Медициналық география әдістері

Адам денсаулығы негізінен оның мүшелерінің жеткілікті мөлшерде қанмен қамтамасыз етуіне байланысты.

“Дене қимылынсыз- тіршілік болмайды”- деп бекер айтпайды. Адамның өмір сүруі оның үнемі қимыл-әрекетіне байланысты. Осының нәтижесінде адам еңбек етеді, спортпен шұғылданады, айналадағы ортаны танып, зерттейді. Дене еңбегі кезінде бұлшықеттердің, ішкі мүшелердің жұмысы артады, қанайналым жылдамдап, олардың қоректенуі мен дене қызметі жақсарады. Жүректің жұмысы қантамырлар жұмысымен байланысты, сондай-ақ қан тамырларының қызметі, бұлшықеттің механикалық әсерінен және зат алмасудан жақсарып отырады. Ой еңбегімен шұғылдану барысында үзіліс жасап, дене еңбегімен, спортпен және үй шаруасымен шұғылданып отырса, адамның еңбек ету қабілеті артып, өзін сергек сезінетін болады. Себебі миға оттегі және қоректі заттар жеткілікті келеді.

Адам жұқпалы аурулармен (өкпе қабынуы, баспа) ауырғанда және ас қорыту мүшелерінің, жүректің жұмысы бұзылғанда ауыр науқасқа ұшырайды. Сондықтан жүрек ауруының алдын алу үшін осы ауруларды болдырмау қажет. Аса қауіпті және кең тараған ауру түрлерінің бірі-буын сырқырамасы. Ол тірек-қимыл мүшелерін ғана емес, бұлшықет, сүйек және қиын жүйке жүйесін зақымдап қана қоймай, жүрек жұмысын да бұзады. Тұмаумен ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде , түшкіргенде басқа адамдарға жұғуы мүмкін, мұндай жағдай бір партада отырған оқушылар, бала бақшаларында, өндіріс орындарында және тар бөлмеде тұратын үйелмендер арасында жиі байқалады.

Жүрек ревматизмімен зақымдағанда адамның дене қызуы көтеріледі, тізе буындары ісіп, қатты ауырады, әлсіздік байқалып, терлегіш келеді. Ұйқысы бұзылады және асқа тәбеті тартпайды. Баланың ревматизмге қарсы тұратын иммунитетінің мықты болуы ата-аналарының денсаулығына, үйелменнің тұрмысына, дұрыс тамақтануға, тазалыққа байланысты. Гигиеналық жағдай жақсы болса, денешынықтырумен және спортпен шұғылданған адамдар ревматизммен өте сирек ауырады. Адам ревматизм ауруынан дәрігер емдегеннен кейін де толық айығып кете алмайды. Бұл өте қатерлі, қауіпті аурумен күресу үшін медицинаға мемлекет, қоғам және адамдардың өздері белсенді жәрдемдесуі қажет.

Ауруларды емдеу үшін жақсы жабдықталған емханалар салыну керек. Осылардың таза болып,жұқпалы аурулардан сақтану барлық адамдардың міндеті. Ревматизм ауруымен көбінесе көбінесе оқушылар және жастар ауыратын болғандықтан, олардың арасында гигиеналық ережелерді орындауға сай тәлім-тәрбиелік, насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отыру қоғам ұйымдарының міндеті. Әрбір адам қоғамның белсенді мүшесі, оның денсаулығы біздің мемлекетіміздің байлығына қосқан үлесі болып табылады. Сондықтан әр адам ауруымен күресіп, денсаулығын сақтап, еңбек өнімін арттарып отыруға міндетті. Олай болса, ол аурудың алдын алу тәсілдерін меңгере отырып, денсаулықты сақтауға қамқорлық шараларын жасайды.Адам үй-тұрмысын, оның тазалығын сақтап, жақсы тамақтанып, еңбекті дұрыс ұйымдастырып, өне бойы денешынықтырумен және спортпен шұғылдануға әдеттенуі қажет. Бұлар адамның табиғи иммунитетін арттырады. Тынысалу мүшелерінің жолында жұқпалы аурулардың микробы жиналмау үшін, денені күнде сулы орамалмен ысқылап, себезгіге, хауызға, өзенге, көлге және теңіз суына түсіп, шынығу керек. Адам денсаулығына таза ауада қыдыру, топсеруен, экспедиция жасау өте пайдалы.

Темекі түтіндегі өте көп улы заттар адам ағзасына зиянды әсер етеді. Олардың ішінде қауіп туғызатыны-никотин заты. Никотин қан тамырларын тарылтады және ең алдымен жүрек бұлшық етінің қанмен қоректенуін нашарлатады, қозу әрекеті үзілістермен өтеді (ол электрокардиограммадан байқалады), сөйтіп жүрек жұмысы нашарлайды, түрлі жүрек аурулары пайда болады. Темекі тартқан жас өспірімдердің еске сақтау қабілеті төмендейді және ұмытшақтық пайда болады, бойы аласа әлсіз болып өседі. Темекі ағза мүшелеріндегі қанайнламды бұзады.

Спирт ішімдігімен айналысқан адамның ағзасы алкаголь деп аталатын улы заттан уланады. Алкаголь қанға тез әсер етеді және бүкіл ағзаға таралады. Алкаголь эритроциттерді бұзады, сөйтіп оттегіні нашар тасымалдайтын болады. Осыдан бас және жүрек ауруы пайда болады , қан тамырларының жұмысы нашарлап, қан кетеді. Жүректің соғуы жылдамдап, тынысы тарылып, жүрек бұлшықетінің қызметі бұзылады, адам еңбек ете алмай, тез шаршап-шалдығады, мидың жұмысы бұзылады. Адам ақылынан айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді.

Спирт ішімдіктерін пайдалану жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады.

Туберкулез микробтан жұғады. Туберкулез таяқшасы ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде 1-2 метрге сілекейімен шашырап,микробы ауаны ластайды. Сау адам тыныс алғанда бұл микроб мұрын қуысына енеді де, өкпесіне еніп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де , одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді, дене қызуы кешке қарай 37-37,7 градусқа дейін көтеріледі. Туберкулез таяқшасы науқастың ас ішетін ыдысынан , сүлгісінен , төсек-орнынан да жұғады. Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның ағзасына байланысты. Егер микробқа қарсы күресетін күш, яғни иммунитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бұзылмайды.

Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып, микробтың ауаға таралуына жол бермеуі қажет. Қақырықты кішірек шыны сауытқа жинап, топыраққа төгіп тереңірек тастаса, ол оның адамгершілігін, үлкен мәдениеттілігін көрсетеді. Ауруды дәрігер ғана емдей алады.

Бөлмені, киімд , үйдің маңайын, көшені таза ұстау – аурудың алдын алу жолдарының бірі.

Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше . оның себебі мұрын қуысында талып жатқан иірімдер болады. Олар ауаны жылытады. Суық күндері суық тиіп аурудан ақтайды. Ауызбен тынс алғанда суық ауадан тістің кіреукесі бұзылады . сондықтан мұрынмен тыныс алу тісті бұзылудан қорғайды өндіріс орындарында желдеткіш , шаң-тозаң ұстағыштар орнатады . үйдегі шаң-тозаңды сулы шүберекпен сүртіп отыру керек.