Өзбекстан Републикасының халқы мен шаруашылығы

Халқы.2002 жылдың ортасына қарай республика халқының саны 25,1 млн адамға жетті.Өзбекстанға халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі типі тән,яғни халық саны табиғи өсу есебінен артады.Табиғи өсу жылына 1,7% шамасында,бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 23,ал өлім 6 адамды құрайды.Ел тұрғындарының өмір жасының ұзақтығы 69 жас,бұл көрсеткіш бойынша Өзбекстан ТМД аумағында Кавказ елдерін ғана алға салады.

Өзбекстан – көп ұлтты республика, мұнда 120 – дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.Табиғи өсудің жоғары болуы себепті және басқа ұлттардың ( әсіресе орыстардың ) республика аумағынан тыс жерлерге қоңыс аударуына байланысты өзбек халқының саны артып келеді.Олардан басқа ( 7,4 %),тәжіктердің (4,7% ), қазақтардың (4,1%) үлесі біршама.2001 жылдың өзінде Өзбекстаннан Қазақстанға 15 861 адам қоныс аударды,олардың негізгі бөлігін тарихи отанына оралған қазақ халқының өкілдері құрайды.

Жалпы алғанда, халықтың орташа тығыздығы жоғары (1 км 2 жерге 56 адам ) болғанымен , ел аумағында халық қоныстануы біркелкі емес.Халықтың көпшілігі егіншілікке қолайлы алқаптарда қоныстанған, мұнда тығыздық 1 км жерге 350 – 380 адамнан келеді.Экологиялық жағдайы нашарланған Қарақалпақстан аумағында , шөлді Бұқара, Навой облыстарында халық сирек тұрады, кейбір аудандарда тұрғылықты халық мүлде жоқ.Орта Азияның барлық елдеріндегі сияқты, Өзбекстанда да қала халқының үлесі (38%) төмен. Ірі қалалары – Ташкент ( 2,3 млн адам ), Самарқанд (395 мың адам), Наманган (310 мың адам).

Өзбекстан қалаларының қайталанбас келбеті олардың тарихы мен тығыз байланысты. Ежелгі Соғды мемлекетінің, кейіннен Әмір Темір иелігінің астанасы болған, осыдан 25 ғасырдай бұрын негізі қаланған көне Самарқандты отырықшы өркениеттің орталығы десе болғандай.Темірдің немересі, белгілі ғалым Ұлықбек билеуші болған кезеңде қала ғылым мен білімнің, өнердің нағыз орталығына айналды. Мұнда 1429 жылы салынған обсерватория осы күнге дейін сақталып қалған. Самарқандтағы Темір жерленген әйгілі Гур — Әмір кесенесі, орталықтағы Регистан алаңы, көптеген мешіт – медіреселердің ғимараттары туристер назарын өзіне аударды. Осыдан 2000 жылдан астам бұрын негізі қаланған Бұқара қаласы орта ғасырлық сәулет өнері үлгілері мен әйгілі, бұл қалада шығыс ақындары Фирдоуси мен Рудакин, дүние жүзіне танымал болған ғалым, дәрігер Ибин Сина тұрған.

Шаруашылығы. Өзбекстан Орта Азия елдері арасында экономикалық жағдайының біршама тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ол ел экономикасында жүргізіліп жатқан мынадай құрылымдық өзгерістермен тығыз байланысты;

  • жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу ( шетелдік « Даймлер – Бенц « ) пен «Дэу» компанияларымен бірлескен кәсіорындардың салынуы );
  • отын – энергетикалық ресурстарды сыртқа сатудың көлемін ұлғайту;
  • халық тығыз қоныстанған аудандарда жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында кәсіпорындар салу,
  • елдің энергетикалық қуаты мен астық өндіруді арттыру арқылы экономикалық дербестікке қол жеткізу.

Республика бойынша ЖІӨ-нің жалпы көлемі 1998 жылы 59,2 млрд АҚШ долларын құрады. Оның құрылымынды өнеркәсіп үлесі 27% болса, ауыл шаруашылығы 26%, өндірістік емес сала 47% құрайды.

Өнеркәсіп түрлері. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде, әсіресе отын-энергетика саласын дамытуға көп көңіл бөлінді. Электр энергиясын өндіру Ангренрдегі қоңыр көмір, Шыршықтағы СЭС тізбегіне және табиғи газға негізделген. Қазіргі кезде 1991 жылымен салыстырғанда мұнай ( газ конденсатымен қоса ) өндіру 3 есеге жуық, ал табиғи газ өндірісі 10млрд метр3 – ге артты. Ел Қазақстан мен Қырғызстанда табиғи газбен қамтамасыз етеді. Мүбәрікте газ өңдеу зауыты салынған, мұнда газбен қатар күкіртте өндіріледі. Республикада газ өңдеумен қатар, мұнай өндіру саласы да қарқынды дамуда. Алтыаралық және Ферғана мұнай өңдеу зауыттары Ферғана аңғарынан өндірілетін мұнайға, ал салынып жатқан Бұқара зауыты Көкдумалак кен орнының мұнай – газ конденсатына негізделген.

Мұнай-газ өндірісі негізінде химия өнеркәсібі ерекше қарқынмен дамуда. Бұл сала, ең алдымен, ауыл шаруашылығының тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Шыршық, Навой мен Ферғанада азот тыңайтқыштарын өндіреді, ферғана, Қоқан, самарқанд, алмалықтағы зауыттар Қазақстаннан әкелінетін фосфорит шикізаты негізінде жұмыс істейді.

Жергілікті шикізатқа негізделген түсті металлургия айрықша көзге түседі. Алмалық маңында мыс – молибден кендері өндіріліп, өңделеді. Ал Ташкент облысындағы комбинаттар жергілікті вольфрам, молибден кендері мен Тәжікстаның әкелінетін қорғасын-мырыш концентраттары негізінде жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы. Республиканың жер қорының 57%-ын ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Ауыл шаруашылығы құрылымында өсімдік шаруашылығының үлесі басым. Өзбекстанда өсірілетін басты дақыл – мақта, мұнда жылына шамамен 4 млн тонна мақта талшығы жиналады. Мақта талшығының1/4-і сыртқа шығарылады.

Мал шарушылығы шөлді аудандарда дамыған, негізінен, қаракөл елтірісін беретін қой шаруашылығы маманданған. Тау алды жазықтары мен тау аңғарларында биязы жүнді қой бағылады. Шұратты аудандар мен қала маңдарында сүтті-етті бағыттағы ірі қара өсіріледі. Елдегі ең ежелгі маманданған кәсіптің бірі – жібек құртын өсіру. Бұл сала мақта, бау-бақша өсірумен қатар дамуда.

Көлік қатынасы және сыртқы байланыстар. Көлік жүйесінде теміржолдың үлесі басым, оған жүк айналымның 80%-дан астамы тиесілі. Маңызды теміржол желілері қатарына Орал мен Сібірге бағытталған және Әмударияны бойлай Атырауға апаратын жолдар жатады. Сонымен қатар Өзбекстанға тас жолдардың жиілігі де едәуір ( әр 1000км2 жерге – 91 км ). Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты ел аумағы арқылы Қытай мен Еуропаны жалғастыратын халықаралық тас жолдар өтеді. Аса ірі газ құбырлары Ресейдің орталығына, Оралға және Қазақстанға бағытталған.

Өзбекстан экспортында мақта талшығы, химия өнімдері, тоқыма бұйымдары, түсті металл, алты, азық-түлік өнімдері мен табиғи газ басым. Импорт құрлымында жоғарғы технологиялық жабдықтар айрықша орын алады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде шетелдермен экономикалық байланыстарды күшейтуге айрықша көңіл бөлінуде.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты экономикалық байланыстар қалыптасқан, ол 1992 жылы 24 маусымда қол қойылған келісімге негізделген. Екі ел арасындағы сауда-экономикалыққатынастың дәлелі – Қазақстан тарапыан астық, мұнай, металлургия мен химия өнеркәсібі өнімдерінің Өзбекстанға шығарылуы, ал Өзбекстаннан мақта мен газдың әкелінуі. Қазақстанда Өзбекстанмен бірлескен 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 430 млн АҚШ долларына жетті.