Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Агроклиматтық қорлар

Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше.Бір дақылдарға жылу,екіншілеріне ылғал,үшіншілеріне жарық көбірек керек.Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді,ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес.Қолайсыз,тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық,аңызақ,үсік,көктайғақ,шаңды дауылдарды жатқызуға болады.Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі.әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады.құмның беті 60-70*С-қа дейін қызыды.мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда жиі болып тұрады.Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты.Оған ылғалы аз,ыстық құрғақ жел-аңызақ тән.Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады.дала зонасында жылына 5-10 күн,шөлеит зонасында-40,Қызылқұмда-100 күн.Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңқышылық 4 рет болды.

Қазақстанда жылдың мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі-шаңды дауыл.Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты.Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде,борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел.олар топырақтың ұлпаларын ұшырып,өсімдік тамырларын ашып тастайды,ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді.Қазақстанның дала зонасында орта есеппен жылына 20-38 күн шаңды дауыл болады.республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде,Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55-60 күн болады.

Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады.үсік көктемнің аяқ кезінде,күздің басында,кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс.Ауаның температурасы қысқа мерзімде 0*С-тан төмендеп,топырақ беті тоңазып кетеді.Ол егінге,жеміс ағаштарына көп зиянын келтіреді.Қайталап егін егуге,жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек жұмсалады.Үсіктің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктері.Мұнда көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы он жыл ішінде 5 жыл,шөл зонасында он жыл ішінде 4 жыл үсік қаупі бар.

Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстарының бірі-көктайғақ /көк мұз/. Көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады.әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап,жер беті 0*С-қа дейін суынып,мөлдір және көгілдір жұп-жұқа мұзбен жабылады.Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады.Солтүстік аудандарда көктайғақ сирек болатын құбылыс.республиканың батыс жазықтарында,орталықтарында және оңтүстік шығысында көктайғақтың қалыңдығы 15 мм-ге жетеді.Қаратау жотасы,Қырғыз,Іле Алатауының жел жақ беткейлерінде оның қалыңдығы 22 мм-ге деиін барады.

Адам баласы және өсімдік пен жануарлар тіршілігі үшін жарық,жылу,ауа және т.б.қажет екені белгілі.адам баласы климат қорларының маңызды емдеу факторлары ретінде пайдалануына болады.Медициналық және курортттық климатология ғалымдары бірқатар климат элемменттерін кешендік сипаттаумен шұғылданады.

Қазақстанның көп жерінде климат адамдардың денсаулығына тиімді.медицина ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда шөлді өңірлер мен тау тұрғындарының қан қысымы,әдеттегі жағдайға қарағанда,қалыпты,гипертония ауруы сирек кездеседі.Қарағайлы ормандарда,өзен мен көл жағаларында,тау аңғарларында климаттық санаторийлер аз емес.

Агроклиматтық қорлады сипаттайтын Қазақстан аймақтарының агроклиматтық анықтамалары шығарылыды.Онда жылу мен ылғал қоры,ауылшаруашылық дақылдарының даму сатылары,үсікке шалдығу ықтималдығы,күздік дақылдардың қысқы жайы,т.б.мәліметтер беріледі.

Қазақстан аумағында жылу барлық ауылшаруашылық дақылдарының пісіп жетілуіне тікелей байланысты.Орташа тәуліктік температура 10*С-тан жоғары температураның жиынтығы едәуір ауытқиды,солтүстікте 2000*-2100*,ал оңтүстікте 4300*-4600*-қа дейін жетеді.

Республиканың солтүстік бөлігінде орташа тәуліктік температура 10*С-тан жоғары болатын жерде өсіп-өну кезеңі 130-135 күнге созылады.Мұнда агроклиматтық қорлар жаздық бидай,зығыр,көкөніс және бау бақша өсіру үшін қолайлы деген сөз.

Қазақстанның орталық бөлігінің климаты едәуәр құрғақ.Жылу қорлары 2400*-2800*.Орташа температура 10*С-тан жоғары болатын кезең 150-160 күн.Мұнда дәні дақылдар,күнбағыс,қарақұмық және картоп өсіруге болады.

Республиканың оңтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы. 180 күннен астам.күннің жылуы мен сәулесінің молдығы күріш,мақта,темекі,жүзім,қант қызылшасы және т.б. жылу сүйгіш дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.

Күн сәулесінің түсу ұзақтығы және тадияциялық қарқынды түсу жаз кезінде күн қуатын техникалық мақсатта молынан пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстанның оңтүстігінің едәуір бөлігінде қар жамылғысының жұқа болуынан,қыс айларында мал жайылым шөбін қар астынан өндіре алады.Бірақ климаттық жағдай барлық уақытта қолайлы емес.