Орманды дала және дала зоналары

Қазақстан жерiне орманды дала зонасының тек оңтүстiк шетi суйiрленiп кiредi.Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседi. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сiбiр жазығы мен Жаллы Сырт қыратының аз ғана бөлiгiн алып жатыр. Жалпы көлемi 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4 орманды дала зонасының жер бетi тегiс. Онда шағын ойпаттар кездеседi, бұлардың кейбiреулерiн көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасына климаты басқа зоналарға қарағанда бiршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшерi 300-350 мм,оның көбi жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шiлденiң орташа температурасы 18°-20*.Қысы едеуiр суық, кей күндерi қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53С- қа дейiн темендейдi қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9 пайызына жуығы шірінді болады.Зонаның оңтүстігіне қарайқара топырақтың қалыңдығы кеми түседі,шіріндінің мөлшері 6 пайызға азаяды.

Өсiмдiк жамылғысы жыртылмаған үлескiлердi жауып туратын қалың және әр түрлi шөптер, дәнді дақылды өсiмдiктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз,шоқ түпті бетеге, бұралган жер бидайық өте көп. Бiраз жердi қарабас шалғын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас өсімдiктерге сәбiзшөп, жұпар иiстi алтын түстес гулдер өседi. Бұршақ тұқымдастардан сары гулдi беде бар. Батыс Сiбiр жазығының ормандарында қайың мен көктеректер өседi. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпак жапырақты ағаштар емен жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып бiткен қайыңды, кектеректi ормандар арасында өсетiн бұталарға тал, долана,итмұрын,қарақат жатады. Сабағы жiңішке,шырынды, қызыл күрең түстi жемiсi бар тошала жиi кездеседi. Орман шетiнде аңқыған иiсi бар, қызыл күрең түстi итблдiрген көздiң жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстын орманды даласын Шығыс Еуропа даласына ұқсайды.
Орман өсiмдiктерi өзен аңғарларын бойлай оңтүстiкке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенiне аңғарында шоқ-шоқ ормандар, Ертiс жағасын бойлай құм шағылдары үстiнде жiңiшке алқапта қарағайлы ормандар сарыарқаның Көкшетау, Қарқаралы,Баянауыл және т.б. тауларын граниттi массивтерiне Қарағайлы ормандар таралған.Олар тау шоқтары мен беткейлерiндегi көлдердi қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көрiнiстерін бейнелейді. Орман байлықтары -шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 Млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауга алынған. Орманды дала зонасы – Қазақстанның ең жақсы игерiлген табиғат зоналарының бiрi. Онда дала үлескiлерiнiң көп бөлiгi жыртылған.Бұл жерлерде дәндi дакылдардан бидай,жүгері т.б. дақылдар егiледi. Мұнда көптеген жаңа елдi мекендер бой түзедi. Зонаның жыртылмаған бөлiгi – шүйгiн шабындық, пен балаусалы жайылым, сондықтан мұнда еттi-сүттi бағыттағы Мал шаруашылығы басым дамыған.

Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазакстанның бiраз аумағын, дәлiрек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстiгiнен басталып, батыстан шығыска карай 2200 км- ре созылған алкапты қамтиды, шамамен 54-50° с.е. аралығында орналасқан.дала зонасының Батыс Сiбiр жазығыньң оңтүстiк шетi, Торғай үстiртiнiң солтүстiгi, Муғалжар тауы түгелдей дерлiк, жалпы сырт сiлемдерi, Каспий маңы ойпатының солтүстiк жартысы, Орал етегi, Жем үстiртi, Сарыарқаның солтүстiгi мен орталық аудандары жатады.Дала климаты континентті, жазы ыстық жерi құрғак, жиi-жиi аңызақ желi соғып тұрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. қаңтардың орташа температурасы -16 -18С, шiлде айында солтүстiгінде 18°С-тан, оңтүстiгiнде 23С-қа дейiн жетедi.Жылына 220-310 мм-те дейiи жауын-шашын жауады, бiрақ мұның мөлшерi солтүстiктен оңтүстiгі қарай азая туседi.Климат жагдайлары егiн шаруашыл ығымен шұғылдануға толық мүмкiндiк бередi.
Дала зонасы өзендерiндің деңгейi төмен. Зонаны Ертiс. Есiл, Тобыл, Жайық, Нұра,Торғай, Шар, Ырғыз және бiрнеше шағын өзендер кесiп өтедi.Олардың жылдык ағысының 80 -ы көктемгi су тасу кезеңiне келедi.Егiн шаруашылығы және өнеркесiбi дамыған бұл аудандарда су әлi де болса жеткiлiксiз. Сондықтан да бөгендерде су жинап,оны су құбырлары мен каналдар (Ертiс-Қарағанды) аркылы пайдаланады.
Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады.Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6 пайызға жуық шірінді бар.Оңтүстікке қарай топырақтағы шірінді кеми түседі де, бірте –бірте қуаң далаға тән қызғылт күрең топыраққа айналадаы.Бұл арада сортаң топырақты жерлер көбірек кездеседі.Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін жарамды.

Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, кермек, қаңбақ басым өседі.Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі.дала өсімдіктерінің арасында дәрі –дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы , жанаргүл, шайшөп, итмұрын, дәрілік валериан кездеседі Ашық дала кеңiстiгiнде тiршілiк етуге бейiмделген көптеген түрлi жануарлар кездеседi. Қоршаған ортасының түсiне ұксас келетiн,жылдам жүгiретiн әрі тез уланатын, жылдың колайсыз мезгiлдерiнде де ұзақ ұйқыға кететiн жануарлардың да түрлері бар.Дала сүтқоректiлерiне саршұнақ,қосаяқ, дала тышқандары Бұлар егiнге көп зиян келтiредi.Мұнда саршұнақ тұқымдасынан iрi суырлар (салмағы 10 кг-га дейiн) болады. Суырлар мен саршұнақтар iн қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйiп тастайды. қосаяқтар, саршұнақтар,дала тышқандары тiршілік ететiн жерлерде жырткыштардан күзен, ақкiс. тулкi кездеседі.Олар терiсi бағалы кәсiптiк жануарлар қатарына жатады.Даланың оңтүстiк аудандарында түлкi тұкымдасынан қарсақ кездеседi. Ол iнiнен тек тунде ғана шығып, жортады. даланың барлық жерiнде осы зонаның негiзгi жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседi. Бөкен басы үлкен, қошқар тұмсық, денесi ыкшам, алды жiңiшке келедi. Бөкеннiң жүгiргенiне көз iлеспейдi. Бұдан едәуiр бұрын далада үйiр-үйiр болыл жүретiн бөкендер қазiр халықтың жиi қоныстануына байланысты бiртiндеп шөлейт және шөл зоналарына қарай ауды.Далада құстардан дуадақ бар, бұлардың кейбiреулерiнiң салмағы 16 кг жетедi. Одан 6асқа безгел дек,тырна. балықшы, бозторгай кездеседi, әсiресе қараторғайлар көп. Жыртқыш құстардан дала бүркiті дала құлабыны, кезқұйрық бар.Далада көлдер көп, әдетте олар терең болмайды, жағалары жазық, жайпақ келедi. Көп көлдердiң жағалауларында қамыс-кұрғак пен ұсақ бұталар өседi. Онда суда және батпақта тiршiлiк ететiн құстар көп кездеседi. Бұлар – қаз, уйрек, тырна, шағала. балшықшы,қiамыс торгайлары, аққұтан. Сарыарқаның ұсақ шоққылар арасындағы бытыраңқы орналасқан кездерде суда жақсы жузетiн құстар — сүңгуiр, гагара, крохаль. тұрпан болады.

Қазан төңкерiсiне дейiн дала зонасы ғасырлар бойын көшпелi мал жайылымы ретiнде пайдаланылып келдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру жылдарында (1954-59 ж.) дала зонасының 28 млн га жерi жыртылды.