Әлемдік мұхит және оның гидробионттар экологиясына әсер ететін абиотикалық факторлары

Жер шарының шамамен ¾ бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты — әлемдік мұхит алып жатыр. Оның ауданы 361 мың км2 тең немесе планетамыздың 71% бөлігін құрайды және бұл су айдынында бүкіл гидросфераның шамамен 96%-і шоғырларған (1,34 млрд км3).Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік су және атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялықрежимімен ерекшеленетін әлемдік мұқиттың бөліктерін мұхитар дейміз. Кейде мұқиттар мұқит алаптарынабөлінуі мүмкін. Негізінен иұқиттарды теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөліп қарау қалыптасқан.

Теңіз-мұқиттың құрлыққа сұғына келіп орналасқан немесе оның өзге бөліктерін құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бір бөлігі. Теңіз мұқиттан өзіне тән географиялық, гидрологиялық және басқа да сипаттарымен ерекшеленеді.

Әлемдік мұқит шартты түрде келесі бөліктерге: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттарға бөлінеді. Алып жатқан ауданына және суының көлеміне қарай мұқиттардың ең үлкені және тереңі (орташа және шекті өлшемі бойынша)- Тынық мұқит, кейде оны «Ұлы мұқит» деп те атайды. Оның ең терең жері 11022м. Ол Марион шұңғымасында орналасқан.

Мұхиттардың бөліктері-теңіздер –құрлыққа қатысты орналасуына қарай ішкі (құрлық іші және материалық), шеткі және аралық деп үш топқа бөлінеді.

Ішкі теңіздердің мұхиттармен байланыстары тар бұғаздар арқылы болуы себепті өте нашар жүреді. Сондықтан да олардың гидрологиялық ренимі мұқиттың іргелес аудандарының гидрологиялық ренимінен біршама ерекшеленеді. Ішкі теңіздердің екі түрге бөлінуі олардың аттарынан-ақ көрініп тұр. Материкаралық теңіздер материктер арасында орналасса, ал құрлық ішілік теңіздер материктер арасында орналасса, ал құрлық ішілік теңіздер- бір құрлықтың ішінде орналасады.

Шеткі теңіздер мұқиттан аралдар арқылы немесе құрлық суына келіп орналасады және мұқитпен еркін байланыста болады. Сондықтан бұл теңіздердің гидрологиялық режімдері көп ұқсастыққа ие. Шеткі теңіздерге Баренц, Чукот және т.б. теңіздерді жатқызуға болады.

Араларалық теңіздер үлкен аралдардың немесе архипелактардың арасында орналасды, мысалы, Фиджи шерін және тіпті аттарын белгілеу әлі де толық бекітілмеген, тіптен теңіздердің саны жөніндегі әр түрлі ғалымдары өзара айырмашылықтармен сипатталады.

Жер мантикасының заттық газдануы планетамыздың судың ең басты көзі болып табылады. Сонымен қатар мұқит табанының қалыптасуы туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Геотектоникаға жататын бірнеше ғылыми гипотеза бар.

Құрлықтар астында орналасқан жер қыртысының қалыңдығы айтарлықтай – 100… 120 км. Ал орташа көрсеткіші 30.. 40 км. Мұқиттар астындағы жер қыртысының қалыңдығы – 5… 10, және оның табаны құрлықтар астында қарағанда жоғары жатыр.

Жер қыртысы жоғарыдан төмен бірнеше тұруы мүмкін: шөгінді, кристалды, магмалық (базальт). Материктер астындағы шөгінді қабатының қалыңдығы орта есеппен 5000 метрге жетеді, гранит қабаты – 10000… 15000м, базальт қабаты -15000 метр. Ірі тау сілемдерінің астындағы қабаттардың қалыңдығы өсе түсті.

Мұқит түбіндегі шөгінді қабаттың қалыңдығы едәуір аз-небәрі 100… 1000 м. Гранит қабат жоқ, шөгінді қабаты жауып жатқан мұқит табаны тек қана ерекше мұқиттың базальт қабатынан тұрады. Жер қыртысының мұқит астындағы жалпы қалыңдығы 6000 мшамасында, яғни құрлықтар арасындағы жағдайға қарағанда 5 еседей аз.

Әлемдік мұхит табанының бедері жайлы ғалымдардың алғашқы көзқарасты жер беті бедеріне деген көзқарасқа қараша – қарсы қалыптасты. Мұхит тобына бедерсіз, таусыз ойпаттың, бірыңғай тегістік ретінде суреттеліп келеді.

Әлемдік мұхиттың табанының бедерінің және шөгінділердің таралу сипатының біркелкі еместігі жөніндегі алғаш жүйеленген деректер бұдан 100 жылдан аса уақыт бұрын ағылшынның «Чиленджер» атты ғылыми зерттеу кемесінің жер шарын айнала жүзу сапары кезінде (1872-1876 ж.ж.) алынды мұхиттағы зерттеудің даму барысында, әсіресе экологтың кең түрде пайдалануы нәтижесінде ХХ ғасырдың ортасында мұхитқа деген көзқарас түпкілікті өзгерді. Қазір мұхит табанының бедері недәуір дәрежеден зерттелген және құрлық бедерінен күрделі еместігін көрсетіп отыр.

Гипсографиялық қисықта келесі сипаттамалар жақсы ерекшеленеді: құрлықта – аз аудан алатын тулар және кең алқапты алып жатқан ойпаттар; мұхиттар теңіз жағалауына іргелес ауданы аз таяз бөлігі, орташа тереңдіктегі аса мұхит табаны және ауданы өте аз, аса терең шұңғылда батиграфиялық қисықтың көмегімен мұхит табанының бедерінің басты элементтерін ерекшелеуге болады.

Материк қайраң (Шельф) – материктердің су басқан (етегінің саяз бөлігінің тереңдігі орта есеппен 200 м-ге дейін, 400 м) Шельфтің ең енді бөлігі Еуразияның солтүстік жағалауымен шектелген, мұнда оның шекарасы. Солтүстік мұзды мұхитқа жүздеген шақырымға сұғына кіріп жатыр. Шельф материктердің су асты шетінің 45% бөлігін алса, басқа одан өткен үлкен бөлігін материктік беткей мен материктік етек алып жатыр.