын түсті стафилакокк, күлгін түсті стафилакокк.Организмге стафилакокк түрлі у мен ферменті арқылы әсер етеді.Ол улы заттар гемолизин – ақ қан түйіршіктерінің құрамын бұзады, энтеротоксин – ішектердің ішкі кілегей қабатына әсер етеді.

Осы улы заттармен бірге стафилакокктен бөлінетін коагулаза ферменті – қан түйіршіктерін ұйытады.Содан соң қан тамырларынан қанның жүруі нашарлап, өкпенің қабынуын барынша тездетеді.Өкпе стафилакокктен қабынғанда тез шіриді.

Өкпе деструкциясын анықтау жолдары. Өкпе деструкциясы көбінесе күрт басталады.Бұл аурудың өзіне тән бірнеше клиникалық айқын белгілері бар.Оларға ең алдымен тыныс алудың нашарлауы, дененің улануы, бауырдың ісінуі, асқа тәбеттің болмауы жатады.

Өкпе деструкциясын емдеу жолдары. Өкпе деструкциясын негізінен Т.П.Краснобаевтың енгізген үш принипі бойынша емдейді.

  1. Микроорганизмдерге қарсы күрес.
  2. Организмнің өз мүмкіндігін көтеру.
  3. Қабынған жерді хирургиялық әдістермен емдеу.

Микроорганизмдерге қарсы күрес. Микроорганизмдерге қарсы күрес алдымен антибиотик дәрілер қолданылады.

Организмнің өз мүмкіндігін көтеру.Өкпе деструкциясын емдегенде улы заттарды шығару үшін қанға құйылатын дәрілер көп мөлшерде қолданылып, бүйректен зәр шығару процесі күшейтіледі.

Хирургиялық әдістермен емдеу екі түрлі жолмен қолданылуы мүмкін.Ол А.Т. Пулатовтың әдісі ауырған өкпе ішінде инемен новокаинге қосылған дәрі енгізуге негізделген.Алайда бұл әдіс айтарлықтай қолдау тапқан жоқ.

Екінші әдіс – А.М.Шамсиев енгізді.Ол тәсіл бойынша өкпенің қарайған жеріне жуан ине арқылы жіңішке түтікше қойылады.

Кіндіктің қабынуы (Омфалит). Нәрестенің кіндігі түскен соң оның орнына яғни кіндіктің шұқыры мен қоршаған тканьдарына микроб түссе қабынып кетеді.Қабынудың 3 түрі болады.

  1. Қарапайым – кіндігінің орнынан ұзақ уақыт сарысу ірің аралас ағып суланып жүреді.Кейде қабыршықпен жабылып қалады. Қабыршығын алса астынан жазылып келе жатқан жара көрінеді.Кейін осы құбылыс қайталана береді.
  2. Дүмпіп қабыну – кіндік шұқырының айналасы қызарып, ісініп кетеді.Тұбінде беті фибринозды қабыршықпен жабылған, айналасы қап қатты болып белдеуленген ойық жара (язва) пайда болады.
  3. Шіріп қабыну – құбылысы тек теріге жайылып қана қоймастан, тереңдеп қарынның алдыңғы бетіндегі етті қабатты да ірітіп шіріте бастайды.

Есте сақтау қабілеті – адамның ғажайып рухани байлығы. Адам көргенін, естігенін сол сәтте ұмытып қалса, онда тіршілікте ешқандай мағына болмас еді.

Адамның есте сақтауы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сақтау болып екіге бөлінеді.Әрбір информация әр секунд нерв клеткаларына келіп, оның талшықтарымен тұйықталып отырады.Бұл – уақытша есте сақтау тәсілі.Әрі қарай өте кұрделі физиологиялық өзгерістерден кейін барып ұзақ есте сақтау процесі қалыптасады.

Ұзақ есте қалдыру үшін қажет нәрсені уақыттың қанша кеткеніне қарамастан алдымен түсініп алу керек, ал жай жаттап алудан аулақ болған жөн.

Есте сақтаудың да неше түрі болады. Олар: естігенді, көргенді, көзге елестету, қозғалысты есте қалдыру.