Дүние жүзі және Қазақстан Республикасы су ресурстарының экологиялық жағдайының ахуалы

Каспий аймағының экологиялық жағдайы.Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізініңдеңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.Ғылымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да1,0-2,2 млн га қосылысуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындырына төніп тұр.Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кәсіпорынның 32- Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек ммлекет аралық ана емес, ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық алуан түрлілігінсақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995ж Тигеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарынпайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез- келген экологиялық бағдарламалардың с жүзіне асуына, оның ірі мұнай газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері 60 жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жібереді. Теңіз ауданы 2,6 млн га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты.Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам тартты.Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км арақашықтыққа таралады.Шөлдену, топырақтың тұздалуы, өсімдіктермен жануарлар дүниесінің кедейленуі,климаттың өзгері одан әрі жалғасуда.Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.Қоршаған ортаны бұза оырып, кез-келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалуы қажет.Экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу қажет.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан.Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төрінші орында.Теңіз Тұран ойпатында орналасқан.Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және солтүстік шығыс жағынан қоршап жатыр.Судың орташа көлемі шамамен 1000м3. Тереңдігі-20-25м, ең үлкен тереңдігі-67 м. Жаздағы орташа температурасы 24-260с, қыста-7-13,50.Жылдық жауын шашын мөлшері 100 мм.

60 жылдан бастап суамалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен. 1970ж 35,2 км2 ал1980ж 10км3. 1986ж Амудария мен Сырдария өзендері теңізіне жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.

Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер тіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300-400 км ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында мақта өсірідің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі ауа райының компонентальдылығы артты.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер тобына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс,өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунтсуларының деңгейі төмендеп кеткен.