Көлдер және оладың лимоноблоктар экологиясына әсер ететін абиотикалық факторлар

Көл деп жер бетіндегі суға толған, теңізбен тікелей байланысы жоқ су алмасуы шабан болатын Қазаншұңқырлар мен ойыстарды айтады. Бұл анықтамаға сүйенсек, Каспий Арал теңіздері секілді ірі су көздері де, сонымен бірге көктемгі қар суына толған сәл –пәл ойыстарды да көлдер қатарына жатқызуға болады. Жасанды түрде жасалған көлді бөген (су қоймасы) деп атайды.

Шағын бөгендерді және су өсімдіктері өсіп кеткен, саяз табиғи көлдерді тоғандар, әуіттер деп те атайды.

Көлдердің пайда болуы қазан шұңқырға келіп құйылған судың мөлшеріі /жер үсті және жер асты жолымен / ордан шығатын су шығынан (сіңу және булану) көп болған жағдайда жүзеге асады.

Көл қазаншұңқырының қалыптасу сипатына қарай бөгелген немесе тоғандалған, қазан шұңқырлы және аралас сипатты көлдер болып бөлінеді.

тектоникалық көлдер – жер қыртысының опырынды ойыстарында зілзала және басқа да тектоникалық құбылыстар кезінде пайда болды.

Әдетте бұл көлдер терең созылыңқы және ауданы үлкен болып келеді. Бұл топқа Каспий, Арал, Ладога, Онега, Байкал, Ыстықкөл, севан, Виктория, Тангоника, Эри, Онтарио, Мичиган және тағы басқа да көлдер жатады.

Вулкандық көлдер — өшкен вулкандардың өңешіне (кратер) су толуы арқылы қалыптасқан сондықтан да сұлбасы дөңгелек варонка тәріздес болып келеді. Камчатка, Курил аралдарында және Армян тауларында кездеседі.

Дефляциялық (золдық) көлдер – жер қыртысының ұсақ бөлшектерін желмен суырып әкетуінен пайда болған қазан шұңқырларда ойыстарда қалыптасады. Әдетте олар көлемі кішігірім, саяз болып, келіп, Арал – Каспий үстіртіндегі баркандар мен құм төбелерінің арасында кездеседі.

Корстық көлдер — әк тас тау жыныстары таралған аумақтарда қалыптасады. Себебі: әк тастар суда тез ериді. Бұл көлдердің қазаншұңқырлары кішігірім, сұлбасы дөңгелек кейде терең болып келеді. Көптеген корстық көлдер солтүстік Даугава алабында, Еділ –Онега су айрығында, нижный Новгүородаймағында Морий Башқұрт республикаларында территориясында кездеседі. Мәңгі тең таралған аудандарда термокорстық көлдер кездеседі. Олар мәңгі тоң қабатының немесе көмілген мұздың еруінен пайда болған шұңқыр ойыстарда қалыптасады. Мұндай көлдер Якут -Саха елінде көп.

Бөгелген көлдер өзен аңғарларын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар шөгінділер басып қалаған жағдайда пайда болады. Мысалы Памирдегі Ескендіркөл мен Серез көлдері Кавказдағы Рица көлі. Бұл топқа табиғи бөгелген көлдерден өзге жасанды көлдер – Рыбинск, Цимлян, Бұқтырма бөгендері жатады.

Қазаншұңқырлы көлдердің пайда болуының себептері көп. Бұл топқа мариеналдық тектоникалық, вулкандық, дефляциялық және эолдыфқ және корстық көлдер жатады. Мареналдық (мұздық) көлдер мұздықтардың эрозиялық жұмысының әсерінен әсіресе төрттік дәуірінде, пайда болған. Мареналдық көлдер мұздық шөгінділедің біркелкі болмауы себепті пайда болған ойыстарда қалыптасқан. Олар әртүрлі сұлбада кездеседі (дөңгелек, сопақ, созылыңқы). Қазаншұңқырлы көлдер әсіресе ежелгі мұздық дәуір дамыған жерлерде көп тараған (корел, қола түбегі).

Жер бетінде көптеген факторлардың әсерінде пайда болып отырды. Мысалы, көптеген тектоникалық қазаншұңқырар кезінде мұздықтардың әсерінен айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Ладога, Онега және Теке көлдерінің тегі аралас. Табиғатта басқа да комбинациядағы қазаншұңқырар қалыптастыруға қатысқан процестер болуы мүмкін.

Жасанды түрде жасаған бөген немесе су қоймасының көлемі шағын болған жағдайда Әуіт, тоған деп атайды. Әдетте өзен, бөген аңғарларында бөгендердің көмегімен жасалынады. Бұлар ариялық (өзен) су қоймалары бұл бөгендер созылыңқы, жіңішке сұлбалы болып келеді. Олардың ұзындығы – енінен қарағанда әлдеқайда үлкен. Сонымен бірге көл тәріздес бөген өзен ағындысын реттеуші су қоймасының жүйесіне табиғи көлдерді бөгет салу жолымен қосқан жағдайда пайда болады. Оған Бұқтырма бөгені мысал бола алады. Бөгендер үшін дөңгелек режим шұғыл құбылмалылығымен сиаптталады. (ірі бөгендерде жылына 5-6м(. Бұл құбылмалылық судың кірісі мен бөгендегі суды шығындау ара – қатынасын айқындалады.

Су қоймаларын салудың барысынлда шаруашылық обьектілерінің (ауыл шаруашылық елді мекендер, жолдар т.б. ) су астында қалу қаупі айтарлықтай.

Көл табанында жағалау және тереңдік бөліктері ерекшеленеді. Жағалау аймағында негізінен су толқындарының әсерінен тау жыныстарының бұзылу процесі жүрсе, ал терең аймақтарда бұзылу шикізатының шөгу процесі жүреді. Жағалау аймағы үш зонадан тұрады. Жаға, жағалау және жағалық қайран.