Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

Қазақстан аумағының созылып жатуына,сондай-ақ жер бедерңінің әртүрлілігіне байланысты температураның таралуы әркелкі.Ауа температурасының тәулік ішінде,сондай-ақ жыл ішінде ауытқып тұруы бүкіл республикаға тән.Сонымен бірге жазық,аласа таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе,биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді.Ауаның орташа жылдық температурасы республиканың жазық және аласа таулы бөліктерінде жылы,солтүстікте температура 0,4 *С-тан,қиыр оңтүстікте 13,7*С дейін көтеріледі.Қазақстандағы ең суық ай-қаңтар.Қаңтардағы орташа температура солтүстікте-19*С,оңтүстікте -1,5*С.Республиканың солтүстік шығысы төмен температурасымен ерекше,кейбір күндері аяз -54*С-қа дейін барады,ал оңтүстігінде-30*С-тан төмен болуы сирек кездеседі.Қазақстанның ең суық жері-Атбасар өңірі.

Қыста оқтын-оқтын оңтүстіктен жылу ауа массасының келуімен байланысты ауа температурасы еліміздің оңтүстігінде 10*С,солтүстікте 5*С дейін көтеріледі.Соның нәтижесінде бірнеше күн бойы ауа райы жылы болып тұрады да,кенет қайта суытып,көктайғақ болады.Мұндай құбылыс ауыл шаруашылығына,әсіресе мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

Биік таулы аймақтарда қаңтар айының орташа температурасының таралуы,жазықтарға қарағанда өзгеше.Қызта Қазақстан аумағында суық әрі құрғақ континентті арктикалық және қоңыржай ендік ауалары мен Сібір антициклоны басым болады.Ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғарғы қысым орнайды.

Тау алдында,тау аралық қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларындақұрғақ және ашық ауа райы қалыптасады.Ал салқын төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерде биіктеген сайын қыста температура жоғарылайды.Оны температура инверсиясы деп атайды.Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдылығының орнына керісінше жоғарылауы төменде жер бетінде ауаның өте суынуымен байланысты.Қазақстанның ең жылы айы-шілде.Шілденің орташа температурасы республиканың солтүстігінде /Петропавл/+19*С,оңтүстігінде /Дарбаза/+28+30*С.Жазда жылудың таралуына күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигезіді.Сондықтан оңтүстікке барған сайын ыстық арта түседі.Ең жоғарғы температура солтүстікте +41*С,ал оңтүстікте +47*С-тан аспайды.Биік таулы аимақтарда жоғары көтерілген сайын шілденің орташа температурасы төмендейді.

Жылдық орташа температуралық ауытқуы республиканың солтүстігінде температураның тәуліктік ауытқуы едәуір.Қаңтар айының орташа тәуліктік ауытқуы-9*С,ал жазда ол13*С дейін көтеріледі.Оңтүстігінде орташа тәуліктік ауытқу қаңтар айында-9*С,шілде айында 19*С.Жаздағы ең үлкен тәуліктік ауытқу шөлдерде байқалады,онда 30*С дейін жетеді.