Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтары

Жануарлардың ылғалдылыққа бейімделуі.Жануарлар ағзасы суды: ішу, шырынды қоректі жеу және органикалық заттарды қорыту арқылы қабылдаса, терлеу, несеп және қорытылмаған органикалық қалдықтар арқылы шығарады.Осы қарым-қатынастағы су тепе-теңдігі сақталып тұруы қажет. Суды қабылдамай немесе денесінен артық шығару ағзалардың тіршілігін қиындатады, тоқтады. Мұндай жануарлар сулы жерде өмір сүреді немесе мезгіл-мезгіл суаттан келіп, сусындап тұрады. Мысалы, Африка саваннасындағы пілдер, киіктер т.б. аңдар әрқашан суатқа келіп жүреді.

Суға бейімділігіне қарай жануарларды гигрофильді,ксерофильді және мезофильді топтарға бөлінеді. Жануарлар ағзаларындағы тепе-теңдігін сақтау, тіршілік жағдайын өзгерту,морфологиялық және физиологиялық жолдар арқылы реттеледі.Кейде ін ішіндегі ылғалдылық 100%-дейін жетуі мүмкін.Сондықтан шөл, шөлейт жерде мекендейтін кеміргіштер т.б. жануарлар құрғақшылық мезгілде індер қазып, сонда сауғалайды. Бұл экологиялық топқа жататын жануарлардың: қоңыздар, ұлу, бауырмен жорғалаушылар, т.б. денесі қабдыршақтармен, мүйізді қабықтармен қапталу арқылы судың булануын кемітіп отырады.

Егер адам денесіндегі судың 10%-нен айырылуы қауіпті болса, ит -17%, қой-23 %, Ал түйе27%-ке дейін шыдай алады. Көптеген шөлейт жауарларының нәжісі құрамындағы су ішекке қайта сіңірілуіне байланысты қатты болады.Сондай-ақ көптеген насекомдардың зәр шығару мүшесі-мальпигі түтіктері ішекке ашылады, сондықтан ішек арқылы артық су құрамы қайта сіңірледі.

Жанурлардың жарыққа бейімделуі. Жарық жануарлар тіршілігі үшін маңызды рөл атқарады. Әр түрлі жануарлар жарықтың әр түрлі спектр құрамына, интенсивтігіне және оның әсер ету ұзақтығына жауап береді. Сондықтан да ,жануарлардың жарыққа бкейімделуәне байланысты әр түрге бөлеміз: жарық сүйгіш фотофильді, қараңғы сүйгіш фотофобты, эврифотты –жарықтың әсер ету диапазоны кең түрде қабылдайтын жануарлар, стенофотты –жарық күшімен әсеріне көп төзбейтін организмдер.

Жануарлар өзінің көру мүшелері арқылы сыртқы ортада өзінің жауларынан қорғанды,қоректік тамғын іздеп тауып жейді және әр түрлі заттардың сыртқы пішінін,оның түсін,түрін айыра біледі.Мысалы,көптеген омыртқасыз ағзалардың көздері қарапайым тек жарық сезгіш клеткалардан тұрды,олардың барлығы пигмент қоршап тұрады.Заттың бейнесін толық көріп қабылдау үшін көру оргнының құрылысы күрделі болуы қажет.Мысалы,өрмекшілер 1см қашықтықтағы қозғалып бара жатқан заттың тек контурын ғана ажырыта алады.

Омыртқалы жануарлардың көру мүшелері жақсы дамыған.Жарық күшінің мезгілдік өзгеруі жануарлардың географиялық таралуына көп әсерін тигізеді.Мысалы,көптеген құстар мен сүтқоректілер полярлық ұзақ күндерде жоғарғы белдеулерде тіршілік етеді,ал күз болғаннан бастап,күн қысқара бастысымен олар оңтустікке ауысады.

Жарық факторы жануарлардың морфологиясына,физиологиясына және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізеді.Мысалы,көптеген құстар мен сүтқоректілер полярлық ұзақ күндерде жоғарғы белдеулерде тіршілік етеді.Осындай жарықтың өзгеруіне организмдерде бейімделу процестері пайда болады.Осындай организмдердің күн мен түннің өзгеруіне байланысты жарықты өзгеру процесін қабылдау қасиетін фотопериодизм немесе фотопериодтық өзгерістер деп атаймыз.

1.Жануарлардың температуға бейімделуі.Жануарлар өсімдіктерден айырмашылықтары олардың тірек-қимыл жүйесінің қаңқа ,бұлшық ет дамуы биохимиялық процестердің белсенді жүруі арқасында көп энергия бөлінуі болып табылады.Сондықтан жануарлар өз денесіндегі температура тұрақтылығын сақтай алады. Жануарлардың температураға бейімлігі бірнеше жолдары болады:

Химиялық жылу,реттеу жолы.Сыртқы орта температурасы төмендеген жағдайда өз денелерінде жылу шығару процестері жүреді.Оған органикалық заттардың тотығуы және АТФ-тің ыдырауы жатады.

Физикалық жылу,реттеу.Дене температурасын өзінде сақтау немесе сыртқы ортаға көптеп шығару жатады.Жануарлар анотомиялық және морфолгиялық құрылыстарына сәйкес өз денелерінде температурасын ұстай алады немесе сыртқы ортаға шығара алады,оған денесін қаптаған жүндер,қауырсындар,тері асты май қорларының орналасуы,қан тамырларының құрылысы т.бт жатады.

Өмір сүру ортасын және мінез-құлқын өзгерту көптеген жануарлардың теммпература өзгеруіне бейімделетін негізгі қасиеттері болып табылады.

Бергман ережесі (1847ж) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылу қанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.

Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес,бетінің ауданына тура пропорцонал болады.

Неғұрлым жануарлар ірі және денесі шағын болған сайын оған темпертураны ұстап тұру жеңіл.Ал неғұрлым жануарлар ұсақ болса,оның салыстырмалы ауданы жоғар ы және жылу жоғалтуы да ,зат алмасу деңгейі де,энергия жоғалтуы да жоғары.

Аллен ережесі (1877ж) бойынша днен температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.Мысалы,экологиялық жағынан бір-біріне жақын мына түрлердің құлақтарының мөлшерін салыстырсақ,тундрада мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа,Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен.