Қазақстан әлем картасында

Қазақстан немесе ҚР – Еуразия материгінің ортасында орналасқан тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз жер көлемі жөнінен жер шарында алдыңғы 10 елдің қатарында.Ол үлкендігі жөнінен Еуразия материгінде

РФ, Үндістан, Қытайдан кейінгі 4-орында, ал ТМД елдірінің ішінде РФ-дан кейін 2-орында тұрады.

Қазақстанның жер көлемі – 2,7 млн км2, Батыс Еуропадағы ең ірі ел – Франциядан 5 есе үлкен. Оның жеріне Франция, Англия, Испания, Италия, Швеция, Финляндия, Норвегия толық сыйып кетеді.

Еліміздің мемлекеттік шекарасы 15000км. Қазақстан солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі.

1999жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 15 млн-ға жуық болды. Мұнда жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.Ең көбі қазақтар- 53 0/0 аса.Одан кейінгі саны жөнінен көп халықтар – орыстар, украиндар, немістер, татарлар, өзбектер, ұйғырлар.

1920 ж. РФ-ның құрамында Қазақ автономиялық республикасы құрылды.Ол 1936ж. одақтас республикаға айналды. Кеңестер одағы ыдырағаннан кейін, 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздіігн жариялады.

Қазақстанның астанасы – Астана қаласы(бұрынғы Ақмола қаласы).

1994ж. 6 шілдеде ҚР-ның сол кездегі жоғарғы кеңесі мен Министрлер кабинеті ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысын қабылдады.1997ж. 20- қазанда Президент Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1997ж. 10 желтоқсанынан бастап ел астанасы Алматыдан Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола қаласы 1998ж. 6- мамырында Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып аталды.

Астана аса ірі әуе, автомобиль және темір жолдар торабында орналасқан. Халқы 300000 аса адам.

Қазақстанның аса ірі қалалары – Алматы, Қарағанды, Семей, Павлодар, Тараз, Шымкент. Әкімшілік аумақтың бөлінуі жөнінен еліміз 14 облыстан тұрады.