Табиғи жағдайлар және олардың тұрғын халықтың денсаулығына әсері

Бейімдеушілік – сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі.Ол жасушалық , ағзалық, жүйелік, организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әркетінің барлық түрін көрсетеді.Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе бейбарабар келеді.Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақмерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты.Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жойды.

Ғылым мен техника жедел дамыған сайын , адамның шаруашылық және өндірістік іс – әрекетінің өрісі кеңейіп, жаңа істер, мекен – жайлар игеруіне мүмкіндік туып отыр.Алайда табиғат және өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге жағымсыз әср ететін төңіректің қолайсыз түрткілері жиі кездеседі.Бұлар төтенше (Экстермальдық)немесе шамадан тыс тітіркендіргіштердің қатарына жатады.

Төтенше түрткілер (экстремальдық) физикалық, химиялық, ақпараттық, мағыналық (семантикалық) және биологиялық болып 5 топқа жіктеледі.Ортаның үйреншікті физикалық (қысым, климат, маусым,космос жылылық, сәулелену) және химиялық (ауаның, тағамның құрамы, газдардың мөлшері) түрткілері әдеттен тыс әсер еткенде, олар организмде төтенше жағдайлар туғызады.

Орасан түрткілер – гравитациялық (салмақсыздық, әсірсалмақтық) және ақпараттық (қосындық, құрамалық, жағдайлық) негіздерден тұрады.

Адамның күнделікті тіршілік жағдайларына ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған нмесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды.

Қазіргі кезде адам жасынан және өмір бойы ақпараттық жүктемеге ұщырайды.Сондықтан ол үнемі бейімделу әрекеттерінің қауырттығын талап етеді.Бұлар арнайы өндірістік іс әрекеттің шараларымен қосылып, адамның психика саласында зорланыс және бейімделіс олқылықтарын тудырады.

Мағыналық төтенше түрткілер жеке адам басына немесе ұжымға қауіп қатер төнгенде, апат жағдайларында пайда болады.

Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру ,ұзақ уақыт ұйықтамау, аштық және т.б. жатады.Осыған орай адамның бейімделіс негізін тіршілік және әлеуметттік тетіктері жасайды.

Организм осы жағдайларға бар мүмкіншілігіне өзінің құрылымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи ортадағы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын Акклиматация деп атайды.Ол бейімделістің жеке түрі болып табылады.

Бейімделістің түрлері.

Қазір бейімделістің әр алуан түрлері болғанымен , көпшілік мақұлдаған топтары жоқ.

Бейімделістің мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді.Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің «авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделістің бастапқы кезінде , жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің әрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің әсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті , мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның суықтыққа, тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.

Жеке организм деңгейінде бейімделістің төмендегідей түрлерін ажыратады: туа біткен, және жүре пайда болған, жеке және қауімді (түрлік) , жалпы және маманданған, арнамалы және бейарнамалы, ішкі және сыртқы , шартты және шартсыз , қалыпты және төтенше, морфологиялық (құрылымдық) және физиологиялық (тірліктік) , соматикалық (тәннің) және психикалық (жанның) т.б.

Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерісіне дені сау адамның бейімделісі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жұзеге асырылады.

Физиологиялық бейімділіс деп әрекетік жүй, ағза, тіндер белснділігімен өзара байланысын реттеуші тетіктердің орнықты деңгейін айтады.Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына , дамуына , қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттрдің қайта құруына келіп тіреледі.Сонымн бірге ортаның өзгерген жағдайларында адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілетінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделістің көрнекті белгілері болып саналады.

Физиологиялық бейімделіс жағдайын талдағыштар жүйесін тітіркенудің табалдырық күшіне және қарқынына икемделу қасиетінің өзгеруінен байқауға болады.

Құрылымдылық бейімделістің негізін жасушалық бейімделіс түзеді.Жасшалық бейімделіс деп қоршаған орта жағдайларына, аман қалу және қайта жақсару үшін олардың икемделуін айтады.Ол организмдік бейімделістің бастапқы кезеңі болып саналады.

Жасушалық бейімделісті шамамен генотипті және фенотипті деп екіг жіктейді. Генотипті (тектұр) бейімделіс шыдамды, бірақ жасушаларды іріктеу нәтижесінд пайда болады. Фенотипті (белгітүр) бейімделіс залалды түрткілерге қарсы қорғанып әсерленісі ретінде туады.Ол тітіркндіргіштердің қарқыны мен мерзіміне байланысты болады.Сондықтан бейімделістің ұзықтығы және жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.

Организмнің фенотипті икемделісін даралама бейімделіс деп те атайды.Ол ортаның белгілі түрткілеріне бұрын болмаған тұрақтылықты және алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша шешу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Мұнда ең әуелі осы нақтылы түрткіг жауапты әрекеттік жүйелер , одан кейін жалпы әрекетік жүйелер жұмылдырылады.Соңынан жалпы бейарнамалыстреске қарсы жүйелер іске қосылады.Даралама бейімделістүрлік икемделудің құрамына кіріп, оның дамуына әсер етеді.Бұл – популяциялық бейімделіс тұқымқуалаушылық арқылы жеке организмдерге беріледі.