ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНА ҮЛКЕН ҮЛЕС

Орталық Қазақстан индустриясын қарқынды арттыру жылдары 60 жыл бұрын Орталық Қазақстанда бірінші және Қазақстан екінші техникалық ЖОО – Қарағанды тау-кен институты құрылды. Біз бұл ҚР Тұңғыш Президентінің ЖОО екенін ерекше мақтанышпен айтамыз, себебі Нұрсұлтан Назарбаев жоғары техникалық білім негіздерін нақ осы жерде алған. 2012 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні Нұрсұлтан Әбішұлы ҚарМТУ-ға келді, бұл туралы Құрметті қонақтар кітабында өз қолымен жазылған жазбасы куәландырады: «Мен осы оқу орнында – барлық Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін».

Қарағанды тау-кен институтына бірінші қабылдау 1953 жылы жүзеге асырылды. 200 студент«Пайдалы қазбалар кен орындарын әзірлеу» және «Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы және тау-кен электр механикасы» мамандықтар бойынша оқуға түсті. 1958 жылы ЖОО политехникалық институт болып түрленді және кейіннен индустриялық Орталық Қазақстан өңірінің өнеркәсіптік дамуын қамтамасыз етеді.

Уақыт өте ҚарПТИ еліміздің жоғары техникалық білімін дамытуға үлкен үлес қосты. Нақ ҚарПТИ филиалдарының негізінде Қарағанды индустриялық университеті, Балқаш гуманитарлық-техникалық институты, О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды. ҚарПТИ Көкшетау филиалы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті құрамына, ал Петропавлдікі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрамына енді.

Халық шаруашылығы үшін мамандар даярлаудағы табыстары және ғылыми зерттеулер орындағаны үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал1980 жылы ҚарПТИ социалисттік жарыста көшбасшы болды. Онда 870 ЖОО қатысты, жеңімпаздар тек екеуі:М. Ломоносов атындағы ММУ және ҚарПТИ мойындалды.1996 жылы институт Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болып қайта ұйымдастырылды.

ЖОО түрлі кезеңдерде қалыптасуы мен дамуына ректорлар: Жүніс Нұрмұхамедов, Әбілқас Сағынов, Александр Лазуткин, Геннадий Пивень ықпал етті. Олардың әрқайсысы өз буынының өкілі болды, мамандарды даярлау сапасын арттыруға көп істер жасады. Социалисттік Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, профессор Әбілқас Сағыновтың еңбегін артық бағаламауға болмайды, ол Қарағанды политехникалық университетін 33 жыл басқарды. Жоғары білім және тау-кен ғылымы патриархы еңбегінің құрметіне 2012 жылы 21 желтоқсанда ҚарМТУ-дың бас корпусы алдындағы алаңға ескерткіш орнатылды.

Біз шындығында түлектерімізді мақтан етеміз. Осы жылдар ішінде олардың 75000 астамы – талантты мемлекеттік қайраткерлердің, ғалымдардың, ғылым, білім беру және өндіріс ұйымдастырушыларының тұтас топтамасы даярланды. Университет бұрынғы табыстарына массаттанбастан, үдемелі дамып келеді. ҚарМТУ-да ҚР Тұңғыш Президентінің өнегесінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің бірегей моделі әзірленді, ол жан-жақты сыналды және ҚР БҒМ республиканың ЖОО-да жүзеге асыруға ұсынды. 2008 жылы Қазақстанда алғашқы Корпоративті Университет құрылды, оған 87 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын, ғылыми ұйымдар және Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь және Өзбекстанның ЖОО енеді. Қазіргі Корпоративті Университет қажетті құзіреттілікті игеру үшін теория мен практиканың тығыз өзара байланысы принципін жүзеге асыратын дуалды оқыту локомотиві болды. Кәсіпорын білім беру стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуде белсенді араласады.

Білім беру процесінің халықаралық стандарттарға бағдарлануы «білім – ғылым — инновациялар» үштігінің терең ықпалдасуын және бірігуін қарастырады. ЖОО-да, 50-ден астам ҒЗИ, ғылыми зертханалар мен орталықтар, шағын ендіру кәсіпорындары енетін инновациялық ғылыми-техникалық кешен жұмыс істейді. Осы инновациялық бөлімшелер орындаған ҒЗЖ көлемі 2012 жылы 1,4 млрд теңгені құрады. 26 мамандық бойынша мамандарды мақсатты даярлау Қазақстанның Қарағанды облысын индустрияландыру Картасына енетін 66 кәсіпорнында жүргізіледі. Білім, ғылым және өндірістің тығыз ықпалдасуы негізінде бес ғылыми-оқу-өндірістік бірлестігі құрылды: «Құрылысты және ТКШ түрлендіру», «Металлургия», «Көлік», «Дуалды техникалық білім» және «Дуалды әскери оқыту». Олардың құрамына ғылыми-зерттеу институттары, жұмысшы мамандағы орталықтары, шығарушы кафедралардың филиалдары, Корпоративті университет кәсіпорындары, қорғаныс, төтенше жағдайлар және ҚР ішкі істер министрліктерінің бөлімшелері енеді.

Оқу процесін қарқындату және мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін университет оқу процесіне әлемдік өндірушілердің, құны 450 млн теңгеден астам ғылыми-зертханалық және ақпараттық-коммуникациялық жабдығының бірегей кешенін енгізді, техника бюджеттен тыс қаражатқа алынды және Корпоративтік Университет кәсіпорындары сыйға тартты. Кәсіптік практика кезеңінде студенттерге жалақы төленетін жерлерде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін біз анағұрлым қажет етілетін тау-кен, машина жасау, құрылыс және дәнекерлеу бейінді мамандықтары бойынша төрт жұмысшы мамандығы орталығын құрдық. Өз кезегінде Корпоративтік Университет кәсіпорындарында шығарушы кафедралардың 55 филиалы қызмет етеді, онда студенттер жаңа заманғы деңгейде кәсіптік практикадан өтеді. Жеке алғанда, ағымдағы жылдың маусым айының басында ҚарМТУ-дың екінші курсының 25 студенті Минск трактор зауытының кәсіпорындарына, Беларусьта БелАЗ және «Амкодора» шықты. Кедендік одақ шеңберінде автоөнеркәсібі алыптары біздің студенттерімізге төленетін жұмыс орындарын береді, одан кейін Қазақстанда өздерінің өндірістік учаскелеріне жұмысқа тұрғызады.

ҚарМТУ жанында Қазақстандық дәнекерлеу институты базасында бір жыл бұрын әлемнің 56 елінде мойындалатын халықаралық үлгідегі дәнекерлеуші-инженерлер дипломдары берілетін мамандардың алғашқы ағынын даярлау басталды. Осыған байланысты тау-кен металлургиялық саласы кәсіпорындарының барлық деңгейдегі дәнекерлеу мамандарын даярлауға тапсырыс портфелі артып келеді. ҚарМТУ-да студенттер мен қызметкерлердің шығармашылық қызметі мен толыққанды демалысы үшін барлық жағдайлар жасалған. 882 орынға жаңа студентік жатақхана құрылысы аяқталады. Денсаулық сақтау пункті тамаша жабдықталған, Қарқаралыда 500 орындық спорттық-сауықтыру лагері, әлемдік деңгейдегі жаңа заманғы залдары мен ашық алаңдары бар спорт кешені, «Жастар Әлемі» сыйымды жастар сарайы қызмет етеді. Қарағанды «Политехының», қазіргі техникалық университетінің дипломы баяғыдан сапалы білім және мансаптық жетістіктер кепілі болды: ҚарМТУ-дың 98 % түлегі ЖОО аяқтасымен бірден жұмысқа тұрады.

Университет 60 жылдығын айтарлықтай жетістіктермен қарсы алады. Сан мыңдаған ұжым Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа стратегиялық бағыты» Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.