Гидросферадағы экологиялық мәселе

Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды.Гидросфераға:мұхиттар,теңіздер,өзендер,тоғандар,ми батпақ,топырақтағы,жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.Дүние жүзінің ¾ бөлігі су.Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5есе артық.Гидросфера биосфераның басқа бөліктері-литосфера (жер асты сулары),атмосфера(булы дымқыл) және оларда тіршілік ететін тірі организмдермен тығыз байланысты.Гидросфераның жалпы жер көлемі 1455 млн км3.

Су массасының гидросферадағы таралуы

(М.И. Львович,1984)

Гидросфера бөлігі Көлем,мың км3 Жалпы көлемнің%мөлшері
Әлемдік мұхит 1370323 94,2
Жер асты сулары 6000 4,12
Көлдер 230 0,016
Мұздықтар 24000 1,65
Топырақ дымқылы 75 0,005
Атмосфера буы 14 0,001
Өзен сулары 1,2 0,0001
Жалпы гидросфера 1454643,2 100,0

Жалпы су қорының 97,5% тұзды минаралды болып келеді. Теңіз(мұхит) суарын ерітінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35г/кг.Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында(жер асты суларында 62-сі)кез-деседі.Бірақта олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құрайтындарға натрий,магний,кальций катиондары мен хлорид, карбонат,сульфат аниондарын жатқызуға болады.Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардікі мен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен,олардың теңіз бен теңіздегі тірі организмдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организмдер өз тіршіліктеріне пайдалана-тын азотты,фосфорды,кремнийді еркше атап өтуге болады,бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлар мен өсімдіктер.