Машина жасау өнеркәсібі

Машина жасаудың экономикадағы рөлі. Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген ондаған салалар кіреді:

1) машина жасау (машиналар мен құрал-жабдық шығару);

2) металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, маши­налар мен құрал-жабдықтарды жөндеу;

3) «кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Машина жасау кешенінің маңызы — оның шаруашылықтың әр түрлі салаларына құралжабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер, теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен анықталады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтан оның даму қарқыны ілгері болып, ша­руашылык құрылымындағы ұстанымы салмақты болуы тиіс.

Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол ОЭК өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ, ОЭК машина жасау дан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металлы пайдаланып, өзі оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы мен жоңкаларын) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалык талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнерксібінсіз мүмкін емес.

Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы. XX ғ. басында біздің елімізде машина жасау саласы болған жоқ. Тек шағын ме­талл өңдеу кәсіпорындары ғана жұмыс істеді. Олар қарапайым еңбек құралдарын, үйге қажетті тұрмыстық заттар мен әшекей бұйымдар шығарды. Бұл кәсіпорындардың «ірі» өндірістегі үлесі 2%-ға да жетпейтін.

Соғысқа дейінгі уақытта республикада ірі механикалык зауыттар пайда болды. Бірақ оларда, негізінен, машиналар жөндеуден өткізіліп, металл өңделді.

Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдық (Алматы), автоматты пресс (қыспа) (Шымкент), рентген аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік двигательдерін (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда бол­ды. Олар Қазақстандағы машина жасаудың мамандануын айтарлықтай өзгертті.

Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Прибор жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады. Басқа салааралық кешендерді басып озып, ол өндірісте алдыңғы орынға шыкты.

1990 жылдардыц басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім турлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта қалып келді. КСРО-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші республика болды.

Бірақ кешеннің құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 бөлігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі метал конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын қорғаныс-өндірістік кешені (ҚӨК) құрады. Бұл кәсіпорындарда қазіргі кездегі жаңа құралжабдықтар мен ең жоғары маманданған жұмыскерлер шоғырланды.

Машина жасауда дайын өнім шығаратын зауыттар аз болды.

Көптеген кәсіпорындарда тетіктер мен түйіндер жасалынып, ал олардан машиналарды Қазақстаннан тысқары жерлерде шығарды. Республикаға қажетті машинаның 3/4 бөлігі шеттен тасымалданып әкелінді.

1990 жылдары машина жасау кешені, оның өнімдеріне деген сұ-раныстың күрт төмендеуіне байланысты, терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға қажетті өнім шығару міндеті түрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркөсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты өтудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.

Петропавлдағы ауыр машина жасау зауыты ПАМЖЗ КСРО кезінен орта қашықтықты зымыран шығарумен айналысты. Кеңес-американ келісімі бойынша мұндай қару шығаруғатыйым салынды. Қазір зауыт Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жүмыс істейді. ПАМЖЗ олар үшін техниканың жаңа түрлерін — шағын бұрғылау қондырғыларын, скважиналарды жөндеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Зауыттың әлуеті «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешенін құруға қатысуға мүмкіндік береді.

Көптеген ірі зауыттар дағдарыс кезінде ұсақ кәсіпорындарға бөлініп кетті. Жаңа өнімдерге сұраныс өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Сол себепті қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 2000-нан астам кәсіпорындар бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жұмыскерлер қызмет етеді. Бірақ кешеннің өнім өндіру үлесі небәрі 4%-ды ғана құрайды.

Оларға, ең алдымен, энергетикалық (мұнай және газ өнеркәсібіне қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар), металлургиялық, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттык әлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті -ел ішіндегі көптеген өндірістердің дамуына жағдай туғызу.

Әзірге біздің елімізде тек құрастыру кәсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісі — Өскемендегі «Азия-Авто» авто­мобиль құрастыру зауыты. Қазірдің өзінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 40-50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады.

Машина жасаудың дамуына шет елдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар жағдай жасайды. Мысалы, автомобиль жасау (Көкшетаудағы автобус құрастыру зауыты) мен трактор жасаудың (Семейдегі) дамуына ықпал ететін ресей-қазақстан «Қазакстан-КамАЗ» консорциумы құрылды.