Тянь – Шанның жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

Географиялық орны.Тянь – Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі.Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде.Тянь- Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы,Аспан тау» деген мағынаны білдіреді.Қазақстанға Тянь – Шанның солтүстік және батыс бөлігі ,Орталық Тянь – Шаньның солтүстік және батыс бөлігі кіреді.Солт үстік Тянь –Шаньдағы Талас алатауының оңтүстік – батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік – батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін құрайды.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы,пайдалы қазбалары.Тянь- Шаньның ең биік нүктесі Хантәңірі шыңы.Орталық Тянь-Шанның үлкен жотасы Теріскей Алатаудың оңтүстігінде орналасқан.Теріскей Алатаудың қазақстандық оңтүстік – батыс беткейі Сантас асуымен,Текес тау аралық жазығымен өтеді де, Күнгей Алатауымен жалғасады.

Ірі тау жүйелері:

Іле Алатауының негізгі жотасы ендік бойымен созыла орналасқан.Тау беткейлері көптеген сайлармен тілімделген.Әсіресе таудың теріскей бетінде тілімдену ізі анық көрінеді.Оңтүстік беткейі аз тілімденген.

Іле Алатауы силур мен девонның құмтастарымен,порфир иен порфириттерден құралған төменгі палеозойдың эффузивті шөгінділерінен түзілген.Негізгі жотаның кей жерлерінде ежелгі гранит пен гипс кездеседі.Палеозойда каледон мен герцин қатпарлануына ұшырап,кейін альпі тау түзілу кезінде қайта көтерілгендіктен таудың құрылымы қатпарлы- жақпарлы болып келеді.Таудың биік белдеуінде нағыз альпілік жер бедері қалыптасқан.

Ұзынқара (Кетпен) биіктігі орташа тау Солтүстік Тянь- Шаньның шығыс бөлігінде орналасқан. Ол да төменгі палоеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан құралған.Кей жерлерінде гранит жер бетіне шығып жатады. Жотаның беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген. Ұзынқара Құлақтау арқылы Күнгей Алатаумен жалғасады.

Шу- Іле таулары Іле Алатауының солтүстік – батысында жатыр.Ол қатты мүжіліп,үгіліске ұшыраған жеке – жеке адырлардан тұрады.Іле – Шу таулары негізінен кембрийге дейінгі метаморфтанған жыныстар мен гнейстердің қалың қабатынан құралған.Оның үстінде төменгі палеозойдың тақтатас,құмтас,шөгінді эфузивті жыныстары қабаттасқан.

Батыс Тянь- Шанының қазақстандық бөлігі Қырғыз жотасынан басталады.ҚӨырғыз жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейі,Талас Алатауының батыс тармағы ,Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан басталған солтүстік – шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.

Талас Алатауының қазақстандық бөлігі – Жабағылы таулары , ол екі жотаға бөлініп,Ақсу – Жабағалы өзенінің алқабын қоршайды,солтүстік жотаның биіктігі 2600 – 2800 м,оңтүстік жотада 3500 м.Бұлар да ертедегі палеозой дың шөгінді эффузиялық жыныстарынан тұрады.Тау беті тілімделген,онда ертедегі мұз басудың іздері бар,жер бедері альпілік пішінде дамыған.

Ташкен маңы Алатауы Талас Алатауының оңтүстік – бюатысқа қарай орналасқан бірнеше жоталардан тұрады.Оларға Піскем,Көксу,Майдантал,Ойқайын,Өгем,Сайрам,Қоржынтау,Қазығұрт және Боралдай таулары кіреді.Олардың ішіндегі ең ірісі – Піскем.Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан түзілген.Оңтүстік – шығыс беткейі тік және қысқа,солтүстік – батыс беткейі көлбеу.Піскем жер сілкіну аймағы болып табылады.Сайрам,көксу Ташкен маңы Алатауының екінші қатардағы жоталары болып табылады.

Батыс Тянь- Шаньның батыстағы жалғасы Қаратау жотасы.Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып,Боралдай,Сайрам жоталары орқылы Ташкент маңы Алатауымен шектеседі.Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 400 км,орташа биіктіәгі 1800 м.Ең биік нүктесі Мыңжылқы тауы,2176 м.Тау солтүстік- батысқа қарай аласарып,Сарысу,Шу өзендерінің атырабында бітеді.Геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Шу- Іле тауларымен ұқсас.Аласарып,мүжіле бастаған.Қаратаудың солтүстік – шығыс және оңтүстік – батыс жоталарын тау аралық ойыс бөліп тұрады.Екі жотаның арасындағы ойыс қызыл түсті құмдардан түзілген.

Қаратау бойында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған.ҚӨорғасын – мырыш Шымкент қорғасын зауытына шикізат ретінде пайдаланылады.Фосфорит байлығы Тараздың зауыттарын қамтамасыз етіп отыр.Онда көп жерде кенді ашық әдіспен өндіру жолға қойылған.Гипстің,цементтің және т.б. құрылыс материалдарының көзі пайдаға асуда.

Қазақстаның оңтүстік – батысы мен оңтүстігін алып жатқан бұл таулардың қатпарлы – жақпарлы негізі палеозойдың тұсында қалыптасқан.Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген.Кей жерлерде әлә де тау көтерілу процесі жүріп жатыр.Оған Тянь- Шаньдағы жер сілкіністер дәлел бола алады.Таулардың жалпы жер бедері біркелкі емес.Ол биік жоталармен бірге тау аралық ойыстардан,қыратты жазықтардан тұрады.

Таулардың биік белдеулері оның дамуының негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Климатты, өзендері мен мұздықтары. Тянь-Шань тау жүйесінің климаты құрғақ, құбылмалы болып келеді. Оғапн арктикалық ауа массалары мен Сібірден келетін антициклон әсет етеді. Тау жоталарының биіктігі, жер бедерінің әрқилылығы жылу мен ылғалдың алмасуы оның ауа райының құбылмалы ерекшелігін анықтайды. Сондықтан күз бен көктемде салқын соғып, үсік жүруі жиі кездеседі. Жаз айларында аптапты ыстық ауаны құрғатып, климатты континентті етіп қалыптастырады. Тау етектері мен жазықтардың құрғақ ауасы тау ішінде көтерілгенде, ауа райы қоңыржай күйге ауысады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірге, кейде мамырға дейін созылады. Күнгей және Теріскей Алатаулаврында қар кейде тамызда да жауады. Іле Алатауында тамыз- күздің айы. Тауда бұл кезде салқын түседі. Мамыр маусым айларында күн жылынып кете қоймайды. Нағыз жаз айы шілде ғана. Кіші,Үлкен Алматы алабындағы ылғалдың ең көп түсетін кезі – мамыр айы. Тау етегінде жаңбыр жауса, тау басына қар болып түседі.

Іле Алатауының солтүстік беткейінде қысқы айлардың өзінде жиі жылжымалық болып тұрады. Күндіз еріген қар, Түнде қайтадан қатады. Ауа райының осылай алмасуы тау жыныстарына кері әсрін тигізеді.

Батыс Тянь-Шаньнның климаты бұдан гөрі өзгешелеу. Оңтүстік Қазақстанның жылы ауа райы оған әсер етеді. Таулардағы қар белдеуі бұл жерде жоғарырақ жатады. Тауларда ылғао мол болады. Тау беткейлерінде шілде айының орташа температурасы 200 С-250С болса, мұздықтардың етегінде — 50 С-қа дейін төмендейді. Жылыдқ жауын-шашын мөлшері 600-800 мм.

Тянь-Шань тау жүйелерінде, тау аралық жазықтардағы суландыратын өзендер көп. Іле Алатауының солтүстік беткейлерінде Үлкен және Кіші Алматы,Талғар, Есік,Түрген, Шілік, Қаскелең,Күрті, таудың шығыс беткейінде Шарын өзендері ағады. Олардың көбі Ілеге құйып, сол арқылы Балқаш Көлінің су қорын молайтады. Шу-Іле таулары аймағы суға бай емес, жалғыз Күрті өзені Ілеге құяды. Көктемде қар суымен толысып, жазда арнасы құрғап қалатын өзендер бұл аймақта бірсыпыра. Қырғыз, Теріскей,Күнгей және Іле Алатауларынан бастау алатын Шу қырғыз шекарасынан өткен соң Қазақстан жерімен ағады. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейін Арыс, Боралдай, Бөген өзендері бастау алады. Солтүстік – батыс беткейінде жазда арнасы құрғап қалатын, көктемде қар суымен қоректенетін өзендер бар.

Тянь-Шань жоталарының көбінде тау басында орналасқан, басын мұздықтардан алатын көлдері кездеседі. Тау аралық ойыстарда шағын көлдер ұшырайды. Тянь-Шань тауларының биік басында мұздықтар орналасқан, ол әсіресе Шілік-Кебін тау жүйесінде қалың, аумағы үлкен мұздықтар да бар.

Іле Алатауында 484 км2 алқапты алып жатқан жалпы саны 380 мұздықбар. Олар Шілік,Кебін,Есік,Талғар, Үлкен Алматы,Кіші Алматы,Ақсай сияқты өзендердің бастау алатын биігінде жатады. Оның ең үлкені — Корженевский мұздығы (ұзындығы 14,4 км)

Тянь-Шаньның батыс бөлігінде мұздықтар онша көп емес. Мұздықтар негізінен Талас Алатауындағы Манас тауында, Арысқа құятын Ақсу өзенінің басында, Піскем,Майдантал,Ойқайың өзендері алабында. Батыс Тянь-Шань мұздықтары көлемі жағынаншағын, әрі тым биікте жатады. Оңтүстік жылы ауа райы олардың еріп, қорын азайтуға әсер етіп жатқаны байқалады. Таулардың оңтүстік аймаққа орналасуы жаздың ыстық күндерінде мұздықтардың, биікте жатқан қарлардың еруі, тау басындағы көлдердің деңгейінің көтерілуі жазғы жаңбырдың жиі әрі нөсерлі болуы солардан басталатын өзендердің тасуына әкеліп соғады, тау өзендері бойында тасқын жаздың аптапты кездерінде жиі болады. Олар шаруашылыққа үлкен зиян келтіріп, адам өміріне қауіп төндіреді.

Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары. Тянь-Шань тауларының табиғат зоналары биіктік белдеулігімен ерекшеленеді. Ол белдеулер тау жоталары мен оны қоршаған ороггарфиялық жағдаймен байланысты қалыптасқан. Табиғи ортасына, әр тау жотасының өзіндік ерекшеліктеріне қарай биіктік бедеулері Тянь-Шаньның барлық жерінде бірдей емес, бірінде биіктік бедеу жоғары болса, бірінде төмен жатады.

Солтүстік Тянь-Шаньдағы биіәктік белдеулері ең жоғарыдан санағанда мұз жатқан, мәңгі қар басқан альпілік жер бедерінен басталады. Оның өзі кей жерде 2600-2800 м-ден, кей тауда 3300 м биіктіктен басталады. Мұнда жалаңаш жартастарды қоршаған қыраттар, кең алаңдар кездеседі. Онда субальпілік,альпілік шалғындар өседі, құз басында барыс, таутеке, ұлар, тау бүркіті мекендейді. Іле Алатауының орталық тұсында альпілік жер бедері қатты тілімделінген күйінде көрінеді. Табиғи күштердің әсерінен мұнда жартастар жарылып үщкір шыңдар қалыптасқан. Сайлары тар шатқалды, құламалы тік келеді.

Бұдан кейінгі биіктік белдеу орташа биіктіктегі таулардың жер бедерін анықтайды. Олар 1500-1600 м-ден 3200-3300 м биіктікке дейін созылады. Бұл зонаның биік шыңдары бірқалыпты күйін сақтаған. Тау аралық жазықтар да жер беткейінің тегістігімен ерекшеленеді. Таулардың терістік беткейінде көбінесе қылқан жапырақты орман өседі. Жазықтықта шалғынға ауысады, күнгей беткейінде шалғынды дала зонасының белгілері байқалады. Ормандар тау беткейлері мен ойыстарда өседі. Тау жануарларынан аю, қабан, елік кезедеседі.

Аласа таулы бедеу 900-1100 м-дің шамасынан басталады. Бұл Іле Алатауының Сөгеті,Торайғыр тауларының аймағында анық байқалады. Мұндағы жоталар Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы тауларын еске түсіреді. Бұл жерлердің қара, қара қоңыр топырағында әр түрлі өсімдіктер, шөптесін, қарағайлы, тобылғылы бұталар өседі.

Биіктік белдеулердің ең төменгісі тау етегіндегі, тау ішіндегі жазықтарды қамтиды. (Ол 600-800 м шамасындағы биіктікте жатыр.)Бұл белдеулерде дала, шөлейт, шөл зоналарының белгілері білінеді. Онда дәнді дақылдар, екпе шөптер мал жайлымына пайдаланылады.

Батыс Тянь-Шаньның биік белдеулері жоғарырақ жатады. Оған жоғарғы мөлшердегі ауа температурасы мен ылғалдың молдығы әсер етеді. Топырақ пен өсімдік жамылғысының түрлері де онда биіктік белдеулерге байланысты ауысып отырады. Әсіресе Ақсу-Жабағлы қорығында өсетін өсімдіктердің алдыңғы Азия мен үндістандық түрлері кезедседі.

Тянь – Шаньның жануарлар дүниесі де оның солтүстік, батыс бөліктерінде өзгеше дамыған. Солтүсік Тянь- Шаньда жануарлардың сібірлік, еуропалық түрлері молырақ кездессе, Батыс Тянь- Шаньда Жерорта теңізіне, Африкаға, Гималай өлкесіне тән жануарлар түрлері бар.

Қорықтары. Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше қорықтар мен ұлььық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу – Жабағлы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады.