Тәжікстан Республикасы

Жерінің ауданы – 143,1 мың км2.

Халқы – 6,8 млн (2004ж).

Астанасы — Душанбе.

Мемлекеттік құрылымы – Республика.

Мемлекеттік басшысы – президент.

Заң шығарушы орган – парламент.

Мемлекеттік тілі – тәжік тілі.

Ұлттық валютасы – сомони.

Географиялық орны. Тәжікстан – Орта Азиялық елдердің бірі. Ол солтүстігінде Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Ауғаныстанмен шектеседі. Ал батысындағы шекара түгелімен Өзбекстан арқылы өтіп жатыр. Ел аумағы солтүстіктен оңтүстікке 350 км, ал батыстан шығысқа 700км-ге созылады. Тәжікстан таулы ел болғандықтан мемлекеттік шекараның басым бөлігі тау жоталарының биік бөліктері арқылы өтеді. Мұхиттардан өте қашық орналасуы, биік таулы жер бедері әсерінен оқшаулануы, солтүстігімен оңтүстігінің арасындағы байланыстың (теміржолдардың көпшілігі Өзбектсан арқылы өтеді) қиындығы ел эконномикасын өркендетуге басты кедергі болып табылады. Оңтүстігіндегі Ауғаныстанмен көршілік елдің геосаяси жағдайын нашарлатады. Ондағы ұзаққа созылатын қақтығыстар, халықаралық терроризм ошақтарының жақын орналасуы елдің саяси- әлеуметтік жағдайынада әсер етуде. Қытаймен шекаралық аймақ игерілуі дәрежесі төмен Памирдың биік бөліктері арқылы өткендіктен, екі ел арасында өз дәрежесіндегі байланыстар қалыптаспаған.

Аумағының қалыптасуы және мемлекеттік тарихы. Қазіргі Тәжікстан жерінде б.з.д. І мың жылдықтың бірінші жартысында алғашқы мемлекеттер (Батерия) құрыла бастады. Ел аумағы б.з.д. VI-IV ғасырларда ирандықтардың, одан кейін Ескендір Зұлқарайын шапқыншыларының иелігінде болды. Осы уақыттар аралығында Тәжікстан жерінде өреу мен құлдырау процестері билік түрінің ауысуына байланысты алма – кезек қайталанып отырады. VIIIғ арабтардың келуіне байланысты исламдініде енді , бірақ тәжіктер батыс иран тіл тобына жататын өздерінің тілідік ерекшеліктерін сақтап қалды. IX-X ғасырларда жергілікті Саманидтер династиясы басшылығы кезінде тәжік халқы этнос ретінде толық қалыптасты. Бұл мәдениеттің, сауда мен өол өнерінің дамуының, қалалардың өсуінің ең бір қарқынды жүрген кезеңі болды. Омар Хайям,Фирдоуси, Рудаки, Абу-али –Ибн-Сина (Авиценна) сияқты ғұламалардың еңбектері осы кезеңде жарық көрген. ХІІІ ғ. Тәжікстан Монғол империясының, XVI ғ. Бұхара хандығының иелігі болды. 1868 ж оның солтүстік бөлігі Ресей империясына қосылып , қалған бөлігі Бұхара хандығының құрамында қалып қойды. 1917 ж Қазан револютциясынан кейін , тәжіктер ұзақ уа қыт бойы кеңестер өкіметіне қарсылықтар көрсетіп, 1921-1924 жж Өзбек КСР-і құрамына автономия болып енгізілді. 1929 ж құрамына Ферғана аңғарының бір бөлігі қосылып , Тәжік КСР-і болып қайта құрылды. 1991 ж 9 қыркүйекте Тәжікстан Республикасы өзнің тәуелсіздігін жариялады.

Табиғат жағдайы мен ресурстары. Тәжікстан –т аулы ел оның жерінің 93% -дан астамын таулар (Оңтүстік- Батыс Тянь-Шань,Гиссер- Алай, Памир) алып жатыр. Жерінің тең жартысынан астамы 3000 метрлік биіктікте орналасқан . Таулардың басым көпшілігі ендік бағытта , олардың арасын тауаралық аңғарлар (Ферғана, Гиссар, Ваш, Сурхоб) бөліп жатыр. Кайназойлық (альпілік) тау түзіліу кезінде көтерілген тау жүйелерінде қазіргі тектоникалық қозғалыстар әлі де жүріп жатыр. Сондықтан сейсмикалық белсенділігі жоғары аудан болып табылады. Памирде ТМД жеріндегі ең биік нүкте -Коммунизм шыңы (7498 м) және ең үлкен тау мұздығы Федченко (ұзындығы 77км )орналасқан. Памир – дүние жүзіндегі аса биік әрі әсем, бірақ табиғаты қатал аудандар қатарына жатады.

Геологиялық – тектоникалық құрылымының күрделілігі пайдалы қазбалардың таралу заңдылығын анқтайды. Тауалды иіндерінде мұнай мен газ кездеседі, бірақ қоры жөнінен Өзбекстан мен Түркіменстан жеріндегі кен орындары мен теңесе алмайды. Гиссар- Алай тауларының солтүстігі арқылы суырма- сынап белдеуі өтеді, сондай- ақ вольфрам, қалайы, флюорит (балқитын шпат), ас тұзы кездеседі. Памир тауларында алтын , молибден, волфрам, тау хрусталы, слюда және әр түрлі минералдар бар. Сонымен қатар елдің солтүстік- шығысында полиметалл мен уран кен орындары анқталған.

Тәжікстан климаты материктің ішікі бөлігіндегі орны мен қоңыржай және субтропиктік белдеулердің шекаралық аймағында орналасуы нәтижесінде өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Ол белгілер қатарына ашық ауа райы жағдайыдағы Күн радияциясы мөлшерінің жоғары болуы , ауаның құрғақ әрі шаңды болуы және жылдық, тәуліктік,температура айырмашылықтарының жоғары болуы жатады. Мысалы, елдегі максимум температурасы +480 С-қа жетсе, минимум темпаратура -60С-қа дейін төмендейді. Жалпы алғанда қыс жылы әрі қысқа, кейде солтүстіктен салқын ауа енген жағдайда ауа температурасы -150С-қа төмендеуі мүмкін, ал оңтүстігіде -20С-тан төмен болмайды. Жаз әдетте ыстық, шілде айының орташа ауа температурасы +300С-тан жоғары (тауларда +8,+160С) құрғақшылық жиі болып тұратын құбылыс. Аязсыз кезең ұзақтығы 250 күнге созылады, сондықтан да кеш пісетін дақылдарды өсіруге мүмкіндіктер бар. Жауын-шашынның жер бетіне түсуіде әркелкі, таулардың жел жақ беткейлерінде 1500 мм, ал ық жақ бетккккккейлерінде 100мм-ден аспайды. Ылғал көбінесе қыспен көктемде түседі. Шығыс Памир климаты биік таулық климатқа ауысады. Қыс ұзақ әрі суық , жаз қоңыржай салқын, қысқа әрі құрғақ. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм-ден аспайды. Ең төмен көрсеткіш – Қаракөл маңында. Тәжік жері таулы болуына байланысты гидроэнергетикалық ресурстарға бай. Өзендердің барлығы Әмудария мен Сырдария жүйесіне кіреді. Өзендер таулардағы мұ здықтардан басталатындықтан су деңгейі жазда көтеріледі. Өзендер бойында СЭС тізбегі салынған, олардың ішіндегі ең қуаттысы Вахзш өзеніндегі Нүрек (жарық, сәуле деген мағына білдіреді.) СЭС-і (қуаты- 2,7 млн кВт). Онда салынған бөгеттің биіктігі – 300 метр , су бөгенінің ұзындығы 70 км-ге созылады. Су бөгендерінің ең ірілеріне Қайраққұм («Тәжік теңізі»), Нүрек, Фархад жатады. Тәжікстан жерінен 200-ден аса минералды су көздері анықталған, бірақ олар әлі өз дәрежесінде пайдаланылмай келеді.

Ең ірі көл –Қаракөл, ауданы -380 км2.Памирде 1911 ж болған күшті жер сілкінуі кезінде Мургаб өзеннің бөгелуінен пайда болған Сарез көлі бар. Ауданы – 79,6 км2, тереңдігі 500м-ге дейін, 3263 м биіктікте орналасқан. Табиғаты көркем, әсем көлдер қатарына жатады.