Көлдер және олардың минобионттар экологиясына әсер ететін абиотикалық факторлар

Қазақстанның су алабы шамамен 85мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері:

Соңғы жылдары бір қатар көлдер жүйесінің көбейуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі олардың деңгейлерінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр.

Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы (сала)- Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде металдардын ластанған.

— Көлдер жер асты және жер беті ағынымен, атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенеді; ал оның суы жер беті және жер асты арқылы көлден ағып шығатын ағынның әсерінен және ауаға буланудан азаяды.

Көлге жиналған су өзенге біртіндеп қосылып, оның ағымын реттеп отырады. Көлдердің басым көпшілігінде желдің әсерінен тұрақсыз ағыс туып отырады. Жеке су қабаттарындағы температураның әр түрлілігіне және ішкі толқуға байланысты көлдерде конвекциялық және динамикалық циркулациялар байқалады.

— Көл суының түсі көкшіл, жасыл, сары, кейде қоңыр (органикалық мөлшеріне байланысты) болады. Көлдер негізінен күн радиациясының әсерінен жылынады. Жылуды ең алдымен көл суының беткі қабаттары сіңіреді де, су араласқанда жылу оның төменгі қабаттарына тарайды. Климатты суың не қоңыржай аймақтарда көл температурасы жазда судың бетінен төмен қарай төмендейді. (тура стратификация) қыста керісінше (кері стратификация) жағдай байқалады. Көктем мен күзде көл суының барлық қабаттарында температура теңеледі. (гомотермия). Субтропиктік және тропиктік белдеулерде жыл бойы көлдер температурасы су бетінен түбіне қарай төмендеп отырады.

Көл суында газдар, суспензиялар, коллоидтер, мұздар, иондар болады. Климаты ылғалды өңірде тұщы (минералдануы 1 г/л-ге дейін), қуаң жерлерде тұзды, тұздылау және минералды көлдер (түгелдей ерітінді тұзға қаныққан) басым юолады.

— Көлдер организмдері планктонға (баяу жүзетіндер) пектонға (әрекетті жүзетіндер) және бектосқа (көл түбінде өмір сүретіндер) бөлінеді. Өсімдіктері фотозинтез жолымен органикалық зат құрайды, олардың көмегімен басқа органызмдер (автотрофты бактериялардан басқалары) өмір сүреді. Биологиялық ортаның дамуына қарай көлдер – эвтрофтық (организмдер мен өсімдіктерге бай бірақ организмдерге зиянды гуминдік қышқылдар көп) болып бөлінеді. Тұщы көлдер көлдер өзінің эволюциялық процесінде шөгіндіге толып, өсімдік басып, көлдер ылғалды климат жағдайында батпаққа ал тұзды көлдер құрғақ климат жағдайында сорға айналады.