Беларусь Республикасы

Географиялық орны. Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында Польшамен шектеседі.

Елдің теңіздік шекаралары жоқ, ол ұзақ уақыт бойы Ежелгі оыс мемлекетін Еуропа елдерімен жалғастырып жатқан көпір іспеттес болды. Географиялық орнының бір ерекшелігі Беларусь жерінің соғыс өртінің отына орануына себепші болды.

Аумағының қалыптасу тарихы. VII-IX ғасырларда Беларусь жеріндегі княздіктер Киев Русінің құрамында болды. Бұл ежелгі словян мемлекеттерінің ыдырауы нәтижесінде бытыраңқы сипат алған княздіктер XIII ғасырда Ұлы Литва княздігіне бірікті. Ал XVIII ғасырда Беларусь шамамен қазіргі шекарасында Ресей Империясына қосылды. XIV ғасырдан бастап Беля Русь, яғни қазіргі Беларусь атауы пайда болды. 1919 жылы 1 қаңтарда Беларусь кеңестік Республикасы құрылғаны жарияланды, оның құрамына елдің батыс бөлігіндегі Грундо және Брест облыстары тек 1939 жылығана қосылды. 1991 жылы 25 тамызда Егемендік туралы диклорация қабылданып, Беларусь тәуелсіз жеке мемлекетке айналды.

Табиғаты және табиғат ресурстары. Беларусь аумағының Ежелгі Орыс платпормасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Батпақты сипат алатын ойпаттардың ең ірісі оңтүстікте орналасқан – Беларусь полесьесі. Ел аумағында батыстан – шығысқа қарай кесіп өтетін салыстырмалы түрде биік қыраттар мен жалдар жүйесін жалпы атпен Беларусь жалы деп атайды. Ел аумағының ең биік бөлігі болып саналатын Минск қыраты(345м) солтүстік- батысқа қарай орналасқан. Жер бедері тегіс болуы Беларусь аумағын ауылшаруашылық мақсатта пайдалану мүмкіндігін арттырғанымен, батпақтардың көп болуы мелиорациялық шаралар жүргізуді қажет етеді.

Ежелгі платформа шегіндежатуы минералды шикізат құрамына да әсер еткен. Солигорск маңында калий тұздарының дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі орналасқан. Мозорь, Давыдов кен орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар.Ел аумағында құрылыс материалдары (сазбалшықтар мен құмдар, қиыршықтар, құрылыс тастары, цемент және шыны шикізаты) да мол.

Беларусь жеріне қоңыржай континентті климат тән. Ел аумағында климат көрсеткіштері үлкен айырма жасайды. Қыс кезінде ауа райының жиі құбылуы байқалады. Қаңтардың орташа температурасы -5˚ С-тан -8˚ С-қа дейін өзгеріс жасайды. Жазы қоңыр салқын, жаңбырлы,әдетте, шілденің орташа температурасы +15˚ С-тан жоғары болады. Бұлтты, бұлыңғыр күндер саны басым, жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-700 мм шамасында.

Беларусь аумағы арқылы днепр мен оның салалары: Припять, Березина және Неман, Батыс Двина, Батыс Бур өзендері ағып өтеді. Жазықтан ағатындықтан ағысы баяу болатын бұл өзендермол сулы келеді Елде жалпы саны 4 мыңнан асатын ірілі-ұсақты көлдер бар. Көлдер әсіресе солтүстікте көп, елдің бұл бөлігінПоозерье деп те атайды. Елдегі ең ірі көл Нарочь көлі, оның ауданы 80 км-ден асады, тереңдігі -25м. Ішкі сулар, негізінен, елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге және қатынас жолдары ретінде пайдаланады. Батпақтар Беларусь жерінің 20%-ға жуығын құрайды.

Елдің солтүстігінде шымды күлгін топырақта шыршалы ормандар, орталық бөлігінде құмды топырақтарда қарағайлар ұласады. Оңтүстікке қарай оранның сұр топырақтарында емен, жөке, шегіршеннен тұратын жалпақжапырақты және аралас ормандар өседі. Елдің Польшамен шекарасында Беловеж нуы созылып жатыр. Мұнда жасы жүзден асқан алып қарағайлар өседі және орман зонасының көптеген жануарары мекендейді. Адамдар жойылып кетуден сақтап қалған зубрлар Беловеж нууының нағыз мақтанышы болып отыр.

Халқы. 2008 жылдың соңына қарай Беларусь халқының сан 9,7 млн адам болды.Беларусь Республикасы – ТМД елдері арасында халқының саны өте баяу өсіп келе жатқан елдердің бірі. Қазіргі кезде ауыл мен қаланың демографиялық көрсеткіштері үлкен айырма жасап отыр. Қалада туу 12‰ болса, ауылды жерде бұл көрсеткіш бар болғаны -8‰. Беларусь тұрғындарының өмір жасының ұзақтығы -69 жас.

Ел халқының ұлттық құрамында беларустар (78%) басым, олардан басқа орыстар (13%), поляктар (4%), украиндар (3%) және басқа ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілдері – беларус және орыс тілдері, шекаралық аудандардаполяк, украин тілдері де кеңінен тараған. Халықтың 4/5-і христян дінінің православие бағытын ұстанса, 15%-ға жуығы католиктер болып табылады.

Елдегі халықтың орташа тығыздығы әр шаршы км-ге шаққанда 47 адамнан келеді, ең жоғарғы тығыздақ Минск қаласы мен облысында байқалады. Урбандалу деңгейі, әсіресе Могилев және Бетебск облыстарында жоғары. Ірі қалалары: Минск (1,6 млн тұрғыны бар), Гомель, Могилев, Битебск, Грундо, Брест. Беларусь аумағында сақталып қалған Полоцк, Туров, Минск, Битебск, Пинск сияқты ежелгі словян қалаларында тарихи және көне ескерткіштер мол. Елдің солтүстігі мен орталық бөлігіндегі ауылдық елді мекендер (хуторлар) ұсақтығымен көзге түседі, олардың 90% халық саны 200 адамнан аспайды. Оңтүстікте салыстырмалы түрде ірі ауылдар орналасқан.