Континенттердегі су қоймалар және ребионттар экологиясы

Су қоймаларының өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін организмдер жиынтығына да көп байланысты, себебі олар осы табиғи процеске тікелей ауқымды үлес қосып отырады. Мұхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың (фитопланктон, зоопланктон, бактериопланктон) сүзіштік қабілеттеріне байланысты келеді. Мысалы, осы планктондар арқылы өздігінен Байқал көлінің жылына 60 км куб суы тазаланып отырады.

Өзеннің гидрологиялық режимі көпжылдық, маусымдық және тәуліктік құбылмалығымен ерекшеленеді.

  • су деңгейі, 2)сулылығы, 3) мұздық көрсеткіші, 4)судың температурасы, 5) ағыспен тасылатын қатты заттардың мөлшері мен құрамы, 6) еріген заттардың шоғырлануы мен құрамы, 7) өзен арнасының өзгеруі.

Өзен арналарында оның гидрологиялық режимі әсер ететін гидротехникалық ғимараттардың бар-жоғына қарай реттеліп, табиғи немесе тұрмыстық редимдерге жіктеледі.

Гидрологиялық режимнің сипаттамаларының ішінде ерекше орын алатыны — өзендердің ағындысы. Ол су мөлшерінің дәрежесін, энергиялық су қорларын және осы аймақ көлеміндегі су жолының шамасын сипаттайды.

Өзендердің қоректенуі. Атмосфералық жауын-шашындар ғаламшардағы өзендердің негізгі қоректену көзі болып табылады. Жаңбыр және көктемгі қар суының бір бөлігі суланса, ал екінші бөлігі алаптың бетімен өзен жүйесіне жиналады. Біраз бөлігі топырақ пен грунтқа сіңеді, жер асты суларының қорын молайтады. Өзен арна аңғарымен жерді жауын-шаю арқылы терең детіп, жер асты су қабатын қоректендіреді. Биік таулы және полярлық аудандарда өзендер жоғарыда көрсетілген қоректену көздерімен қоса мұздықтар мен мәңгі қарлардың суымен де қоректенеді. Өзендердің көпшілігінде негізгі қоректену көзінің рөлін көктемгі қар суы атқарады.Бұл қоректену көзі Батыс Сібір, Орта Сібір қыраттары, Қазақстанның, Орыс ойпатының көптеген өзен алаптары, Сібірдің солтүстік шығысы және т.б. аудандар жатады. Жаңбыр суымен қоректену бұрынғы КСРО-ның Еуропалық бөлігінің батысы, Карпат аймағы, Қырымда, Кавказдың Оңтүстік батыс бөлігі сонымен бірге қиыр шығыс аудандарында басым келеді. Өзендердің жылдық ағындысындағы жер асты суларының үлесі біркелкі емес. Орман белдемінде 40-60%-те, шөлейт аудандарда 0-10%-ке дейін. Біріңғай физикалық, географиялық жағдайында жер асты суларының қоректену үлесі су алабының ауданының өсуіне қарай көптеген су қабаттарын дренаж жасау арқылы біртіндеп көбейеді.

Өзен қорегінде климаттың рөлін және оның режиміне әсерін алғаш рет ғалым А.И.Войков зерттеп, «өзен-климат пен алаптың жемісі»- деп жазды. Қазіргі кезеңде өзендер мынадай биік, кең көлемде бағасын алды: «Өзендер географиялық ландшафтың дамуының жемісі» яғни климаттың жетекші рөлі айырықша және климаттан өзге жер береді, алаптың геологиялық құрылысы, олардың топырағы, өсімдік қызметінің маңызы атап көрсетілген.

Өзендердің ағындысының режимінде бірқатар өз сипаттамасы бар мерзіммен (фазалар) ерекшеленеді. Олар қоректену жағдайының өзгеруіне тәуелді: 1) су тасу кезеңі, 2) тасқындар кезеңі, 3) судың сабасына түсу кезеңі.

Су тасу кезеңі – жыл бойындағы ең көп сулылығымен, су деңгейінің биік әрі ұзақ көтерілуімен және әдетте, судың жайылымға шығуымен сипатталады. Басты қоректену көзіне тікелей бағынышты (жазықтық өзендері үшін – қар еруі, биік тау өзендері үшін қарлар мен мұздықтардың еруі, муссонды және тропикалық аймақтар үшін – жазғы ұзақ жаңбырлар бір климаттық белдеуде жататын өзендер үшін су тасу кезеңі тұрақты маусым сайын қайталанып, тек ұзақтығы мен күші өзгеріп отырады.)

Қалыптасу жағдайына байланысты су тасу кезеңі көктемде немесе жазда, көктем-жазғы болуы мүмкін.

Тасқын су жыл сайын қайталанбайды және тез әрі қысқа мерзімде су деңгейнің көтерілуімен сипатталады.Тасқындар ұзақ нөсет және қысқы жылымықта қар еру әсерінен қалыптасады. Кей жағдайларда (әсіресе кішігірім алаптар үшін) тасқынның биіктігі су тасуының биіктігінен асып түсуі мүмкін.

Судың сабасына түсуі кезеңі (межень) – су режимінің сулылығының аздығымен әрі су деңгейінің жер беті ағындысының күшті әлсіреуіне немесе доғарылуына байланысты төмеңгі қалыпта ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Бұл маусымда өзен негізінен жер асты суларымен қоректенеді. Өзендердің көпшілігінде жазғы және қысқы судың сабасына түсуі кезеңі болады.

Жазғы (жазғы-күзгі) судың сабасына түсу кезеңіне су тасу кезеңінің соңынан күзгі тасқындарға дейінгі уақыт, ал олар болмаған жағдайда – қысқы маусымға дейіңгі уақыт, яғни мұз қатқанға дейіңгі мерзім алынады. Жазғы судың сабасына түсу кезеңі орнықты, ұзаққа созылған, үзік-созық немесе тұрақсыз (мезгіл-мезгіл жаңбыр тасқындары үзіліп отыратын) болуы мүмкін.