Табиғи қорлар және өндіріс

Табиғи қорлар- табиғи ортаның,қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін,өндірісте пайдаланатын бөлігі.Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр.Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға,шикізаттың,отынның,қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдырылуда.Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа (арзан) шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе.Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера,гидросфера,атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып,бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.

Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі,геологиялық даму тарихының күрделілігі,аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды.Республика аумағының табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған.Сонымен бірге климаттық және минералдық,отын – энергетикалық,т.б. қорлар жөнінен де республикамыз дүние жүзінде көрнекті орын алады.Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

Отын – энергетикалық қорлар.Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір,мұнай,қоңыр көмір,табиғи газ және жаңғыш тақтатастар таралған.Тас көмір өндірілетін аудандары – Екібастұз,Майкүбі,Қарағанды,Кендірлік,Таскөмірсай,Алакөл кен орындары.Осылардың ішінде маңыздырағы – Қарағанды және Екібастз алаптары.Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған.Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген.Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі.Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда.Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып,игеріле бастады.

Минералдық қорлар.Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементердің барлығы дерлік кездеседі.Темір кені негізінен Солтүстік Қазақстанда шоғырланған.Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай,Қашар ,Лисаков,Қоржынкөл кен орындары орналасқан.Сондай – ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай,Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.

Қазақстан полиметалл кендеріне де бай.Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда,Сарыарқада,Оңтүстік Қазақстанда шрғырланған.Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан.Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың,құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда кездеседі.Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.

Климаттық қорлар.Қазақстанның герграфиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол.Өсіп -өну мерзімінің ұзақтығы,күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда,әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді.Мол күн қуаты гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар.Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді,жылыжайларды жылытуға жұмсалады.Республика жел қуатына бай.

Желді аудандарда (Шар,Жалғызтөбе,Жетісу қақпасы,Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.

Су қорлары.Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен,көл,мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады.Қазақстанның климатыжағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан,халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар.Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады.Үлкен қалаларда , суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады.Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған.Мұнда Алмаарасан,Барлықарасан,Қапаларасан,Жаркентарасан,Сарыағаш сияқты санаторий- курорттары осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.

Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі.Себебі қуаң климат жағдайларына ауыл шаруашылығының,әсіресе суармалы егістіктерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады.Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі,республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайында ауыл шаруашылығын,әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады.Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі,республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады.Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағынан да ескерген жөн.Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы.

Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану,ластанудан қорғаудың маңызы зор.Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.

Топырақ – өсімдік қорлары.Республикадағы топырақ,өсімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған.Бұл қор түрлерінің ерекшелігі – олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы,осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.

Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес.Бірқатар аймақтарда топырақтың,ылғалдың,қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды.Сондықтан жарамсыз жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану – алдағы міндет.

Өсімдік қорларын бірнеше топтарға бөлуге болады:орман қорлары,дәрілік өсімдіктер,мал азықтық өсімдіктер.Ормандар негізінен таулы аймақтарда шоғырланған.Қазақстандағы ормагды алқап 11 млн га-ды немесе 4 %- ды құрайды.

Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар.Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат болып есептеледі.Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене өседі.

Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін , аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрә – дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор.1997-2001 ж.ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20- дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ.Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі – дәрмектер экологиялық жағынан таза,ал экономикалық тұрғыдан арзан.Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы «аллапинин» препаратының,сол сияқты шырғанақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті өте зор.Жалбыз,жолжелкен,түйетікен,сарғалдақ,қымыздық,жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің әр түрлі емдік қасиеттері бар.Тобылғы мен аршаның кәсіптік маңызы зор.Тобылғыдан халқымыз ежелден – ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды ыстауға пайдаланған.Табиғи дәрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп,азаюда.Сондықтан дәрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып,тиімді пайдаланып,оны қорғауға алу керек.

Жануарлар дүниесінің қорлары.Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған.Олардың ішінде сүтқоректілердің 178 түрі,құстардың 481,бауырымен жорғалаушылардың 48,балықтардың 150 түрі кездеседі.Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 80 мыңнан асады.Қазақстан аумағында,әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады.Мұнда терісі бағалы аңдар таралған.Бұған қоса Жайсан мен Алакөл маңына,таулы тайганаң қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген.Сол сияқты республиканың өзен- көлдерінен барлығында дерлік терісі аса құнды америкалық ондатр жерсінділіп,аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып отыр.Олардың кәсіптік маңызы бар.Шөлейттер мен шөлді өңірлерде түлкі,қарсақ,ақбөкен,киік,қарақұйрық кездеседі.Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.

Табиғи қорларды тиімді пайдалану. Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор.Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайларды кедергі келтіреді.Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызды.Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды.Осының салдарынан табиғаттағы тепе – теңдік бұзылды.Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор.Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді.Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп,ысырап болып жатқаны белгілі.Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы,адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегіндегі табиғаттың басқа компонентерінің өзгеруіне әкеп соқты.Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып,сортаңданды.Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына,таралуына кері әсерін тигізді.Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды.Сонымен тамиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен,су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелерін әзірше дұрыс шешілмей отыр.