Қазақстанның аргоөнерәсіп кешені

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақтында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды.Сондықтан, оның қажеттілітерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістерімен ауыл шарушылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркәсіптік кешен халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізат қамтамасыз етуді негізгі мақсат ететін көптеген салаларды біріктіреді.

АӨК кұрамында үш негізгі буын бар. I буын АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. II буын – бұл ауыл шаруашылығы, ал III буын – тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.

Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артырын кұрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай Қазақстанның маңызы жөнінен бесінші экспорттық тауары.

I буынның салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге I буынның салалары АӨК-ті кажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.

АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтар-дың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шы-рарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді.

Сондықтан, әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді, АӨК-те жұмыскерлер саны көп болғанымен, еліміз шет елдерден азық-түлікті көп мөлшерде сатып алады.

Ауыл шаруашылығы – АӨК-тің II буыны. Ауыл шаруашылығы – АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, «ең кәрі», ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.

1) Ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат, әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан, жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау — қоғамның маңызды міндеті болып саналады.

2) Ауыл шаруашылығы -экономиканың маусымдық саласы.

Көктемде егістікті уақытында жыртып, топырақта ылғал сақталу үшін өңдеп, барлық дақылдарды себу керек. Жазда өсімдіктерді ты-ңайтқыштармен қоректендіру, суару, түптеу, арам шөптермен және зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізіледі. Күз – өнімді жинап, егістікті күздік себуге даярлайтын мезгіл. Қыс – техника жөндеп, малды күтіп – бағатын, тұқымды себуге даярлайтын уақыт.

3) Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Олар біздің елімізде әр түрлі және күрделі.

Ауыл шаруашылығымен 190 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар -фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.

Олардың арасында 10-15 мың га егістік жерді өңдейтін ірі шаруа-шылықтар және жері 5-10 га ғана болатын ұсақтары да бар.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.

Қазақстанның жер аумағы үлкен – 272 млн га. Еліміздің барлық жері – жер қорына (немесе жер фондына) жатады.

Оған, сонымен қатар көлдер мен су қоймаларын, өзендерді, тоғандар-ды да енгізеді.

Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар – ауылшаруашылық жерлері (аумақтары). Олардың негізгі түрлері – егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтар, көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер),

Егістік жерлердің жекелеген бөліктері көп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есбінде қалдырылады.

Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес –11%. Бірақ, оның жн басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарылырдың бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр.

Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар – құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан, жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік желерді суарудың, жайылымдарды суландырудың ; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор.

Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкен аумақтарда қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі қазіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ, әзірге жеткіліксіз.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өңделетін жер мен мал басының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай жол экстенсивті болар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл -ауыл шаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақытта негізінен осы жол басым болуы керек.

Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олар тиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 56% жөне 44%-ын береді.