Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар

Қазіргі Қазақстан аумағы адамдар ерте заманнан бері мекен етеді. Сондықтан елді мекенің көне тарихы сол жердің табиғатының тарихы болып есептелінеді.Табиғаттың тарихы сол аймақтағы мекендеген халықтың тарихыбір-бірімен ұштасып жатқандықтан,Қазақстан жеріндегі көне тарихы ескерткішткердің сақталуы сол жердің табиғатының болмасын анықтайды .Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың орны дәлелдейді.Қазақстан иаумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіщтері Қаратау маңынан ,Еділдің сағасынан,Бетпақдаладан,Бұқтырма өзенінің бойынан, т.б. жерлерден табыгған.Қола дәуірінде Қазақстан металл қорытудың ежелгі орталықтарының біріне айналған.Алтай,Қаратау,Жезғазған және т.б жерлерден өндірілген темір қорытылып, балқымалардан өткір жүзді құралдар, саймандар жасалған. Сол кезде Қазақстан жерінде өмір сүрген сақ тайпалпрының мәдениеті нің қазылып алынған үлгілерінде юағала металдардан жасалған әшейкейлер көп кездеседі.Оған Алматыдағы жақын Есік қорғанынан табылған “Алтын кийімді адамның” бейнесі нақты дәлел болады.Онда сақ жауынгері алтын әшейкелермен қапталған киіммен жерленген. Осындай жағдайларда байланысты Қазақстан жарі туралы мәліметтер ерте замандарда-ақ Еуропа ғалымдары менг саяхатшыларына мәлім болған.

Қазақстан туралы алғашқы деректерді Геродот(б.з.б Vғ)өзінің “Таихына”кіргізген.Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын,оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін,солтустіктен оңтустікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен.Ғалым теңіздің шығыс жағында “қараса көз жетпейтін ұлан –ғайыр,жазыұ дала”жатқанын,Жайық өзенінен әрі қарай “тастаұқты жерлер”,”заңғар таулар”барын жазған.Геродот жасаған “Жер пішіні “ картасында Сар(Еділ),Лик(Жайық),Сергис(Жем), өзендері бейнеленген.Бірақ олардың атаулары мен пішінін көрсетуге көптеген дәлелсіздіктер кездеседі.Бұдан кейінгі Қазақстан жайлы мәліметтерді ежелгі Рим ғалымдары Страбон мен Птоломей еңбектерінде кездестіреміз.

Страбон.(б.з.б 63-24 ж.)Каспий теңізінен тұйық алап емес,Солтүстік мұхиттың шығанагы саналған.Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп ойлаған.Арал теңізінің Каспийдің шығанағы(Скиф шығанағы)деп есептеген.Ол Сырдария (Яксарт)мен Әмудария (Окс)жөнінде дұрыс мәлімет қалдырған.

Птоломей(б.з. 90-160 ж.) негізінен, картографиялық бағыт ұстанған.Ол өззінің “Географияға жетекші” атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған.Ол Геродот сияқты,Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен.Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған куйде қате бейнеленген.Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған.Арал теңізін (Оксиян) картаға тусірген.Алыс өлкелердің картаға түсірілуіндегі қателіктеріне қарамастан,Птоломей ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп,ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде,күннің ұзақтығын аңықтауда көп жаңалықтар ашты.

Біздің заманымыздан бұрыңғы II-I ғасырларда Қазақстанға Қытай саяхатшылары Чжан Цянь мне Сюань-Цзан келеді.Олардың жазбаларында Жетісу бойының,оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы,Ақсу,Шу,Талас өзендері туралы мәліметтер сақталған.Осы және басқа деректерді жинастырып,қытайлықтар сол кездің өзінде Орталық Азияның картасын жасаған Оған Жетісу,Сырдария,Талас алқаптары кірген.