Жер бетіндегі нәсілдердің белгілері

Жер бетіндегі нәсілдер. Адам Антарктидадан басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған. Олардың сыртқы түсіне, дене қүрылысына, бет пішініне өмір сүрген табиғи ортасы үлкен ықпал жасайды.Сондықтан да ыстық жақ пен суық аймақ адамдарының сыртқы келбеті бір-біріне ұқсамайды.Осыдан барып тарихи ұзақ кезеңде адамдардың нәсілдік топтары қалыптасқан.

Адамзат 3 үлкен нәсілге бөлінеді. Олар: еуропалық түрдегі(ақ), монғолдық түрдегі(сары), негрлік түрдегі(қара)нәсілдер.

Әр түрлі өкілдері бір-бірінен дене бітімі, шашы, терісі, көз қиығы,

бет пішіні, т.б. жөнінен ерекшеленеді.

Негрлік түрдегі нәсілге жататындардың терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біршама шығыңқы келеді.Бұл нәсілдің өкілдепі Африкада және Аустралияда тараған. Монғолдық түрдегі нәсіл адамдарының терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш болады.Сары нәсіл Азияның көп жерін қамтиды.Оған Американың үндістері де жатады.Еуропалық түрдегі нәсілге жататындардың терісі ақ, мұрны қырлы, ерні жұқа, шашы толқынды немесе жатық болып келеді. Бұған Еуропа, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның халқы жатады.

Негізгі нәсілмен қатар аралас нәсілдер де бар.Олар үлкен нәсілдер-

дің бір-бірімен тоғысып,араласқан аймақтарында пайда болған.Мәселен,

Солтүстік Африкада ертеден-ақ еуропалық және негрлік түрдегі нәсілдердің, Батыс Сібір мен Орта Азияда еуропалық пен монғолдық түрдегі нсілдердің өкілі арналасқан.

Нәсілдік белгілердің қоршаған ортамен байланыстылығы.

Жазғы ыстықта жұмыс істеп, күн көзінде көп жүрген диқан тотығып қараяды. Бірақ жылдың басқа маусымдарында оның қарайғаны кетіп, терісінің түсі бұрынғы қалпына келеді. Енді жер шарының жыл бойы күн шыжып, күйдіріп тұратын ыстық аймақтарында қарай барайық.Ондағы адамдардың ұрпағы мыңдаған жылдар бойындағы ұзақ уақытта күннің қатты күйдіруіне бейімделіп қарайған. Олардың терісінің қара түсі тұқым қуалап кете береді. Шаштарының бұйралығы арасына ауа кіріп салқындатып тұруға қолайлы. Кең танау қапырықта тыныс алуды жеңілдетеді.

Еуропалық түрдегі нәсілдің өкілдері Жер шарының күн аз күйдіретін салқын аймақтарын мекендейді(орыстар, немістер, ағылшындар, француздар,т.б.). Олардың терсінің түсі ақшыл келуі содан.Бұл нәсіл өкілдерінің неғұрлым солтүстікке қарай қоныстанғандарының түрі ақсары, көзі көк , шашы сарғыш, ал оңтүстіктегілерінің түсі мен көзі қоңырқай тартады, шашы қоңыр.

Монғолдық түрдегі нәсілдің адамдары жел жиі соғатын, жазы ыстық,

шаң-тозаңды, құмды-дауылда, қысы аязды, боранды аймақтарда қоныстанған. Олардың көзінің қысық келуі және қабағының астында көздің жас шығаратын төмпешігін жауып тұратын ерекше тері қатпарының болуы шаң-тозаңнан сақтануға бейімділігін көрсетеді.

Нәсілдердің теңдігі.Әр түрлі нәсілдерге жататын адамдар бір-бірінен табиғи ортаға бейімделген сырт келбеті жөнінен ғана ерекшеленеді. Оладың көру, есту және ойлау қабілеттері бірдей. Нәсіл-

дік ерекшеліктер қоғамның дамуына, халықтардың іс әрекеттеріне ешқашан әсер етіп көрген жоқ .

Нәсілдерді осындай бір-бірімен тең деп есептейтіндермен қатар ақ нәсілді жоғары, қара және сары нәсілдерді төмен көретіндер де бар.

Олар қара және сары нәсіл адамдарының ойлау қабілеті төмен, олар тек қана дене еңбегімен айналысуға жаратылған, жер бетінде тек ақ нәсіл адамдары ғана билік жүргізуі керек дейді.

Мұндай теріс идея адамзат тарихының әр кезеңінде көрініс беріп келген. Нәсілшілдік, әсіресе ірі капиталистік елдердің отарлау саясатын жүзеге асыру кезінде барынша күшейді. Америкада негрлердің еңбегін аяусыз қанау, ұрып-соғып кемсіту, үндістерді оқшау аумақтарға қамап ұстау кең етек алды. 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германияда фашистер неміс халқы жоғары нәсіл, басқа халықтардың бәрі оған құл болуы керек немесе жер бетінен жойылуға тиіс деп жариялады.Соның негізінде миллиондаған еврейлер, орыстар, поляктар, т.б. халықтар қырғынға ұшырады.Сондай-ақ патшалық Ресейдің шағын халықтарды «бұратаналар» деп кемсітіп қарағаны да әлі ұмытылған жоқ.

Нәсілдік кемсітушілік 2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары Оңтүстік Африка одағы мемлекетінде орын алды.Онда жергілікті қара халық мемлекетті басқару орындарын сайлаудан шеттетілді. Олар ақтар тұратын жерден ішкі аудандарына жер аударылды.Мұнда қара түстілерге еңбекақыны ақтарға қарағанда аз төлеу, олардың мектептерін жабу сияқты кемсітушілік саясат жүргізілді.

Біздің заманымызда дүние жүзі елдері нәсілдік кемсітушілікті адамзат алдындағы қалмыс ретінде айыптап отыр.1965ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті түбірімен жою жөнінде қарар қабылданды.

Біздің елімізде нәсілшілдікке, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол берілмейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған.Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституцияда бекітілген.