Көлдердің трофтылығы

Көл — құрлықтағы ойыстарды толтыратын су аламсуы баяу табиғи су айдыны. Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 27 млн км2 (құрылықтың 1,8 %-ы) Қазақстанда ауданы 45 млн км2 48.262 көл бар. Көлдер барлық географиялықжәне биіктік зоналарда кездеседі. Олардың ішіндегі ауданы жағынан ең үлкені Каспий теңізі (371 мың км2), ең тереңі – Байкал көлі (1620 м) теңіз деңгейіне қарағанда ең жоғары (4400 м) биіктікте жатқан көл Тибеттегі Арпорт (Хорпа) ал Палестинадан өлі теңіз мұхит деңгейінен 395 м төмен жатыр.

— Қазақ шұңқырларының жаралуы жөнінен көлдер бірнеше түрге бөлінеді: тентоникалық, вулкандық, карстық, сиффузиялық (грунттың су шайған қабатындағы), термокрастың (еріген көп жылдық тоңындағы көлдер), өзендік көлге айналған ескі арна, теңіздік-теңізден бөлініп қалған шығанақтар, лагуналар көлтабандар; эолдық –жел үрлеуден пайда болған көлдер, бөгендер – жасанды көлдер.

Қазан шұңқырдың суға толған бөлігі яғни көл шарасы литораль (толқын әрекетіне түгел ұшырап отыратын саяз жағалық жағы) және профундаль (толқынның әсері түбіне дейін жетпейтін жағы) бөліктерден тұрады. Көлдердің қазан шұңқырлары бірте-бірте шөгіндіге толып түбі алғашқы ойлы-қырлы бедері тегістеле түседі. Түп шөгінділер кесек жыныстардан, химиялық және органикалық заттардан (сапропель шөгінді) тұрады.

— Көлдер жер асты және жер беті ағынымен, атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенеді; ал оның суы жер беті және жер асты арқылы көлден ағып шығатын ағынның әсерінен және ауаға буланудан азаяды.

Көлге жиналған су өзенге біртіндеп қосылып, оның ағымын реттеп отырады. Көлдердің басым көпшілігінде желдің әсерінен тұрақсыз ағыс туып отырады. Жеке су қабаттарындағы температураның әр түрлілігіне және ішкі толқуға байланысты көлдерде конвекциялық және динамикалық циркулациялар байқалады.

— Көл суының түсі көкшіл, жасыл, сары, кейде қоңыр (органикалық мөлшеріне байланысты) болады. Көлдер негізінен күн радиациясының әсерінен жылынады. Жылуды ең алдымен көл суының беткі қабаттары сіңіреді де, су араласқанда жылу оның төменгі қабаттарына тарайды. Климатты суың не қоңыржай аймақтарда көл температурасы жазда судың бетінен төмен қарай төмендейді. (тура стратификация) қыста керісінше (кері стратификация) жағдай байқалады. Көктем мен күзде көл суының барлық қабаттарында температура теңеледі. (гомотермия). Субтропиктік және тропиктік белдеулерде жыл бойы көлдер температурасы су бетінен түбіне қарай төмендеп отырады.

Көл суында газдар, суспензиялар, коллоидтер, мұздар, иондар болады. Климаты ылғалды өңірде тұщы (минералдануы 1 г/л-ге дейін), қуаң жерлерде тұзды, тұздылау және минералды көлдер (түгелдей ерітінді тұзға қаныққан) басым юолады.

— Көлдер организмдері планктонға (баяу жүзетіндер) пектонға (әрекетті жүзетіндер) және бектосқа (көл түбінде өмір сүретіндер) бөлінеді. Өсімдіктері фотозинтез жолымен органикалық зат құрайды, олардың көмегімен басқа органызмдер (автотрофты бактериялардан басқалары) өмір сүреді. Биологиялық ортаның дамуына қарай көлдер – эвтрофтық (организмдер мен өсімдіктерге бай бірақ организмдерге зиянды гуминдік қышқылдар көп) болып бөлінеді. Тұщы көлдер көлдер өзінің эволюциялық процесінде шөгіндіге толып, өсімдік басып, көлдер ылғалды климат жағдайында батпаққа ал тұзды көлдер құрғақ климат жағдайында сорға айналады.

-Көлдер балық аулау, су транспорты, жер суару, өзен ағынын реттеу электр станцияларды сумен қамтамассыз ету, тұз (ас тұз, сода, мирабилей) яғни шиналық балшық алу т.б. үшін пайдаланылады.