Ресейдің халқының демографиялық көрсеткіштері

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады.Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай , Үндістан, АҚШ,Индонезия,Бразилия және Пәкістан, Бангладеш,Нигериядан кейін 9 –орын алады.Ресей ғалымдарының болжамы боынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қысқаруы одан әрі жалғаса береді.Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.

Демографиялық көрсеткіштер. Ресей аумағынада ХХ ғасырдың 90 –жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты.Қазіргі кездегі туу коэффициенті 12,1 ℅, өлім коэффициенті 14,6 ℅. Туудың азаюы мен өлім – жетімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке ие болды.Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді.Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия , Тува республикаларында,Ханты – Манси АО- де байқалды.Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды:1990 жылы бұл көрсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты құрайды.

Демографиялық көрсеткіштерге халықтың жас және жыныстық құрылымы, көші – қон сипаты да әсер етеді.Қазіргі кезде Ресей халқының 17 ℅- ы 14 жасқа толмаған балалар болса,19 ℅ -ын 60 – тан асқан егде адамдар құрайды.Ел халқының 53 ℅- дан астамын әйелдер құрайды.Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда туу көрсеткіші жоғары,өлім – жетім аз.Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.

Еңбек ресурстары.Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды.Олардың басым көпшілігі экономикалық белсенді халық болып табылады.Жалпы алғанда, ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2 ℅ деп есептеледі.Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды.Индугештия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның көрсеткіші кей жылдары 50 ℅ — ға жеткен.Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында,сондай – ақ ірі қалаларда жұмыссыздық деңгейі 4 -5℅ — дан аспайды.Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өңдірістің емес салада (57℅), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.

Халқының ұлттық құқрамы.Ресей көпұлтты елдер қатарында жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.100 – ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің байырғы халқына жатады.Саны жөнініен басымы – орыстар,олар Ресей халқының 80 ℅- ын құрайды.Орыс халқының ең басым аудан – Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95℅ — дан асады.Ресей аумағында 30- дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігіне байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық(халықтың 89℅- ы) алтай (7℅), кавказ (2℅)және орал (2℅) 4 тіл семьяларына жатады.Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен салт – дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген.Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады.Солтүстіктің басқа халықтары,негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса,якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлә қол үзген жоқ.Елдің солтүстігін,Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.

Орналасуы.Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан.Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км2 – ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 4 есе төмен.Ресей аумағының ¼ бөлігің ғана алып жатқан еуропалық бөліккте халықтың 79℅ — ы тұрады.Мұнда 1 км2 аумаққа 30 адамнан келеді.Ал елдің басым бөлігін (3/4) қамтитың азиялық бөліктің үлесіне барлық халықтың 21 ℅- ы ғана тиесілі.Халық тығыздығы мұнда 1 км2 –ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.

Экономикалық аудандар бойынша халықтың тығыздығы әртүрлі.Халық Орталық аудан мен Калиниград облысында орналасқан,ал Қйыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығ,ы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты.Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді.Мысалы,Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км2 – ге шаққанда 80 адамды құраса,табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең.Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік – экономикалық жағдайымен түсіндіруге болады.Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км2— ге 320 адамға жетеді.Еуропалық бөліктің солтүстіктен басқа аумағын қамтитын жолақта Ресей халқының 93℅- ы тұрады.Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.

Солтүстік және шығысқа қарай халық тығыздығы азая бареді.Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік аудан бүкіл халықтың 6℅ — ы ғана тұрады.Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады.Сібірдің оңтүстігінде де халық сирек қоныстанған,мұнда ел халқының 1℅ — ы ғана тұрады,бірақ ауыл халқының үлесі жоғары.Халықтың әркелкі орналасуы және көпшілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым.Жалпы алғанда , Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар.Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек.Көлік қатынасы және рекреациямен,сондай – ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдық елді мекендер де бар.Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55℅ — ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Ірі қалалары.Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50-100 мың адам), ірі (100-500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді.Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды.Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсірісе миллионер қалалардың маңызы зор.Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының ¼ бөлігі шоғырланған.

Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт – Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан.