Оралдың жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

Географиялық орны. Қазақстандағы Орал тауының оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы ғана кіреді.Тау Жаманқаланың тұсынан басталып,солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла оранласқан, ұзындығы – 450 км, ені 30 км,орташа биіктігі 450-500 м.Ең биік нүктелері – Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м).Тау Орал тауының жалғасы болып табылады.

Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Мұғалжардың пайда болу жолы да,жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас.Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді.Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді.Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.

Мұғалжар – герцин қатпарлығында пайда болған палеозойлық таулы өлке.Олар, негізінен,магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығ,ыздалған шөгінді жыныстардан тұрады.Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас.

Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады.Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай биіктей беретін тау тізбегі.Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді.Одан оңтүстікке қарай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді.

Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке – жеке аласа таулардан тұрады, және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып,қырқа, жалдарға ұласады.Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды қырат болып көрінеді.Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан,порфириттен,диабаздан, т.ь. жанартаулы жыныстардан,силурдың метаморфтанған тақтасынан түзілген.

Пайдалы қазбалары.Мұғалжар тауының қойнауы никель,кобальт,хромит, мыс, қара және сирек металға бай.Кемпірсай өңірінде Хромиттау,Никельтау кен орындары ашылған.Біршоғыр бойында көмір кені бар.Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас,цемент өндірісіне ппапйдаланылады.Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.

Климаты. Климаты құрғақ,континентті,өзімен іргелес жазықтарға ұқсайды.Дегенімен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысына бөгеп,өз маңын 10-20 С-қа болса да салқындатып тұрады.Жылдық жауын – шашынның орташа мөлшері 300 мм.Жазы ыстық, кейде 380 С- қа дейін көтеріледі.Қысы боранды,аязды,кейде -400 С-қа дейін төмендейді.

Су қоры.Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді.Таудан бірқатар өзендер (Жем,Ырғыз,Ор,Тобыл,Талды) ағып шығады.Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да,жазда тез тартылып қалады.Керісінше,онда жер асты суының мол қоры табылған.Қазір ауыз су есебінде де,шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.

Табиғат зоналары.Өсімдіктері мен жануарлары. Мұғалжардың батыс бөлігі боз,бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты,ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді.Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау.Онда негізінен селеу,көде,жусан өседі.Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі.Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған,тобылғы,жабайы шие мен әр түрлің бұталар,өзен бойларында терек,қайын,емен, тал өседі.

Жануарлары да дала , шөқлейт, шөл зоналарына тән аң- құстардан тұрады.Дала мен тау аңғарларын ақбөкен,жабайы шошқа,қоян,қасқыр,түлкі,сарышұнақ,аламан мекендейді.Өзен-көлдерінде аққу,қаз,үйрек,қырда безгелдек кездеседі.