Күкірт қышқылының қолданылуын, оларды алу тәсілдері

Күкірт қышқылын өндірудің нитроздың әдісі бойынша әр түрлі қоспалардан тазартылған және кептірілген күкірт (ІV) оксиді NO2 арқылы тотығып SO3 – ке айналады. Осы реакцияны судың қатысында жүргізіп күкірт қшқылын алады. Түзілген азот ІІ оксиді NO ауадағы оттегімен әрекеттеніп, қайтадан күкірт қышқылын түзуге қатысады. Күкірт қышқылы суды күшті сіңіреді сондықтан оны лабороторияда әр түрлі заттарды кептіру үшін қолданады. Күкірт көп мөлшерде табиғаттағы бос күйде кездесетін сап күкірттен алады. Сап күкірттегі құм, саз сияқты қоспалардан бөлу үшін кенді қоздырғанда күкірт оңай балқып бос жыныстардан бөлінеді. Күкірт қышқылы өнер кәсібінің негізгі өнімдерінің бірі. Күкірт қышқылы көп мөлшерде минералдық тыңайтқыштар өндіруге жұмсалады. Ол тұрақты қышқыл оны басқа қышқылдарда және тұздар өндіруге, мұнайды және одан алынатын өнімдерді тазартуға қолданады.Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдіктерді қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда ол – жер бетіндегі барлық тірі организмдердің (қорғанышы).

Химияның салааралық байланыстары ауқымды.

Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән. Олар: 1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл заттар көп жағдайда өздерінің қасиеті жөнінен дәстүрлік констукциялық материалдардан да асып түседі; 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді; 3) көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (коксохимия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) құрамдасады. Оларды кез келген жерде құруға болады. Бірақ, ол үнемі тиімді бола бермейді.

Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына – шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен қолданылады. Жұмысшылар, мысалы, металлургияға қарағанда аз қажет. Сондықтан, химия зауыттарын аз қоныстанған жерлерде де сала береді.

Химия кешеніне 5 ірі сала: 1) кен-химия (минералдық шикізаттар-фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру); 2) негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералды тыңайтқыштар алу); 3) полимерлер химиясы (пластмасса, химиялық талшық); 4) полимерлерді өңдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару); 5) химия-фармацевтикалық (дәрі жасау).

Қазақстан «химиясының» құрылымы жетілмеген: онда полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Фармацевтика өнеркәсібі негізінен алғанда жаңадан құрылуда.

Химия өндірісінің географиясы. Еліміздегі негізгі химиясын «төрт таған» — қышқыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндірісі ұстап тұр.

Күкірт қышқылын «қышқылдардың қышқылы», химия өнеркісібінің «наны» деп атайды. Ол басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін қажет. Бұл өте белсенді, қауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет). Сондықтан, оның өндірісі тұтынушыларға жақын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялық факторларда (күкірт газын ұстап қалу) маңызды.

Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің құрамында болады. Күкірт қышқылын: 1) ауыр металдардың металлургиялық орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); 2) уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау); 3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Бірінші жағдайда негізгісі – шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде – тұтыну факторы.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен қолданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат – хром кені.