Саяси география және геосаясат. Тарихи географиялық аймақтар

Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік. Саяси география салыстырмалы түрде кейiн пайда болған ғылым саласы, ол 18 ғасырдың соңына қарай дүние жүзi елдерiнiн ерекшелiктерi мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттейтiн ғылым ретiнде қалыптаса бастады. Саяси географиялық ғылым ретiнде негiзiн немiс ғалымы Фрядрях Ратцелы қалаған, оның осы салалары негiзi тұжырымдамалары 1897 жылы жарияланған *Саяси география* атты еңбегi жарық көрген.
Казiргi заманғы саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамуда Географтардың анықтамасы бойынша,саяси география геосаясат, географиялық мемлекеттану мен саяси аймақтану, аймақтың саясаттаяуды бiрiктiретiн ғылымның саласы.Саяси география саласындағы маман ғана елдiң әкімшілік-аумақтық бөлiнуi мен мемлекеттiк құрылымның сапасына мемлекеттiң бiртұтастығын сақтау тұрғысында баға бере алалы.
Қазіргi кезде әсiресе саяси географияның құрамдас бөлiгi болып табылатын саясаттың ғылыми-қолданбалы маңызы артып отыр. Геосаясат терминін швед ғалымы Рудолыф Челлен кез келген мемлекет нығайып, күшеюi , демографиялық,әлеуметтiк, әскери саясатты жургiзумен қатар,геосаясатқа үлкен көңiл бөлуi қажет деп есеттеген. Ресейлік географтардың анықтауынша, геосаясат — көлемдi билеудiң* ғылымы, ол ғаламдық мәселелердi шешуде қандай шешiмдер қабылдау қажет екендiгiне жауап бередi.
I’еоеаясат мемлекеттердiң сыртқы саясат пен олардың бiр-бiрiмен қарым қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара қатынастар тұрғысынан эерттейдi

Алғашқы геосаяси теориялар. ХХ ғасырдың басында саяси географияда геосаяси бағыт басым дами бастады. Бұл кезеңдегi геосаясат белгiлi бiр мемлекеттің саяси жағдайына талдау жүргiзу арқылы оның саясатқа қатысты нақты мақсатын көздедi. Осы тұрғыдан алғанда,түрлi аумақтарға бақылау жасалып, қамтитын мемлекеттердiң экономикалық және саяси мүмкiндiктерi зерттелдi.
Геосаясатшылар сол кездің өзiнде-ақ әлемдiк саясатта шешушi рөл атқаратын географиялық факторларды анықтаған болатын. Геосаясатшыар осы фактор толығымен ұштасқан жағдайда ғана ел нығайып, күшеюi мүмкiн деген болжам жасалды.Ал аумағы үлкен және бiртұтас еркiн қозғалу мүмкiндiгi шектеулi болды, мұны ХХ ғасьтрдын басында жылы теңіздерге шыға алмауымен түсiндiруге болады. Күштi теңiз флоты бар Ұлбритания, керiсiнше, дүниенiң төрт құрлығына еркiн бара алатын едi, ел отарлар мен доминиондарды көбейту есебiнен аумағын да ұлғайтты.
Қазiргi заманғы геосаяси ағымдар. Қазiргi кезде көптеген жаңа геосаяси тұжырымдар дүниеге келуде.Геосаясаттың ХХ ғасырдың екiншi жартысында дамуында америкалық геосаясатшы Солом Коэ енбектерiнің маңызы зор болды. С.Коэ әлемнiц ‘көп полюстiлiгi’ туралы тұжырым жасап,әлемiнiң анағұрлым күрделi геосаяси үлгiсiн (моделiн) ұсынды.Мұнда бүкiл әлем екi С.Коэнюн пiкiрiнше,геостратегиялық облыстардың шекарасында жатқан аудандарға (Африканың Сахарадан онтүстікке қарай жатқан бөлiгi, Таяу Шығыс,Оңтүстiк-Шығыс Азия) саяси тұрақсыздық пен, мұнда мемлекет аралық және ұлтаралық жанжалдардың жиi болуының өзi бұл аймақтардың шекаралары орнымен түсiндiрiледi.

Қазақстанның геосаяси жағдайы,ең алдымен,оның Жер шарындағы ең алдымен құрлық — Еуразияның орталығында орналасуымен анықталады.ХХ ғасырдың ұлы ойшылдарының бiрi, этногенез теориясын жасаған әйгiлi орыс ғалымы Л.Н.Гумилев өзiнің еуразиялық екендiгiн айтқан.Қазақстанның еуразиялық сипаты тарихы кезеңдерде оның мемлекет ретiнде қалыптасу бағытын және қазақ халқының ұлттық ерекiшелiктерiн анықтап бердi. Кеңес Одағының ыдырауы мен Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн алуы елдiң геосаяси жағдайын бiршама өзгерттi. Қазақстан ядролық қаруды өз еркiмен бас тартқан тұңғыш мемлекетке айналды.1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президентi Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабатындығы туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның геосаяся жағдайы оның әлемдiк саясатта айрықша орны бар Ресей мен Қытайдың, мұсылман әлемiнің аралығында орналасуымен де анықталады.Еліміздің ТМД құрамына енетін Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан және Түрiкменстанмен ортақ шекараларының болуы оның геосаяси жағдайына қолайлы әсер етедi.Көршілес мемлекетгермея бiрте Шанхай ынтымақтастық ұйымына енетiн Қазақстан аймақтық кауiпсiздiк, шекараны бейбiт жолмен реттеу, халықаралық терроризммен бiрлесе күресу, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi ортақ мәселелердi шешуге атсалысуда.

Тарихи-географиялық аймақтар. Казiргi әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлiнедi
1.Батыс Еуропа9.Латын Америкасы
2.Шығыс Еуропа10.Солтүстiк Африка
3.Теуелсiз Мемлекеттер11.Батыс Африка
достастығы (ТМД)12.Орталык Африка
4.Оңтүстiк-Батыс Азия13.IIIығыс Африка
5.Оңтүстiк Азия14.Оңтүстiк Африка
6.Орталық және Шығыс Азия15.Аустралия
7.Оңтүстiк-Шығыс Азия16.Мұхит аралдары
8.Солтүстiк Америка

Аймақтардың атауларын,құрамы мен шекарасын айқындауда елдер топтастырудың байырғы дәстүрiне суйенгенiмен, соңғы жылдары географиялық әдебиеттерде,әсiресе елтану бағытындағы еңбектерде берiлiп жүрген жiктелуі де ескерiлдi.ТМД-елдерiн бiртұтас тарихи-географиялық аумақ ретiнде жiктеуiмiздiң озі бұл аймақта орналасқан елдердiң ұзақ жылдар бойы бiртұтас географиялық экономикалық,мәдени кеңiстiк түзгендiгiмен ғана емес, тарихй тагдырлары.ортақтығымен түсiндiрiледi.ТМД шеңберiнде дамып, нығайып келе жатқан алуан түрлi байланыстар жүйесi,елдер экономикасының даму мүмкiндiгi сыртқы саясатында ортақ мүдделерiнiң болуы,айрықша геосаяси жағдайы тарихи-аймақ ретiнде қарастыруы себептi болды.