Электроэнергетика және олардың жұмыс істеу принциптері

Электр энергетикасы. Отын – энергетика шаруашылығында электр энергетикасының үлесі жылдан-жылға ұлғайып келеді.Өндірілген электр энергиясының негізі (65%-ға жуығын) ЖЭС-терге тиесілі.СЭС-тердің үлесі 20%-ды құрайды. СЭС-терден электр энергияны көп өндіру АҚШ, Ресей, Бразилия, Канада, Қытай елдерінде жақсы жолға қойылған.Норвегия түгелімен дерлік электр энергиясын СЭС-терден алады. Дамушы елдерденБразилия елдегі бүкіл электр энергиясының 93%-ға жуығын СЭС-терде өндіреді. ТМД елдерінде бұл топқа Қырғызыстан мен Тәжікстан кіреді.

Атом электр станцияларында дүние жүзінде өндірілген электр энергиясының 1/6-і тиесілі, АЭС-тер 30 елде салынған.Ірілері: Фукусима (Жапония), Гравлин (Франция), Брус (Канада), Ангара (Бразилия), т.б.

Ірі АЭС-тер АҚШ-та, Жапонияда, Францияда, ГФР-де және Ресейде орналасқан. Бұл елдерде энергияны аулдың “толық ядролық циклі” қалыптасқан. Мысалы, дүние жүзіндегі өндірілген электр энергиясының жан басына шаққандағы мөлшері жылына 2,5 мың кВт-сағ құрайды. Экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 5-10 мың кВт-сағ-қа дейін көрсетсе, дамып келе жатқан кейбір елдерде 1 мың кВт-сағ-қа да жетпейді.ХХ ғасырдың соңында дәстүрлі емес электр энергиясы кездері бүкіл өндірілген электр энергиясының 1%-ға жуығын берді. Негізінен, мұндай энергияны геотермальды электр станциялары, су толқынына негізделген электр станциялары және жел электр станциялары құрайды. Мұндай баламалы электр станцияларының келешегі зор. Жел өтінде орналасқан электр станцияларының біздің елімізде де болашағы бар.