Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы

Ең үлкен деген елдің өзі барлық қажетті тауарды шығыры алмайды.

Бұл елдер арасында экономикалық немесе іскерлік серіктестк байланыстардың қалыптасуына алып келеді. Ондай байланыстар түрлері са алуан.

Оның кең таралған түрі –халықаралық мамандану және өндірісті кооперациялау.

Елдер арасында заттық, тетіктік және технологиялық мамандану бар.

Заттық мамандану –өңдеу өнеркәсібінің дайын өнімшығаруын қамтиды.Ол көбінесе машиа жасау мен химияда кең таралған.

Қазақстан трактор, ауыл шаруашылық машиналарын (тұқым сепкіш, тырмалағыш, дестелегіш), экскавторлар, конденсаторлар, рентген жабдықтарын, минералдық тыңайтқыштар шығаруғу маманданған. Олардың көбі Ресейге және Қытайға сатылады.

Технологиялық мамандануда – біртұтас өндірістік тізбек – “шикізат – жартылай фабрикат – дайын өнім” аумақтық жағынан ажыайды. Оның жеке бөліктері – технологиялық процесс стадиялары – әр елдерде орындалады. Ондай мамнданудың айқын мысалы ретінде АЭС үшін отын өндірудегі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты атап көрсетуге болады.

Халықаралық маманданудың ең күрделі түрі – тетіктік мамандану. Ол өндірісті кооперациялау түрінде сипатталады. Бұған Ульяновск қаласындағы «Авиастар» зауытында ТУ-204 жаңа Ресей ұшақтарын шығаруға Қазақстан кәсіпорындарының қатысуын мысалға келтіруге болады.

Мамандану мен өндірісті кооперациялау сыртқы экономикалық байланыстың ең «ескі» әрі «кең» таралған түрі – сыртқы саудамен тығыз байланысты.

Сыртқы тауар саудасына сыртқа шығару (экспорт) және сырттан әкелу (импорт) жатады. 1993 жылдан Қазақстанның шет елдермен саудасы 5 есеге өсті (2004 ж. – 33 млрд долларды, оның ішінде экспорт 20 млрд долл. құрады). Елдің сырттан әкелгеннен гөрі, сыртқа үлкен сомаға тауар шығаруының маңызы зор. Бұл оның алтын валюталық қорын ұлғайтады.

Біздің ел сыртқа 300-ден жоғары өнім түрін шығарады. Бірақ Қазақстан экспортының 3/4 бөлігін бар болғаны 5-ақ тауар түрі -мұнай, қара металдар прокаты, тазартылған мыс, бидай және ферроқорытпалар құрайды. Елдің негізгі экспорттық тауары – шикі мұнай (барлық экспорттың 3/5 бөлігі).

Сыртқы сауда географиясында үлкен өзгерістер болды. Біріншіден, Қазақстанның серіктес мемлекеттерінің саны көбейді: қазір олар 170. Екіншіден, қазір сауданың 2/3 бөлігі алыс шет елдердің үлесіне тиеді. Сауда көлемінің ұлғаюына байланысты, ТМД елдерінің үлесі азайды, өйткені оларда экспортқа бізбен бірдей тауарлар шығарады.

Қазақстанның сыртқы саудасын «құрлықтық» сауда деп те атауға болады, өйткені оның басым бөлігі (9/10-нан жоғары мөлшері) Еуразия елдерімен жүргізілетін сауданы құрайды.Оның географиялық жобасын ТМД елдерімен (барлық сауданың 31%-ы), әсіресе ЕурАзЭҚ елдерімен (25%-ы), Еуропалық Одақпен (32%-ы) жөне Қытаймен (8%-ы) арадағы тауар айналымдары береді. Олардың үлесіне еліміздегі тауар айналымының 3/4 бөлігі келеді.

Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар — Швейцария, Италия, Ресей, Қытай (барлық экспорттың 60%-ы). Тағы осындай мөлшердегі импорт тауарлары Ресей, Германия, Қытай және Украинадан келеді.

Елдер тек тауармен ғана емес, қызмет көрсету түрлерімен де алмасады. Қызмет көрсету — бұйым шығарумен тікелей байланысы жоқ, ақылы жұмыс түрлері. Сондықтан қызмет көрсету саудасын «көрінбейтін экспорт» деп те атайды.)

Қазақстанның тауар саудасынан гөрі, қызмет көрсету саласы жылдам өсіп келеді. 1993 ж. ол 6 есеге өсті. (2004 ж 7 млрд долл.) Республика басқа елдерге қызмет көрсетуден гөрі өзі оны 3 млрд долларға көп қабылдайды.

Қазақстанның экспорттьщ негізгі серіктестері – ТМД елдері, ал импорттық географиясы әр алуан. Іскерлік қызмет көрсетуде АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның, ал туристік қызметте – Ресей және ТМД елдері, кұрлыстық қызмет көрсетуде Түркия, ал фрахталық қызмет керсетуде Әзірбайжанның рөлі үлкен.

Іскерлік серіктестік көп жағдайда бірлескен кәсіпорын (БК) құруға алып келеді. Оған отандық және шет елдік компаниялар қаржы салады. 120 ел серіктес болып табылатын БК саны 7000-ға жетті. Олардың ішіндегі негізгілері – Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия және Ұлыбритания. Біріккен кәсіпорындар Қазақстанның экспорттық өнімдерінің 70% белігін шығарады.

Елдер арасындағы халықаралық ғылыми-техникалық байла-ныстардың зор маңызы бар.

Білім саудасы, әсіресе, ғылыми-техникалық жобалар (машиналар мен аспаптар сызбалары мен технологиялык сипаттамалар) саудасы кең таралған.

Арнаулы ұйымдар ғылыми-техникалық жобаларды (жаңалықтарды) тіркеп, өнертапқышқа оны пайдалану құқына патент береді. Оның иесі патентін сатуына болады. Бірақ көп жағдайда ол патенттің өзін емес, лицензиясын сатады, яғни патентті ел ішінде немесе шет елде пайдалануға рұқсат береді. Сатушыға бұл тиімдірек, себебі патентті бірақ адамға сату мүмкіндігі болса, лицензияны бір уакытта ондаған, тіпті жүздеген адамға сатуға болады.

Біздің елімізде көптеген өнертапқыштардың басты ғылыми ор-талықтарында дүние жүзіне әйгілі ғылыми өнер табыстары ашылды. Олардың қатарында түсті металдар ғылыми-зерттеу институты (Өскемен), Ұлттық ядролық орталық (Курчатов, ШҢО), мұнай және газ институты (Атырау), химиялық технология және ғарыштық зерттеулер институттары (екеуі де Алматыда) және т. б. бар. Дегенмен, әлемдік деңгеймен салыстырғанда елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктері аса жоғары емес. Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарымен бар болғаны 14 мыңдай ғана адам айналысады (дүние жүзі ғалымдарының 0,25%-ы). Оларға бөлінетін қаржы мөлшері де көп емес (жалпы ішкі өнімнің 0,3%).

Қазақстанға қазіргі жаңа технологиялар мен жобалар шет елдік компаниялармен бірге келеді. Ғылыми-техникалық байланыстың тағы бір мысалы – әлемдегі ірі ғарыш айлақтарының бірі – Байқоңырда Қазакстанның «Бәйтерек» ракеталык-ғарыштық кешенін құру жөнінде Ресеймен ынтымактастық.

Халықаралық туризм адамдардың шет елдерге табыс табудан басқа кез келген мақсатпен жарты жылға дейінгі мерзімде саяхат жасауы.

Қазақстан кеңестік кезеңде де қонақтарды көп қабылдайтын. Олар негізінде КСРО республикаларының халықтары болатын. Шет елдік туристердің саны 20 мыңнан аспайтын (1989) және олардың барлығы дерлік Алматыға келетін. Ал оларға Қазақстанның басқа аудандарына саяхат жасауға рұқсат етілмейтін. Шекара бойындағы облыстар, қорғаныс зауыттары орналасқан жерлер, ғарыш айлағы мен соғыс полигондары орналасқан аумақтар олар үшін «жабық жерлер» болды. Қазіргі уақытта ондай көптеген шектеулер алынып тасталған.

Дүние жүзінің біздің елге қызығушылығы өсіп отырғандықтан, елімізге келетін шет елдік қонақтар саны да ұлғайып келеді (2004 ж. – 4,3 млн).

Халықаралық туризм елімізге жылына 700 млн доллардай кіріс әкеледі. Бірақ одан да көп қаржыны (800 млн долл. шамасында) қазақстандыктар шет елдерге сапарға шығуда жұмсайды.

Халықаралық қаржы қатынастары әр алуан түрде жүзеге асырылады. Ең бірінші, бұл – шет ел валютасын сатып алу және сату .

Онымен банктер айналысады. Олар шет елдік банктермен белгілі бір мерзімде валюта жеткізуге (доллар, еуро, т. б.) мәмілеге келеді. Оларды ақша айырбастау пунктеріне сату арқылы пайда табады.

Екіншіден бұл — несие беру немесе несие алу. Олардың көмегімен елдер арасындағы барлық негізгі экономикалық байланыстар жүзеге асырылады. Несиені төменгі пайызбен алып, оны кіріс табу үшін пайдаланудың және уақытында қайтарудың маңызы бар. Ондай болмағанда, елдің сыртқы қарызы пайда болады.

Үшіншіден, бұл – ұзақ мерзімге капитал салу (инвестиция) немесе шет елдердің инвестиция салуы. Капитал дегеніміз – ақша қаражаты, шикізат қоры және құрал-жабдық та болып табылады. Ең маңыздысы, ол кіріс кіргізуі шарт.

Қазақстанға экспортқа капитал шығаратын негізгі елдер -АҚПІ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай жөне Түркия. Мысалы, АҚШ-тың инвестициясымен – Теңіз кенорны, Ұлыбритания инвестициясымен – Қарашығанақ. Қытаймен – Жаңажол, Құмкөл кәсіпорындары игерілуде. Оңтүстік Кореяның ақша салымы негізінде мыс өнеркәсібіне жұмсалуда.

Қазақстан езіне инвестиция тартып қана коймай, өзі де оны басқа елдер экономикасына салуда. Олар ТМД елдері, әсіресе -Ресей. Бірақ оған ірі инвестициялар мен алыс шетел мемлекеттерін мысалға келтіруге болады.

Шет елдермен гуманитарлық байланыстар. Іскерлік серіктестікпен қатар, мемлекет аралық гуманитарлық ынтымақ-тастықтың үлкен маңызы бар. Ол адамзат қарым-қатынасының саласын: денсаулық сақтауды, білім беруді, мәдениетті, қоршаған ортаны бірлесіп қорғау шараларын камтиды.

Қазақстанды дәрігерлер мен ғалым-медиктердің ынтымақтасу географиясы өте ауқымды. Олар Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының жұмысына қатысып, халыкқа медициналық тексеруді бірлесіп жүргізеді, қауіпті ауруларды емдеу тәсілдерін қарастырады, ядролық сынақтан зардап шеккен адамдар денсаулығын қалпына келтірумен айналысады. Әсіресе, АҚШ, Еуропа елдері жөне Ресей денсаулық сақтау қызметкерлерімен тығыз байланыс орнаған.

Мәдени қарым-қатынас халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты қамтамасыз етеді. Сондықтан, оған кеп көңіл бөлінеді. Театр қызметкерлері кездесулер өткізіп тұрады. Ондай көптеген шаралар Ресейдін. Қазақстандағы жөне Қазақстанның Ресейдегі жылдары аясында жүргізіледі. 2004 ж. жарты ғасырлық үзілістен кейін, алғаш рет біздің елімізде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының күндері өткізілді. Еліміздің шекаралас аудандары мен біздің көршілеріміз арасында да әр түрлі мәдени байланыстар қалыптасқан.

Білім беру саласында 40-тай жақын және алыс шет елдер Қазақстанның серіктестері болып табылады. Шет елдік студенттер біздің жоғары оку орындарымызда білім алуда. Өз кезегінде 20 мыңнан астам жас қазақстандықтар әлемнің 35 елінде оқып жатыр. Бұған халықаралық білім беру алмасулары, шет елдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тағайындайтын стипендиялары үлкен ықпалын тигізеді. Жылына 3000-нан астам қазақстандықтар Қазақстан Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының арқасында шет елдік басты университеттерде білім алуда. Білім «дамытудағы» саланын еліміздегі негізғі серіктестері: Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, сонымен қатар ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның Балалар коры (ЮНИСЕФ).

Қоршаған ортаны қорғау мәселесінде Орталық Азияның көршілес елдерімен (Арал бойы), Ресеймен (Каспий теңізінің табиғи кешендерін сақтау), Қытаймен бірігіп жұмыс істеудің маңызы зор. Біздің еліміздегі 20-дан астам жоба БҰҰ-ның ықпал етуімен жүзеге асырылуда. Оларға Аралды қорғау мен қалдықтарды залалсыздандырудан бастап халықаралық биосфералық аумакқтарды ұйымдастыру мен жекелеген жануарлар түрлерін сақтап қалуға дейінгі шаралар кіреді.