Алюминий өндірісі мен рудалары

Күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл металл. Оңай иіледі, тоттанбайды, электр тоғын жақсы өткізеді, Алюминийден түрлі ыдыс-аяқтар, электр сымдары, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын бұйымдар жасалынады. Әсіресе алюминийдің басқа металдармен қоспасы өте құнды.

Алюминий таза күйінде ХІХ ғасырдың басында өндіріле бастады. Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті. Біразға дейін бұл металдың сирек әрі қымбат болғаны соншалық, Франция королінің отбасында алюминийден жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат, сирек кездесетін зат ретінде қолданылған.Өнеркәсіптің бұл салаларын қамтитын зауыттар энергияны көп қажет ететіндіктен, арзан электр энергиясын өндіретін орталықтарңа жақын салынады.Алюминий өнеркәсібінің негізгі шикізаты ретінде Торғай даласының, яғни Арқалықтың бокситі пайдаланылады. Арқалық қаласы маңынан өндірілетін боксит кені Павлодар зауытына әкелінеді.

Павлодар алюминий зауыты алюминий тотығын, яғни глинозем шығарады. Глинозем әрі қарай таза алюминий алу үшін Батыс Сібірдің Новокузнецк зауытына жіберіледі. Бұл зауыттан Қазақстан таза алюминий алады. Алюминий – органикалық қосылыстар – алюминий атомы көміртек атомымен тікелей байланысқан металл-органик. қосылыс. А.-о. қ-тың екі түрі белгілі: толық түрі – алюминий барлық валенттіктері арқылы органик. радикалдармен байланысқан; толық емес түрі – алюминийдің бір не екі валенті галоген, алкокси тобы не сутекпен байланысқан. А.-о. қ-дың толық түрі түссіз сұйық, оттек және ылғалмен өте әрекеттескіш. А.-о. қ. магний мен алюминий құймасына галогеналкилдермен әсер ету арқылы алынады. А.-о. қ. полимерлену реакцияларын,ың катализаторы ретінде және аса таза алюминий алу үшін қолдыналады.

Алюминий өнеркәсібі – металдық алюминий өндіру жөніндегі кәсіпорындарды біріктіретін түсті металлургия саласы. Алюминий – маңызды стратегиялық металл. Ол жеңіл, жақсы электр және жылу өткізгіш, тех. жағынан өте берік әрі коррозияға төзімді болғандықтан, өнеркәсіптің әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Алюминий әсіресе авиацияда, автомобиль, электротехника, т.ж., құрылыс, тамақ және металл өңдеу өнеркәсібінде, басқа бірсыпыра салаларда маңызды роль атқарады. Алюминий өндірудің теориялық негізін жасауда орыс ғалымдарының шешуші роль атқарғанына және бұл металға деген сұраныстың зор болғанына қарамастан, революцияға дейінгі Россияда А.ө. болмады. Алюминий рудалары — өндірістік мақсатта алдымен алюминий тотығын (AI2O3), одан кейін электролиз жолымен алюминий металын алуға жарамды минералдық шикізат. Жер қыртысындағы алюминийдің орта мөлшері 7,45%-ке тең. А. р. минералдық құрамына қарай екі топқа бөлінеді. Негізгі А. рудасына боксит, екіншісіне алюминий силикаттары (нефелин, лейцит, лабрадорит, анортозит, алюминий тотығына бай саздар және каолиндер) мен сульфаттары (алунит, алунитті жыныстар) жатады. Алюминий силикаттары нефелин-сиенит, нефелин-апатит, лейцит лавалары және кианит (дистен) силлиманит, андалузит тақта тастарымен байланысты болып келеді. Алюминий силикаттары мен сульфаттары бар жаныстарда AI2O3 мөлшері 25,1%-тен 63,1%-ке дейін болады да, руданың құндылығы Na2O+K2O: AI2O3 -ке қатынасынан шығатын сілтілік коэффициентпен (жоғары сортты рудаларда 1,0 жуық болуы керек) анықталады. Нефелин (36,0% AI2O3 ; 21,8% Na2O; 42,2 % SiO2) мен каолинитті (35,5% AI2O3 ;46,5% SiO2) әк тас қосып күйдіруден алюминий тотығы, сода, цемент алынады. Алуниттен алюминий тотығы мен бірге калий сульфаты, күкірт қышқылы (күкірт) алынады. Капит. және дамып келе жатқан елдерге алюминий бокситтен алынады, ал СССР-де онан басқа нефелинді жыныстар да кең қолдынылуда. Алюминий кендері бар нефелинге бай жыныстар Краснояр өлкесі мен Сібірдің көп жерінде, Қола түбегінде, Есіл-Ұлытау аймағында, Целиноград облысында (Құбасадыр) орналасқан. Алунитті жыныстар Азербайжаннан (Заглик), Оңт. Жоңғардан, Шымкент облысынан табылды.