Тоқыма өнеркәсібі

Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсібінің мал жүнінен, өсімдік, жасанды және синтетикалық талшықтардан мата тоқу ісімен шұғылданатын салалар жиынтығы. Оған мақта – мата, жүн, зығыр, кендір кенеп өнеркәсібі, мақта өндірісі, мата емес материалдар өндірісі т.б. салалар жатады.

Табиғи тоқыма талшықтың ең маңызды, әрі арзан, әрі кең тараған түрі – мақта талшығы. Ол мақта құқымынан өсіріледі. Мақта талшығы берік, жіңішке және ылғал тартқыш болып келеді.

Қабықтық талшықтар ( зығыр және кендір талшықтары т.б.) – техникалық талшықтар түрінде өсімдіктердің сабағынан, жапырағы мен жемістерінен алынады. Олардан арқан, брезент т.б. арналған жіптер иіріледі, сондай – ақ киіз басылады және киіз аяқ – киімдер дайындалады.

Шикі жібек – жібек құртының пілләсін ширату арқылы алынатын табиғи талшық.

Мақта-матаөнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауытары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жіпті Алматы мен Шымкентте иіреді. Матаны ең көп шығаратын — «Мата тоқу компаниясы» АҚ (бұрынғы Алматы мақта-мата комбинаты). Ол негізінен катаң мата түрін шығаруға маманданған. Мақта кешені Оңтүстік Қазақстан облысында құрылуда.Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда, Шымкентте, Алматыда) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Өскеменде жасанды талшықтардан мата тоқылады. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяк киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу)

шикізат көзіне, су мен электр энергиясына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркөсібінің 4 негізгі орталығы -Петропавл, Тараз, Рудный мен Семейдегі зауыттар. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяк киім фабрикалары жұмыс істейді.Семейдің «Тері-былғары» комбинаты елімізде кой терісін өңдеу арқылы өнім шығаратын (тон, ішік, бас киім) ірі кәсіпорын болса, Шымкенттегі «Қазақиталқаракөл» — қаракөл терісін өңдейтін бірден-бір кәсіпорын болып табылады.Киізден жасалатын аяқ киімнің (пима) 70%-дайы Қостанай облысында шығарылады.Жеңіл Өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы — тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.