Азияның жетекші дамушы елі – Қытай

Жерінің ауданы- 9 млн 600 мың км2

Халқы – 1314 млн адам

Астанасы – Пекин

Мемлекет құрылымы- социалистік мемлекет

Мемлекет басшысы – ҚХР – дың төрағасы

Заң шығарушы органы – халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы

Мемлекеттік тілі – қытай (хань) тілі

Ұлттық валютасы –юань

Қытай халық республикасы жарияланған 1949 жылдан бәрі , әсіресе 1979 жылы басталған реформасы мен ашық саясатына байланысты Қытайдың экономикалық құрылыста қол жеткізген жетістіктері дүние жүзі мемлекеттерінің назарын өзіне аударып келеді. Реформа жылдарында Қытай мемлекеті өндіргіш күштердің одан әрі азат етілуіне және мемлекеттің біріккен қуатының айтарлықтай өсуіне қол жеткізді. Бірқатар аса маңызды өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі абсолюттік көрсеткіштер бойынша Қытай дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Егер азық – түлік тауарларын алатын болсақ, онда ҚХР астық, ет, құс, жұмыртқа, судағы кәсіпорын өнімдері, өсімдік және жануар майларын өндіруден әлемде алдыңғы орында. Отын , өндіріс құралдары мен құрылыс материалдары саласында көмір өндіруден Қытай бірінші орында. Халық тұтынатын тауарларға келетін болсақ, онда ҚХр мақтадан, жүннен жасалған маталарды өндіруден, киім тігуден, велосипед, кір жуу машиналары, телевизор және шыныдан тұрмыстық заттар жасаудан дүние жүзінің барлық елдерінің алдында. Одан өзге болат, түсті металдар қорытудан,химиялық талшық, шұға кездемесін, химиялық тыңайтқыштар өндіруден, электр энергиясын өндіруден қытай әлемдік аса ірі өндіргіш күштер арасынан орын алды. Қазіргі Қытай тек қана өзінің техникалық күштеріне арқа сүйей отырып, ауыр индустрияның ірі тау –кен, энергетикалық, металлургиялық, химиялық, автомобиль, кеме жасау кәсіпорындарына кешенді құрал – жабдық өндіруге шамасы жетеді. Сонымен қатар білім беру, ғылым және мәдениет салаларында да үлкен жетістіктерге жетті.

1949 жылдан кейін өнеркәсіп , банк, көлік, сыртқы сауда мемлекет қарамағына алынған болатын. Аграрлық реформа помещиктер табын жойды, шаруалар жер алды. 1958 жылға қарай шаруа қожалықтары түгелдей дерлік кооперативтерге біріктірілген еді. ҚХР шаруашылықты қалпына келтіруді аяқтап, экономикалық құрылысқа кеңінен кірісті.

Өнеркәсіп 2,3 есе өсті және құны жағынан ауыл шаруашылығы өндірісінен асып түсті. Қазіргі заманғы индустрияның негізі қаланды. Солтүстік және батыс провинцияларда жаңадан ірі өнеркәсіп аудандары мен орталықтары пайда болды. Жұмысшы табының саны өсті. Социалистік елдер , оның ішінде әсіресе Кеңестер Одағы Қытай Халық Республикасына зор көмек қолын ұсынды. Қытай КСРО- дан мөлшері 1,8 млрд сомнан астамнесие, ең жаңа техникалық құжаттар алды. Кеңес Одағы ҚХР – ға 260 тан аса ірі өнеркәсіп орнын салуға мамандар дайындауға көмектесті.

1960-1970 жылдардағы ҚХР – дың сыртқы және ішкі саяси бағыты халықаралық қатынаста болсын, ел экономикасында болсын қолайсыз зардаптарға әкеліп тіреді. ХХ ғасырдың 70 жылдарының ортасынан бастап ҚХР дың жаңа басшылары біртіндеп елдің ішкі және сыртқы саясатын өзгертті. Ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бұрынғыға қарағанда көбірек көңіл бөліне бастады.

Ауыл шаруашылығында шаруалардың жеке бастамларын ұлғайтуға бағыт алды. Өнеркәсіптің бір бөлігі шетел капиталын қатыстыру арқылы дамуда. 1980 жылдары ҚХР өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамыды. Осы жылдары бірқатар шетелдермен сауда- экономикалық, ғылыми – техникалық және мәдени байланыстары ойдағыдай дами бастады.

ҚХР өнеркәсібінің құрылымында ауыр индустрияның маңызы зор. Ауыр өнеркәсіп салаларының ішінде отын- энергетика , әсіресе елдегі энергияның негізгі көзі есептелетін тас көмір, мұнай өндіру маңызды рөл атқарады. Басты бассейндері: Солтүстік – Шығыс пен Солтүстік және Солтүстік – Батыс Қытайда. Көмір өндіру жұмысы шахталық және ашық әдіспен жүргізілді. Мұнай өнеркәсібі Солтүстік – Батыстың шөлдері мен тауларында( Шыңжан, Қарамай), Қызыл бассейнде (Сычуань провинциясы), сондай –ақ елдің солтүстік- шығысында, шығысында қалыптасып келеді.Электр энергиясы көбінесе Солтүстік — Шығыс пен Солтүстік Қытайда, сол сияқты теңіз жағаларындағы ірі қалаларда орналасқан ЖЭС – та басымырақ өндіріледі.

1979 жылдан бастап Қытай өнеркәсібі тұрақты түрде жоғары қарқынмен дамуда. Бүгінде Қытай ұшақ, кемелер мен автомобильдерді ғана жасап қоймай, жердің жасанды серіктерін, өнеркәсіп үшін қазіргі заманға сай жабдықтарды жасай алады. Қытайдағы экономикалық инфрақұрылымның негізі ХХ ғасырдың 50 жылдары Кеңес Одағының көмегімен қаланған болатын. Алайда реформалар саясатын жүргізудің басталуына байланысты Қытай өнеркәсіпке айтарлықтай шетел инвестицияларын тартты, оларды ескі кәсіпорындарды және түрлі салалардағы қазіргі заманға сай жаңа кәсіпорындарды құруға бағыттады. Бүгінде Қытайда тәуелсіз, айтарлықатй толыққанды индустриялы кешен құрылған. Олардың техникалық деңгейінің сипаты жеткілікті дәрежеде.

Қара металлургия кәсіпорындары Қытайдың Аньшань, Тайюань, Пекин, Тяньцзинь, Шанхай, Ухань, Баотоу, Паньчжихуа, Үрімші, Цзюцюан, Чунцин, Чэнду, т.б. қалаларда орналасқан. Елдің 21 металлургиялық кәсіпорындары әрқайсысы жылына 1 млн. т- дан астам болат қорытатын қуатқа ие. Егер Қытай ХХ ғасырдың 50 жылдары болаттың 1400 –дей сорты балқытылып, прокаттың 20 мыңнан астам түрі шығарылады.

Солтүстік – шығыста және басқа аудандарда түсті металлургия зауыттары (мыс, қорғасын, алюминий, магний) бар. Оңтүстікте оңтүстік –батыста түсті металдар кені өндіріледі, мыс, қорғасын, вольфрам, қалайы және сурьма қорытылады.

Машина жасау және электронды өнеркәсіп салалары шаруашылық салаларының ірі масштабты базалық саласына жатады және онда маңызды орын алады. Қазіргі кезде Қытайдың машина жасау және электронды өнеркәсібі шаруашылығының барлық салаларын түгелдей жоғары сапалы кешенді жабдықтармен қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Машина жасау және электронды өнеркәсіптің өнімдері экспортқа шығарылатын тауарлардың негізгісіне айналып отыр.

Қытайдың энергетикалық өнеркәсібінің бастысы- көмір, мұнай және электр энергиясын өндіру. Осы салалар бойынша ҚХР әлемдегі алғашқы орныдарды иемденеді. Қазіргі кезде Қытайда Ресей компанияларының қатысуымен елдегі атом энергетикасының бастауы болатын Линьюнган атом электр станциясы салынуда.

Авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп саласының бастауы ХХ ғасырдың 50 жылдарында салынған болатын. Бүгінде бұл салада жойғыш – ұшақтар, бомбалаушы, барлаушы ұшақтар, пассажирлік және көліктік ұшақтар мен тікұшақтар жасалады.қытай өндірісінен шыққан азаматтық ұшақтар дүние жүзінің 10- нан аса елдері мен аймақтарына шығарылады.

Мақтадан, жүннен және жасанды талшықтардан мата оқу және бояу, тоқыма мата, киім – кешек дайындау, т.б. өндіріс салалары кіреді. Қазіргі кезде жібек, тоқыма заттар және дайын киім Қытай экспортының аса маңызды бөлігі болып табылады.

Жеңіл өнеркәсіп 44 саланы қамтиды және 200 мың түрлі тауар шығарады. Оларға қағаз, тұрмыстық машиналар, ас тұзын, тамақ өнімдерін, тұрмысқа арналған силикаттар, электр жарықтандырушы аппаратуралар, тұрмыстық химия өнімдерін, тері бұйымдарын, көркем бұйымдарды, тұрмыстық электр құралдарын, темекі және т.б. өндіру жатады. Қытай жеңіл өнеркәсбінің көптеген тауарлары: фарфор, сағат, шамадан, былғары бұйымдары, әсіресе аяқкиім, ойыншық, металл бұйымдар, шамдалдар, көзілдірік т.б. әлемнің 100 – ден астам елдері мен аймақтарына экспортқа шығарылады.