Сулы жүйе экологиясының географиялық жөне геология пәні мен байланысы

Биосфера- экология ғылымының зерттеу облысы болып саналатын жер шарындағы ең ірі экологиялық жүйе. Биосфераның қурайтын атмосфераның төменгі, литосфераның жоғарғы қабаты және гидросфераны түгелдей алып жатқан тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орталар.Олардың көлемі кішілігін ін, қус уясы, қумырсқа илуінен бастап ірі тау дала, биоценоздар мен экожүйелерді алып жатыр.Географиялық қабық жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртутас аймақтар жүйесі. Ол бүкіл биосфераның барлық құрамдас бөліктері қамтиді Географиялық қабықтың қалындығы 35-40 км көлемді алып жатыр.

Географиялық қабық пен биосфераның құрылымы сипаты мен зерттеу облыстары ұқсас келеді және бірін-бірі толықтыратын ұғымдарды құрайды. Биосфера географиялық қабықтан қуаты мен көлемі жағынан кіші болып келгені мен онда барлық тіршілік иелері жинақталған. Екі ірі жүйелерді зерттеу экология ғылымының обьектісі болып табылады. Географиялық қабық терминін ғылымға еңгізген А.А. Григорьев (1932) болса, ал Биосфера терминін алғаш қолданған Э.Зюсс (1875) атты ғылымдар.Географиялық қабықтың негізгі қасиеттерінің бірі –кеңістік тұрғысынан біркелкі болмауы. Жер қабығының кеңістік бойынша өте ұзақ және күрделі геобиологиялық процестердің нәтижесінде жіктеледі. Мәселен, географиялық қабықтың жіктелуінің көрінісі геожүйелерді немесе табиғи ландшафтар. Ал , биосфера өз кезегінде кеңістік тұрғысынан әртүрлі деңгейдегі экожүйелерге айырмашылық жоқ болғанымен кейбір ерекшеліктер бар.

Экожүйелер- жер шарындағы зат және энергия ағымдары үздіксіз келіп жататын тірі организмдер жиінтығынан туратын табиғи жүйелер. Экожүйелерде өз кезегінде көлемі және биомассасы тұрғысынан ірі немесе кішігірім аймақтарды қамтиды. Олар жер беті (атмосфера), жер асты (литосфера) және су (гидросфера) сияқты тіршілік орталары қамтиды. Мәселен, мүхит экожүйесі немесе бір тамшы су да толық манді экожүйе болып саналады. Экожүйелер өзінің табиғатына қарай- табиғи және антропогендік болып бөлінеді.

Экожүйелердің негізгі қесиеттерінің бірі- олардың әртүрлі денгейде болуы.Ең жоғарғы ұйымдасқан денгейі – биосфера. Қарапайым экожүйелер (биогеоценоздар) табиғаты түрғысынан бірегей болып келеді. Әсіресе, ондағы өсімдік бірлестіктері, жануарлар дүниесі, физикалық, географиялық жағдайлары және сол сияқты тұрақты энергия ағымы мен зат алмасулар бір тұтас жүйе ішінде әрекет етеді. Биогеоценоз- географиялық ұғымдағы фация құрылымына сәйкес келеді. Мәселен қайындар экожүйелері, тақырлар , далалар т.б. Экожүйелерге тән негізгі қасиеттер ондағы күн энергиясы әрекетімен түзілетін қоректік заттардың айналымы мен биологиялық өнімділік тұрақтылығы.

Геожүйе (географиялық қабықтың) – материалдық жүйе ретінде бірін-бірі толықтырып немесе кеңістікпен уақытқа байланысты тығыз қарым-қатынаста даму үстіндей табиғат компоненттерінің біртұтас жиынтығы. Яғни геожүйе мен экожүйе бір-біріне теңдес ұғымдар. Бірақ геожүйелер экожүйелерге қарағанда өндірістік аймақтар кешенін және өндіріс орындарының таралу аймағын да қамтиды.

Ландшафт дегеніміз- А.Г. Исаченконың берген анықтамасы, бойынша геологиялық қалыптасу тегі, топырағы , жер бедері, климаты, гидротермиллық жағдайлары даму тарихи, б құрылымдағы бірегей аймақтар.Экожүйе мен геожүйелер (ландшафтар) арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар да бар. Екеуіде түп негізінде табиғат кешендерін сипаттайтын ұғымдар. Айырмашылық туралы айтқанда, экожүйе бойынша табиғат компоненттері тең дәрежеде қарастырылады.

Екіншіден ландшафт “ ландшафт ұғымы кеңістікте орналасу жағынан шектелген болса, ал экожүйе құрылымында айқындалған шекара болмайды. Тек шартты түрде ғана бөлінеді. Мысылы: Шарын, Іле тоғайы, Жоңғар Алатауы жүйесі т.б.

Географиалық қабық шетелдегі ландшафтық ортаны ажыратуға болады.Ол-үгілу,топырақ, өсімдіктер,жануарлар дүниесі,ауаның төменгі қабаттары,құрлық сулары мен жер асты суларын қамтитын жер бетінің қабығы. Осы қабатта ғана барлық тіршілік иелеріне қолайлы орта қалыптасқан. Ландшафтық орта тундра өңірінде 5-10 м қамтыса, ал тропикалық өңірлерде оның тіршілік аймағы 100-150 м жетеді.Мұның негізі себептері жер рельефінің дамуы мен органикалық дүниенің қалығдығына байланысты.Сонымен геожүйе және экожүйелердің негізі айырмашылық: Геожүйе-қызметі жағынан полицентриялы, ал экожүйе биоцентрилло (маңыз тірі жүйелерге беріледі.) болып келеді.

Географиялық ландшафтарды ғылыми негізде толық зерттеулі көрнекті ғалым В.П. Семенов Тянь-Шаньский. Оның жіктеуі бойынша алғашқы дәуірлік, жартылай табиғи, мәдени және қалпына келе бастаған ландшафтарды ажыратуға болады.

Ландшафтардың қазіргі сипатына келсек Қазақстан мысалында табиғи, антропогендік және мәдени ландшафтарды кездестіреміз.

Табиғи ландшафты – табиғат комплекстері тың, адам алға тимеген болуы мүмкін. Ондай ландшафтарды, Қазақстанның биік таулы, аймақтарынан, далалы немесе шөл-шөлейтті табиғат үңгірлерінен кездестіруге болады.