Отын –энергетика кешені

Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді . Оның негізгі міндеті -халықты, шаруашылыктың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару (экспорт). ОЭК отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) мен құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды.

Отын-энергетика кешені еліміздегі барлық шаруашылыкқ жұмыстарын қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Кешеннің ауданды қалыптастырудағы рөлі зор: энергетикалық кездер өндірісті «тартып», қалалар мен кенттердің өсуіне серпін береді.

Сонымен қатар ОЭК — біздің еліміз үшін негізгі валюта «табушысы». Оның Қазақстан экспортындағы үлесі 3/5-тен астам.

Кешеннің табиғи негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Оған минералдық отын (мұнай, табиғи газ, көмір) мен су қоры (өзеннің құлама суының энергиясы) жатады. Біздің елімізде ядролық отынның (уран), жанғыш тақта тастың және таусылмайтын энергетикалық ресурстардың — Күн жөне жел энергиясының мол қазынасы бар.

Қазақстан отынның барланған ресурстары жөнінен дүние жүзінде жоғарғы орындарды алады

Қазақстандағы минералдық отын қоры

Минералдық отын Қоры Әлемдеі орны Әлемдік қордағы үлес %

Көмір, млрд т

342 9 3.5

Мұнай, млрд т

41 12 2.3
Табиғи газ, трл м3

Олар экономиканы көптеген онжылдықтарға толық қамтама­сыз етуге жетеді.

Отынның әр түрінің жылу шығару қасиеті бірдей емес. Олар­ды салыстыру үшін шартты отын деген арнаулы түсінік енгізілген. 1 кг шартты отынның жану жылуы 7000 килокалорияға (кКал) немесе 29 мегаджоулге (мДж) тең. Соған байланысты 1 тонна көмірді 1 тонна шартты отынға (т.о.), мұнайды — 1,5 т ш.о., коңыр көмірді — 0,4 т ш.о., жанғыш тақта тасты 0,3 т ш.о., ал 1000 м3 табиғи газды — 1,5 т. ш.о. теңестіреді. Есептеу арқылы 1 г ш.о. орташа алғанда, 2000 кВт сағ электр энергиясына тең.

Отын-энергетика балансы — отынның әр түрлері мен өндірілген энергияның шығарылуы (кіріс) мен пайдаланылуының (шығыс) арақатынасы.

Қазақстандағы энергоресурстарды пайдалану жылдан жылға өсуде. Оның құрылымы да өзгерді: табиғи газ бен мүнайдың үлесі көбейді. Бірақ өзірге негізгі энергия көзі көмір болып саналады.

Еліміздің ОЭК-і — шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың басты сферасы. 1990 жылдары олар кешеннін барлық салаларында — мұнай, газ, көмір, электр энергетикасы салаларында жұмыс істей бастады.

Бұл қазақстандық кен орындарының ірі аумақты және өте күрделі болуымен байланысты. Оларды игеру үшін республикада қажетті технология мен қаржы болмады. Атақты фирмаларға да ондай кен орындарын бір өздері игеру күрделі болып келеді. Сондықтан олар уакытша келісімдер (консорциумдар) жасайды.

Мұнай өнеркәсібі. Мүнай өнеркәсібі отын өнеркөсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайдан 300 түрлі өнімнің түрін алады: ең қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын жене хи­мия өнеркөсібіндегі полимер материалдарының негізгі шикізаты.

Қазақстандағы мұнай өнеркөсібі XIX ғасырдың аяғынан бастап қолға алынды. 1911 жылы Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кенішінен игеріле бастады. Оның жеңіл, майлы мұнайы көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш майлар ретінде пайдаланылды.

1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай кен орындарының мұнайы құрамында парафиннің көп болуынан бөлме температурасының өзінде илене бастайды. Бұл кеніштердің мұнайын тасымалдау қиын, сондықтан да дүние жүзінде алғашқы болып қыздырылып отыратын мұнай құбыры салынды.

1970 жылдардың аяғында геологтар оншалықты терең емес қабаттардан Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы және т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасады. Кейінірек мұнайды тереңірек қабаттардан тұз тұнбаларының астынан (Кеңкияқ және Жаңажол) және алып Қарашығанақ, Теңіз мұнай кен орындарынан ашылды. Теңіз мнайы құрамында улы күкіртті сутек қоспалары көбірек кездеседі, сондықтан да оны арнайы тазартып, күкіртті сутекті бөліп алып одан күкірт алады. Ал бөліп алынған күкірттен күкірт қышқылын және мұнай химиясына қажетті өнімдер алады. Кеңқияқ, Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарындағы ілеспе газдан сұйық көмір сутегін бөліп алып — одан конденсат алады. Газды конденсат — химияда таптырмайтын шикізаттың бірі, одан синтетикалық каучук алынады.

1980 жылдардың басында республикамызда үшінші мұнай-газ алабы — Оңтүстік Торғай ашылды. Ірі кен орны Құмкөл. Құмкөл мұнайы тез қатады және құрамында табиғи газ бар.

1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай-газ алабы ашылды.

«Қазакстан Каспийшельф» компаниясы Каспий теңізінің Солтүсті-гіндегі кқайраңнан ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде үшінші орында. Мұнайының құрамы Теңіз кен орнының мұнайына ұқсас.

Мұнайды республикамыздың әр түрлі аймақтарында пайдаланады және экспортқа шығарылады. Мұнай тасымалдауда құбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын үлесі артуда. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см құбыр жылына 20 млн тон­на өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральды мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атырау-Орск, Омск-Павлодар-Шымкент-Чарджоу, Қарашығанақ-Атырау. Салынып жатқан ірі мұнай құбырының бірі Атасу-Алашаңкай (Қытай).

Мемлекетімізде 3 ірі мұнай өңдеу зауыты және Қарашығанақ кен орнында жақында салынған отын өндіруші зауыт бар.

Тұз тұнбаларынан тұратын кен орнындағы мұнайды өндіру біршама қиын. Оның тереңдігі 4-6 км болғанымен өте жоғары қысымды болып келеді. Оны өндіретін құрал-жабдықтар мұнай құрамында күкіртті сутектің көп болуынан тез жарамсыз болып қалады. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон Тексако» (Теңіз) КПО консорциумы (Қарашығанақ), Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол), Канаданың «Петро-Қазақстан» компания­сы Құмкөл мұнайын игеруде. Қазакстанның ең ірі ұлттық мұнай компаниясы «Қазмұнайгаз».

Мұнай өндірудің жылдам және қарқынды дамуы елімізде жеке танкерлер флотының пайда болуына әсер етті. «Астана» жене «Алматы» танкерлері теңіз арқылы Ресей жөне Әзірбайжан порттарына Қазақстанның мұнайларын жеткізуде.

Газ өнеркөсібі мұнай өнеркөсібіне қарағанда жас салалардың бірі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай-газ алабынан басталды. Соған дейін тек қана мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды игерумен шектеліп келді. Газ өндіру көлемі көп жылдар бойы баяу жылжыды. Оның серпіліп кең көлемде өндірілуі КПО консорциумының Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды. Қарашығанақ республикамыздағы газ өнеркәсібінің өркендеуін жеделдетіп экспортқа шығаруға мүмкіншілік берді. Отынның ішінде газ — жоғары қуаттылығы бар, салыстырмалы түрде арзан және тасымалдауға қолайлы. Сонымен бірге хи­мия өнеркәсібінің құнды шикізатының бірі. Оны — пластмасса, химиялық талшық, синтетикалық каучук, азот тыңайтқышын шығаруда қолданады. Халықтың үй тұрмысында отынмен қамтамасыз етуде рөлі жоғары.

Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады.

Қазір республикамыз ілеспе газбен бірге табиғи газды да өндіруде. Оны негізінен газконденсат және газ кен орындары береді. Сондықтан да газ өнеркәсібінің географиялық таралуы мұнай өнеркәсібінің таралуымен парапар. Батыс Қазақстан — бұл өнеркәсіптегі жетекші облыс. Өндірілген шикі газ құрамында су, сұйық көмір сутегі, күкіртті сутек кездеседі. Сол себепті де алғашқы кезде газ өңдеу зауыттарында өңдеуден өткізіледі. Өңделген газ сол күйінде еліміздегі немесе шет елдердегі тұтынушыларға жеткізіледі. Газдың біраз бөлігі жоғары қысыммен арнайы ұңғыма арқылы мұнай қабатына жіберіледі. Мұндай әдіс мұнайды өндіруді жеңілдетеді.

Мемлекетіміздегі өндірілген газдың көлемі тұтынылатын газдың көлемінен артық. Бірақ мемлекет ішінде газбен қамтамасыз етілу толық дамымаған.

Табиғи газ еліміздің 9 облысына ғана жеткізілген. Қалған облыстар МӨЗ-ы өндірген сұйық (ерітілген) газды пайдалануда. Бұл жағдайлар тасымалдаушы газ құбырларының жоқ болуынан. Газ құбырларының жалпы ұзындығы, мұнай құбырларынан да ұзын (10000 км-ден де жоғары). Оның негізгі бөлігі транзитті газ қүбырлары Орта Азия — Орталық (ОАО) және Бұхара-Орал. Осы құбырлар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстанның газы Ресейге, Украйнаға, басқа елдерге жеткізіледі. Тек қана Бұхара-Алматы газ құбыры Қазақстанның оңтүстік аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Республикамыздағы өзекті мәселенің бірі бірыңгай газ құбыры жүйесін құру.