Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеулер

Бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз орын алады (картаға қарап себебін анықтаңдар. Ол үшін Жер шарында құрлықтың орналасуына назар аударыңдар). Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша айқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді (өзендер мен көлдердің қатуы және мұзының еруі, өсімдіктердің өсіп-өнуі, жануарлар тіршілігіндегі және адамның шаруашылық әрекетіндегі өзгерістер).

Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала әтпелі зоналары бөледі.

Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазғы ыстық кейде + 50° С-қа жетеді, ал құмның беті +80° С-қа дейін қызады. Оның есесіне қысы едәуір суық. Аяз – 30° С-қа дейін барады.

Шөлдің тіршілікке ең қолайсыз жағы – ылғалының тапшылығы. Жылдық жауын-шашыны 200 мм-ден кем, ал кей жерлерде 100 мм-ге де жетпейді. Оның есесіне буланушылық (буланушылық деп нені айтады?) түсетін жауын-шашыннан ондаған есе артық. Кей жылдары жерге бір тамшы жаңбыр тамбайтын шөлдер де бар. Шөл өсімдігі мен жануарлары ылғалдың жетіспеушілігіне жақсы бейімделген. Көптеген өсімдіктердің жапырағы тікенекке айналған (оның қандай мәні бар?), тамыры өте тереңге кетеді. Көктемгі ылғалды пайдаланып қалу үшін бірнеше аптада тез өсіп жетілетіндері де бар.

Шөлде жусан мен сораң өсімдік түрлері, әр түрлі бұталар өседі. Ағаш өсімдігінен құмды шөлде ак сексеуіл өседі.

Сексеуіл – діңі кисық, бұратылған, биіктігі 3-4 метрден аспайтын ағаш. Оның жалбыраған ұсақ бұтақшалары көлеңке түсіріп жарытпайды. Ұзындығы 20-25 м-ге жететін қуатты тамырлары ылғалды өте тереңнен тартады. Сүрегі тығыз, ауыр, суға салса батып кетеді.

Шөл жануарлары қатты ыстық пен судың жетімсіздігіне икемделген. Көпшілігі күндізгі ыстықта інге немесе құмның арасына кіріп жатады да, жем іздеуге түнде шығады. Кейбіреулері жазғы ыстықта ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт су ішпестен өсімдік нәрімен күнелтетіндері де бар.

Шөлде ұсақ кемірушілер, жыландар, кесірткелер көп. Тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Бұрын құланда. көп болған.

Шөл зонасында халық өте сирек қоныстанған. Олар мал бағумен, өзен бойларында егіншілікпен айналысады.

Дала зонасы солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада кең алқапты алып созылып жатады. Оңтүстік жарты шардағы көлемі шағын.

Дала деп шөп өсімдігі өсетін, ормансыз, жазық алқапты айтады. Шөл зонасы сияқты дала зонасының да климаты өте континенттік болады. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Аяз -50° С-қа дейін барады. Жауын-шашын шөлге қарағанда екі еседен көбірек жауады. Бірақ мұнда да буланушылық түсетін жауын-шашыннан анағұрлым артық. Ылғал жетіспейтіндіктен құрғақшылыққа бейімделген шөп өсімдігі өседі. Соның ішінде селеу басты орын алады. Жазда өсімдік пісіп жетілген кезде жел шайқаған селеулі дала толқыған көл айдынын елестетеді. Бұндай шөп өскен жерде құнарлы қара топырақ қалыптасқан (неліктен?).

Ғасырлар бойы жер жыртып, егін егудің нәтижесінде даланың табиғаты қатты өзгерді. Қазіргі кезде дала табиғи күйінде тек қорықтарда ғана сақталған. Қазақстанның солтүстігіндегі далалар XX ғ-дың 50-60-жылдарындағы тың игеру кезінде түгелдей дерлік жыртылып тасталды. Тиісті агротехникалық шараларды қолданбаудың салдарынан бірқатар аудандарда топырақ құнары сана-латын қарашірікті жел ұшырып алып кеткен.

Табиғи күйіндегі далаларды ін қазатын кемірушілер көптеп мекендейді.

Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық кездеседі. Қазақстан далаларында таяуда ғана ақбөкен үйір-үйірімен жүретін. Тың игергеннен кейін олар азайып, оңтүстікке, шөлейт пен шөлге ығысты. Ал тарпаң деп аталатын жабайы жылқы XIX ғ-дың өзінде мүлде жойылып кеткен. Солтүстік Америка далаларында еуропалықтар жаппай қоныстанар алдында 50 миллион бизон мекендеген. XIX ғ. басында бірде-бір жабайы бизон қалған жоқ. Адамның колдан өсіруінің арқасында ғана олар мүлде құрып кетпей сақталып қалған. Қазір бизонның саны 50 мыңға жетеді.

Дала зонасының халқы ерте заманнан бері егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. Мұнда жыл сайын мол астық өндіріледі.

Орман зонасы дала зонасы мен тундра зоналарының арасында жатады. Ол тундраға – орманды тундра, далаға орманды дала етпелі зонасы арқылы бірте-бірте ауысады.

Орман зонасы негізінен солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада таралған. Бұл зонаның топырағы тым ылғалды жағдайда калыптасады. Топырақтың жоғарғы қабаты үнемі ылғалмен шайылып отырады да, түсі күлгінденеді. Сондықтан мұнда күлгін топырақ түрлері басым болады. Тек жалпақ жапырақты ормандарда ғана жер беті құрғап, топырақ қоңырқай тартады. Орман зонасы жал-пақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас орман деп аталатын кіші зоналарға бөлінеді.

Жалпак жапырақты орман қоңыржай белдеудің климаты біршама жылы және ылғалды өңірін алып жатыр. Қысы салқын болғанымен, жазғы жылу мен ылғал жалпақ жапырақты ағаштардың

өсуіне жетіп жатыр. Орман құрамында ағаштың ондаған түрі кездеседі, мұнда бұта мен шөп те қалың өседі. Жалпақ жапырақты ағаштардың көпшілігі шамшат, емен жене жөке ағашы болып келеді.

Қылқан жапырақты орман немесе тайга алып жатқан коңыржай белдеудің климаты айтарлықтай ылғалды, сонымен катар ол біршама суық өңірді қамтиды. Қысы аязды, жазы коңыржай жылы. Жылдык жауын-шашын мөлшері булану-шылықтан артык. Орман құрамы кедей болып келеді де, әдетте екі-үш ағаш түрінен тұрады. Топырак бетін мүк басып жатады. Негізінен балқарағай, шырша, майқарағай және қарағай таралған.

Жалпақ жапыракты орман мен тайганың арасында аралас орман өңірі жатады. Бұл жердің климат жағдайлары суықка бейім қылқан жапырақты ағаштар мен жылу сүйгіш жалпақ жапыракты ағаш тұқымдарының қатар өсуіне мүмкіндік береді.

Орман зонасы жануарлар түріне өте бай

Мұнда терісі бағалы аңдардан тиін,тулкі, булгын; жыртқыштардан қоңыр аю, сілеусін, цасцыр; тұяктыларданбулан, елік;құстардан саңырау құр, құр, тоқылдақ, т. б. мекендейді. Тарихи кезеңде орман жануарларының көптеген түрлері мүлде жойылып кетті немесе азайды.

Орман зонасы адамның шаруашылық әрекетінен көп өзгеріске ұшырады. Егін салу үшін ағашты отаудың және өрттің сал-дарынан ормандардың көлемі қысқарған және кұрамы өзгерген. Қарағай мен шырша ормандарының орнын кайың мен көктерек ормандары баскан.

Субполярлық белдеу солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр (суб-арктикалық деп те аталады). Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі (субантарктикалык). Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы + 10°С-тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы

қысқа. Жылдьң жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалың-дықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады. Оны мәңгі тоң дейді. Жазда мәңгі тоңның тек беткі жұка кабаты ғана (0,5-1 м) ериді. Мәңгі тоңның жаппай таралуы және төмен температура жағдайында топырағы өте батпақты болып келеді.

Белдеуді негізінен тундра мен орманды тун-дра зоналары алып жатыр.

Тундрада мүк,қына және бұталар өседі.

Тундра зонасының климат жағдайлары өсімдіктің өсуіне тым қолайсыз. Әрі кыска, әрі салк-ын болатын жазында өсімдік өсіп жетіле алмай-ды. Сондықтан негізгі орынды кеп жылдык өсімдіктер алады. Олар бірінші жазда тұкымнан өніп, жер бетіне шығады, екінші жазда гүлдейді, үшінші жазда барып тұқым шашады. Тундра өсімдігі өте баяу өседі. Меселен, ергежейлі поляр талы бір жылда 1-5 мм ғана ұзарады. Жазда ауаның топыракқа жакын кабаты ғана біршама жыльшады. Соған сәйкес бұталар жер бетіне төселіп немесе ұйлығып өседі. Тамыры тереңге таралмайды. таяу өсетіндіктен, тундраның өсімдік жамылғысы оңай бұзылады және оның қалпына келуіне көп уақыт керек болады. Меселен, шын-жыр табан машинаның жүріп өткен ізін осімдік 20 1жылда ғана әрең қайта басады.

Тундраның жануарлары суыққа бейімделген. Қыста көптеген жануарлар, соның ішінде солтустік бцгысы тайгаға ауады. Жазда сансыз көп кәлдерде қаптап журетін каз, үйрек, аққулар балапанын өргізгеннен кейін жылы жакқа үшып кетеді.

Кішкентай алацоржын тышқаны тундрада қалып, қар астында күнелтеді. Олардың қарды кеу-леп, жем іздегсн жолдары туннель сиякты айқыш-^йқыш жосып жатады. Алакоржынды поляр іщлкісі, цасцыр, жапалац ұстап жейді.

Тундра мен орманның арасын орманың тундра өтпелі зонасы бөледі. Мұнда ағаш сирек жөне қисык болып өседі.

Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалык, оңтүстік полюс төңірегіа нтарктикалык (грекпіе анти -карсы) б е л д е у деп аталады. Екеуін де жаппай мүз басып жатыр. Климат жағдай-лары өте қатаң. Арктикалык белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусы-мы кезінде ауаның температурасы 0°С-тан сәл ғана асады. Оның есесіне үзакка созы-латын кыста ол -30-40°С-тан түспей, какаған аяз болып түрады. Антарктида-ның климаты одан да катаң. Онда Жер ша-рындағы ең төмен температура (-88,3°С) байқалған.

Арктикалық және антарктикалык белдеулер мүзды шөл зонасына жатады. Оның жер бетін жаппай елі мұз басқан. Антарктикалык белдеуде пингвиннің тіршілігі материк жағалауындағы сулармен байланысты.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!