Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі

Табиғаттың құрамдас бөлігі ретінде адам географиялық ортамен өзара тығыз байланысты. Өркениеттің жетістіктері түгелдей дерлік географиялық ортаның жағдайынан көрініс табады. Осы жерде біз ’’табиғат’’ және ’’географиялық орта’’ туралы түсініктерге тоқтала кеткеніміз жөн. Дегенмен ’’табиғат’’ ауқымы кеңірек түсінік. Географиялық орта географиялық қабықтың антропогендік ықпалымен ұзақ эвалюциядан өту нәтижесінде қалыптасады. Антропогендік әрекет нәтижесінде ’’екінші табиғат’’,яғни қалалар, зауыттар, суармалы жерлер, каналдар, көлік магистралдары және т.б. пайда болады.

Географиялық орта деп адамзаттың табиғи даму кезеңіне және кәсіптік әрекетіне тікелей қатысатын Жер табиғаттың бөлігін айтамыз.

Географиялық орта- қоғамның дамуы мен әрекетінің қажетін өтейтін өмір сүру ортасы, ресурстардың аса маңызды көзі болып табылады, сонымен бірге адамдардың рухани әлеміне, олардың денсаулығына және көңіл күйіне әсер етеді.

Соңғы уақыттарда географиялық орта ұғымымен қатар, ғылым салаларында қоршаған орта түсінігі де қолданыла бастады. Қоршаған орта деп адамзат қоғамының барлық тіршілік және өнеркәсіптік әрекет ету ортасы, адамды қоршаған, табиғи және антропогендік ортаны қоса есептегендегі барлық материалдық дүниені түсінеміз.

Адамзат қоғамының тарихы- ­­­­ол қоғамның табиғатпен, географиялық ортамен өзара әрекеттесу тарихы. Осы өзара әрекеттесу барысында(онда белсенді күш рөлін қоғам атқарады) олардын арасында күрделі қарым-қатынас қалыптасқан .

Қол жеткен ғылыми- техникалық жетістіктерге байланысты адам өз табиғатының қожайыны сезінді. Сондықтан табиғатты тиімсіз пайдаланады, Ғаламдық деңгеидегі табиғат ресурстарын пайдаланудың белсенділігінің артуы, әлем халқы санының күрт өсуі(1650 ж.-550 млн адам, 1850 ж. -1250 млн, 2009 ж.-6,8 млрд адам), адамдардың қалаларға шоғырлануы, қалалар санның және өндіріс аудандарының өсуі табиғат пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесуге сапалық өзгеріс алып келеді. Қоғам тарапынан табиғатқа деген ’’қысым’’ күрт өсті. Табиғи ландшафтарды антропогендік түрге айналдыруда ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жол құрылысы сияқты және т.б. салалардын үлесі күннен-күнге артты.

Барлық елдердегі өнеркәсіптер мен шаруашылық салалары табиғатты пайдаланушы рөлін атқарады. Олардағы технологиялық процестердің мешеулігінен өндірілетін шикізаттың 1,5-2%-ы ғана өнім көрскткішін құрайды. Ал соның негізгі массасы (98-99%) өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға немесе жай ғана қоқысқа айналады. Жер шарының көптеген аймақтарында шаруашылық саласының және қалалардың өсуі адамдар үшін көптеген экологиялық зардаптар тудырады:

  • ресурстық -шаруашылық (табиғат ресурсының сарқылуы )
  • табиғи-ландшаптылық(алуантүрліліктің қысқаруы,табиғи ландшафтылардың тозуы)
  • антропогендік-экологиялық)адам денсаулылығының нашарлауы)

Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәелді екендігін түсінуіне, табиғат қорғау проблемасын жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келеді. Көптеген 100 жылдар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқындыдамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсайды.Бұдан қорытындылайтынымыз-табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және олады сақтау,қалпына келтіру тірі таьиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандай.

Мұндай жағдайда табиғат ресурстарын адамның шаруашылық әрекеттерінің аясына енгізу және табиғат ресурстары мке қоршаған ортаны қалпына келтіру,қайта өзгнртушараларының кешенді проблемалары туындайды. Бұл проблемамен білімнің қолданбалы сипаттағы табиғатты тиімді пайдалану деп аталатын жаңа кешенді ғылым саласы айналысады.