Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы — еліміздің әр түрлі аудандарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым. Эконом- географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Қазақстан үкіметі, ірі компаниялар мен халықаралық ұйымдарғалымдарға осындай зерттеулер жүргізуді тапсырады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінедіЖалпы экономикалық және әлеуметтік география — оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қыз­мет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.

Аймақтық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері -облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның біздің елімізде қалыптасуымен көптеген зерт-теушілердің есімдері тығыз байланысты. Қазақстанның халқы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді Қ. Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» мен қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановтың еңбектерінен табуға болады. Бірақ ол жеке ғылым ретінде 1920 жылдары ғана қалыптасты. Алғашқы жұмыстар Түркістан — Сібір темір жолы маңындағы аудандардың мал шаруашылығының азықтық ресурстарын зерттеуге бағытталды. 1939 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында экономикалық-географиялык зерттеулердің ұйымдастырушысы болған география секторы (1984 ж. бастап — институт) ашылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыда Н. Н. Баранский жөне Мәскеуден эвакуацияланған басқа эконом-географтар жұмыс істеді. Олар алғаш рет Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.

Соғыстан кейінгі жылдары Қазакстан эконом-географтары тың жерлерді, өндіріс кешендерін, республиканың жекелеген облыстарын зерттеді. Көп жылдық зерттеулердің нәтижелері алғашқы «Қа­зақ КСР Атласында» қорытынды жасалды. «Атластың» екінші томы (1985 ж.) экономикалық және әлеуметтік географияға арналған.