Бейбітшілік сақтау проблемасы

Ғаламдық проблемалар.Адамзат қоғамы дамуында айрықша оқиғаларға толы болған ХХ ғасыр шиеленіскен, шешімі кезек күттірмейтін ғаламдық проблемаларымен де әйгілі болды.Ресей географы В.П.Максаковскийдің анықтамасы бойынша, ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазірігісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды айтады.

Ғаламдық проблемалар сипаты жағынан әр түрлі болады, олардың негізгілерінің қатарына бейбітшілік пен қарусыздану, экологиялық, энергетика және шикізат проблемаларын, демографиялық және азық-түлік проблемаларын атауға болады.Ғаламдық проблемалар бұл аталғандармен шектелмейді, іс жүзінде олардың саны өте көп. Мысалы, қазіргі кезде ғарышты бейбіт мақсатта игеру үшін дамушы елдердің артта қалушылығын жою, қатерлі аурулардың таралмауы проблемалары жағынан жоғарыда аталғандардан кем түспейді. Ғаламдық проблемалардың пайда болуына және одан әрі шиеленісуіне көптеген факторлар әсер етеді:

1)жаппай қырып-жоятын қару түрлерін молайту нәтижесінде адамзат өркениетінің тіршілігіне қауіп төнуі;

2)адамның шаруашылық әрекетінің табиғи ортаға кері ықпал етуі арқылы экологиялық жағдайдың нашарлауы;

3)дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы алшақтықтың ұлғаюы;

4)табиғат ресурстарын пайдаланудың күрт артуы;

Жалпы алғанда, адамзаттың тірішілік ортасының экологиялық күрт өзгерістерінен ғаламдық проблемалардың шиеленісуі өз кезінде қалыптасып келе жатқан халықаралық қоғамдастықтың біртұтастығының бұзылуына және адамзат өркениетінің өзін-өзі жоюына қауіп туғызуы мүмкін.

Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты. Мысалы, энергетикалық және шикізат проблемалары экологиялық проблемамен, ал экологиялық проблема демографиялық проблемамен және т.б. өзара байланысты. Осы проблемалар ішінен бейбітшілікті сақтау проблемасын бірінші кезекке қоюға болады, себебі Жер бетінде тіршіліктің сақталуының өзі тікелейбейбітшілікке тәуелді екені түсінікті. Бейбіт өмір жағдайында қарулануға жұмсалып жатқан қыруар қаржыны шешімін таппаған басқа әлеуметтік проблемалардың қажеттігі үшін пайдалануға мүмкіндік туған болар еді.

Экологиялық проблемаларды ғаламдық сипатына қарй екінші кезекке қоюға болады. Өйткені адамзат тірішілігінің болу-болмауының өзі экологиялық прблемаларды шешу мен оның алдын алуға тікелей қатысты болып отыр.

Демографиялық және азық-түлік проблемасы өзара бір-бірімен және экологиялық проблемамен, сондай-ақ шикізат проблемасымен де тығыз байланысты. Азық-түлік және шикізат проблемасы дамушы елдердің артта қалушылығын жою проблемасымен ұштасады.

Дүниежүзілік мұхит проблемасы басқа ғаламдық проблемалармен тығыз байланысқан; мұхит ресурстарын пайдалану шикізат, энергетикалық және азық-

түлік проблемаларын шешуге көмектеседі. Түптеп келгенде, бұл проблемалардың барлығын бүкіл адамзат баласы біріге отырып, түбегейлі түрде шешуі қажет.

Жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында Жер шарында бейбітшілікті сақтау және жаңа дүниежүзілік соғсқа жол бермеу проблемасы аса маңызды орын алады. Өйткені бүгінгі таңда Жер шарында жинақталған қару-жарақтың ең соңғы үлгілері санаулы сағаттарда-ақ миллиондаған адамдардың өмірмен қоштасуына жеткілікті. Адамзат тарихында соғыс әрқашан орасан мол адам шығынын әкелген. Шамамен алғанда, осы кезге дейін әлемде 14000 соғыс болған, нәтижесінде 3млрд аса адам опат болған. Адам қоғамы дамыған сайын соғыстар әкелген зардап пен қайғы-қасірет те молая түскен.Мысалы

дүние жүзі бойынша XVIIғ. шамамен 3,3 млн адам, XVIII ғ. 5,4млн адам, XIX 5,7 млн адам соғыс құрбаны болса, XX I дүниежүзілік соғыста 20млн адамның , ал екінші дүниежүзілік соғыста 50млн адамның өмірі қиылды. Бұдан басқа ХХғ. аймақтық жанжалдар, жеке елдердегі азамат соғыстары, ұлт арздығы да орасан зор адам шығынына(100млн адам) алып келді.

Қазіргі кездегі құрлықаралық зымырандар бірнеше минутта белгіленген нысанаға түсіп, ол жердегі тірішілікті жоя алатын мүмкіндікке ие. Қару-жарақ өндірісінде ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері пайдаланылып, жаппай қырып-жоятын қарулардың жаңа түрлері ойлап табылуда. Бұл адамзат өркениетінің дамуы барысында бұрын соңды болып көрмеген қауіпке себепші болуда. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл қару түрі болып есептелетін ядролық қаруды иемденген елдер саны да артып келеді. Қазіргі кезде Жер шарында жинақталған ядролық қарудың қуаты тірішілік атаулыны түгел жоюға мөлшерден асып түседі.

Ғалымдар ядролық қаруды пайдалану Жер шарындағы климаттық жағдайдың түбегейлі өзгерісіне әкеклетінін анықтап отыр.

Алысқа бармай-ақ, Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс ядролық апат зардаптарының бір елдің деңгейінде қалып қоймайтындығын тағы да дәлелдеді. Сондықтан бейбітшілікті сақтау мен жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмауда ядролық қаруға ие мемлекеттердің бұл қарудан бас тартуы аса маңызды болып табылады.ҚР – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан дүние

жүзіндегі бірден бір ел.

Жаппай қарулану және әскери шығындар. Қазіргі кезде әскери шығындар көлемі адамзаттың ең кедей бөлігінің табысынан бірнеше рет асып түседі.ХХ ғ. соңында дүние жүзі бойынша әскери шығындардың жылдық мөлшері 1трлн АҚШ долларынан асып түседі. Бұл қарулану үшін минутына 1,9млн доллар қаржы жұмсалады деген сөз. Дүние жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 25-300/0-ын әскери мақсаттағы жобалар құрайды. Әскери саланың үлесіне дүниежүзілік инвестиция көлемінің 1/3 бөлігіне жуығы тиесілі. Сонымен қатар дүние жүзі елдерінің әскер қатарында бүгінде 25млн жуық адам бар, олардың барлығы дерлік жұмсқа жарамды.Осыншама адам Германия сияқты жоғары дамыған елдің экономикалық белсенді халқының санына жетеді.Демек, бұл көрсеткіш халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін шектеп, басқа да көптеген ғаламдық проблемаларды шешуді тежейді.АҚШ-тың әскери шығындарының жиынтық ішкі өнімдегі үлес салмағы төмен болғанымен, бұл мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орын алады.АҚШ-тың дүниежүзілік әскери шығындар көлеміндегі үлесі

300/0-ға жетеді.1998 ж. Жапонияда әскери шығындардың жиынтық ішкі өнімдегі үлесі 10/0болса, Эритерия мемлекетінде бұл көрсеткіш 360/0 жуық болды.

Дамушы елдерде әскери шығын мөлшері жоғары, мұның басты ерекшелігі олардың әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығын жоюға мүмкіндік бермейді.Мысалы, мешеу елдердегі әскери техника мен қару-жарақты сатып алуға жұмсалатын қаржы мөлшері азық-түлікпен қоса есептегендегі барлық тауарлардың құнынан алдеқайда жоғары.Жалпы алғанда, дүние жүзінде қару-жарақ саудасының көлемі біртіндеп азаюда.Мысалы, 1984 ж әлемдік қару-жарақ саудасының көлемі 57млрд АҚШ долларын құраса, ХХғ. соңында 25 млрд доллар шамасында болған. Соған қарамастан соңғы уақытта аймақтық жанжалдардың ушығуы қару-жарақ саудасының көлемін ұлғайтуы мүмкін.

Елдің әскери қуатын арттыруға бағытталған милитаризм(латынша — әскери)

экономика, саясат және идеологияның басын қосатын біртұтас жүйе болып табылады. Милитаризмнің қазіргі көрінісі – дүние жүзіндегі ірі елдердің барлығында дерлік қалыптасқан аса қуатты әскер-өнеркәсіп кешендер(ӘӨК). Оның негізінде қорғаныс мекемелерінің тапсырыстарын орындайтын әскери экономика дамиды.Әскери өндірістің дамуы жөнінен дүние жүзінде көрнекті орын алатын Ресейдің ғылыми-өндірістік мүмкіншілігі өте жоғары, мұнда 2000 аса әскери кәсіпорын бар.

Қазіргі кезде әскери экономиканы демилитаризация жасау, яғни бейбіт мақсаттағы өнім шығаруға көшіру аса маңызды.әрі өте күрделі мәселенің біріне айналып отыр. Әскери өндірісті күнделікті адам тұрмысына қажетті өнімдер жасауға көшіруді конверсия деп атайды. Конверсия жартылай (жаңа өнімдерді өндірісті кеңейту есебінен жасау) және толық (тек қана күнделікті сұранысқа ие һөнімдерді шығару) жүргізілуі мүмкін.

Кониерсияны жүзеге асыру барысында экономикалық(түсетін пайда көлемінің азаюы), техникалық (өндірісті жаңа өнімдер өндіруге бейімделіп, қайта құру) және әлеуметтік (жұмыс күшін қысқарту мен байланысты наразылықтар) кедергілер болатыны сөзсіз.Соған қарамастан конверсиялық кәсіпорындардың өнімдері аса сапалылығымен көзге түседі.