Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы

Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін бірнеше рет су басып,кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған.Осының нәтижесінде,теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.

Палеозойға дейін,яғни архей және протерозой эраларында,республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды.Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа платформасының шағын аймағы қалыптасты.Палеозойдың басынан бастап платформаның бұл аймағы біртіндеп түсіп,оның бетін теңіз суы басты.Теңіз түбіне жиналған шөгінді жыныстар жамылғысын құрайды.палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды.Бұл эрада дамыған геосинклиналды аймақтарда орын алған қатпарлықтар-каледон,герцин қатпарлықтары деп аталады.

Палеозойдың алғашқы жартысында каледондық тау түзілу кезінде қозғалмалы құрлықтар қалыптаса бастады.күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау жүйелері құрылған.теңіз бірте-бірте тартылып,құрлық көлемі ұлғая берген.ежелгі Шығыс Еуропа платформасыда көтерілуге ұшырады.Жанартаудың әрекетіне байланысты пайдалы кен қазба байлықтары пайда болған.

Палеозойдың аяғына таман жүзеге асқан герциндік тау түзілу процесі кезінде Алтай және Жетісу Алатауы,Сарыарқаның шығыс бөлігі және Мұғалжар өңірлері көтерілді. Бұл кезеңде Қазақстанның едәуір бөлігі жер қыртысының тұрақтаған бөлігіне айналып біршама көтерілген соң,оны екінші қайтара теңіз суы басқан жоқ.Осы кезеңде республиканың батысындағы Шығыс Еуропа платформасы мен Еуразияның солтүстік-шығысындағы сібір платформасы көтеріле бастады.

Мезозой эрасында теңіз тек батыс қазақстанды басып жатқан.Осы эраның аяғында көптеген шығанақтар пайда болып,теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтыған.онда өзендердің құрлықтардан ағызып алып келген шөгінділері жиналған.Мезозой эрасы жер қыртысының салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған,бұл кезде тектоникалық қозғалыстар баяу болған,бірде бір тау жүйесі түзілмеген.Палеозойда құрылған тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліске ұшырап,мезозойдың аяқ шенінде қазақстан жері біршама тегіс аймаққа айналған.

Кайназой эрасының басында мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол қалпында сақталған.Бірақ неогеннің аяғында әлденеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен альпілік таулар түзілген.Альпілік тау түзілу кезеңінде жер қыртысында жарықтар пайда болып,бұрынан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп,екіншісі көтерілген.Осы қозғалыстардың нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан.Алтай,Тарбағатай,Жетісу Алатауы және Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған.Бұл тау жүйелеріндегі көтеріңкі,аймақтар мен тегістелген жерлер және жоталар бойымен созылған тауаралық ойыстар тау көшірілу нәтижесінде түзілген.

Жер қыртысының қозғалысы мен өзгерісін тектоника ғылымы зерттейді.Қазақстанда төмендегідей негізгі геотектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады-платформалар және қатпарлы облыстар.

Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі.Республика аумағына көне платформаның оңтүстік шығыс бөлігі ғана кіреді.Бұл Қазақстанның ежелгі бөлігі,ол архей және ерте протерозойда қалыптасқан.платформа ауқымында Каспий маңы ойпаты мен орал алды үстірті орналасқан.платформа екі қабаттан тұрады.Платформаның төменгі қабатын құрайтын кристалдық қатты жыныстардан тұрса,оның үстінде палеозой,мезозой және кайназой шөгінді жыныстары жауып жатыр,оның қалыңдығы 22 км-ден асады.

Жас платформалар.Қазақстанда ежелгі платформалардан басқа жас пратформалар да бар.Палеозой,бұрынғы жазықтардың орнында таулар пайда болған.Ол таулар үгіліп,шайылып,тау жыныстарын басқа жаққа тасымалданып,ойыстарды толтырып жазыққа айналған.Осының нәтижесінде жас платформалар қалыптасады.Палеозойдың көне жыныстары жас платформалардың іргетасын құрайды.Оның бетін кейінгі мезозой мен кайназойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр.

Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерініңқалыңдығы 200-1000 м ғана.Тұран плитасының құрылысы күрделірек.Оның кейбір жерлерінде шөгінді қабаттардың қалыңдығы 4 км-ге жетеді,ал енді бір жерлерде шөгінді қабаттарының қалыңдығы 4 км-ге жетеді,ал енді бір жерлерде жер бетіне өте жақын орналасқан.

Палеозой қатпарлығының аймақтары.алғашқы кезде бұл аймақтардың даму дәрежесі ұзақ уақыт бір деңгеиде болып,теңіз суы басып жатқан.Кейін ұлан байтақ теңіз орнында таулар пайда бола бастады.

Каледон қатпарлығы аймағы Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстік бөлігін қамтыған.Герцин қатпарлығы аймағында Мұғалжар,Сарыарқаның шығыс бөлігі,Тянь-Шаньның батыс жоталары,Жетісу Алатауы,Сауыр менАлтай таулары кірген.

Бұл аймақтардың негізін құрайтын тау жыныстары көп жерлерде жер бетіне шығып жатады,ал ойыс жерлері мезозой және кайназойдың борпылдақ жыныстары жауып жатыр.

Кайназойлық құрылымдар.Кайназой эрасында,яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты.олар палеоген,неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде түзілген шөгінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған.Кейін болған тауқұрулар тау рельефін «жасартуға» үлкен әсерін тигізді.каледон және герцин қатпарлықтарындағы көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді.Неоген мен антропогенде дүркін-дүркін жүрген күшті жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай,Тарбағатай,Жетісу Алатауы,Тянь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды.Тау жасалу қозғалыстары қазір де жүріп жатыр.