Тірі организмдердің таралу заңдылықтары және жер қабықтарына әсері

Тірі организмдердің таралу заңдылықтары. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің, сондай-ақ олардың бірлестіктері — биоценоз да рдың географиялық таралу заңдылықтарын биогеография ғылымы зерттейді.

Биоценоз жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден тұруы мүмкін. Әдетте құрлықтағы биоценоздың жалпы сипатын өсімдік анықтайды.

Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған. Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады. Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік ете алмас еді.

Кез келген биоценоздағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды. Өсімдіктің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі. Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да, сан жағынан да аз, экватор маңында өте қалың және сан алуан.

Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға, солардын ішінде, өсіресе климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына) байланысты. Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйкес, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.

Тауларда топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі биіктік белдеулерге сәйкес өзгереді. Бұл өзгеріс биіктіктің артуына қарай жазықтағы сияқты жылу мен ылғал мөлшерінін өзгеріп отыруына сәйкес келеді.

Ғалымдар Жер жеке планета ретінде бұдан 5 миллиард жыл бұрын жаратылған деп есептейді. Біздің планетамыз өзінің осы даму тарихында 2 кезенңен өткен. Олар: тіршілікке дейінгі кезең және тіршілік шыққаннан кейінгі кезең. Жердегі алғашқы өте қарапайым организмдер 3 миллиард жыл бұрын пайда болған. Тірі организмдер жер қабықтарының яғни атмосфераның, гидросфераның және литосфераның беткі қабатын алғашқы қалпынан өзгерткен.

Организмдердің атмосфераға әсері. Жер атмосферасының
қазіргі жай-күйі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесінде
қалыптасқан. Ауаның құрамындағы оттегі түгелдей өсімдіктердің күн қуатының күшімен көмірқышқыл газды ыдыратуының нәтижесінде пайда болған. Ғалымдар қазіргі кезде атмосферадағы бар оттегі қорын жасыл өсімдіктер 10000 жылда-ақ бөліп шығара алатындығын есептеген. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеймей, бірқалыпты қалуы оның
екінші жағынан жануарлардың тыныс алуына, жануға және басқа да құбылыстарға жұмсалуына байланысты.

Өсімдіктер ауаға оттегін шығарса, керісінше, жануарлар оттегін жұтып, көмірқышқыл газын бөледі. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің арқасында ауаның газ құрамы реттеліп отырады.

Организмдердің гидросфераға әсері. Атмосфера сияқты гидросфера да организмдердің тіршілік әрекетімен тығыз байланысты. Организмдер ұдайы суды бойына тартады және өзінен бөліп шығарады. Өсіресе өсімдік суды бойынан өте көп мөлшерде өткізеді. Тек қана орман өсімдігінің үлесіне жыл сайын бүкіл құрлықтан буланатын судың 10%-ы тиеді.

Тірі организмдер Жердегі бүкіл суды 2 млн жылда денесінен өткізіп шығаратыны есептелінген. Бұл жағдай — тіршілік пайда бол­ғаннан бері табиғаттағы су бірнеше қайтара жаңарудан өтті деген сөз.

Организмдердің тіршілік әрекетінің өнімдері және органикалық шірінді калдықтар құрлыктағы судың құрамына өсерін тигізеді. Организмдермен Дүниежүзілік мүхиттың түз құрамы байланысты. Мүхиттарға кальций тұзы өзен суы арқылы барады. Түздың бұл түрі қазіргі кезде мұхитта қанша болса, әр 15 мың жылда сонша мөлшерде қосылып отыратындығы есептелінген. Бірақ оның мұхит суындағы мөлшері көбеймей, ұдайы бір қалыпта сақталады. Оған себеп -кальцийді мұхит суында тіршілік ететін жануарлар өте көп мөлшерде бойына сіңіреді. Кальций жануарлардың қаңқалары мен сауыттарын түзеді. Олардың калдыктары мұхиттар мен теңіздердің түбіне шөгіп, қалыңдығы бірнеше километрге баратын әктас қабаттарын құрайды.

Организмдердің литосфераға әсері. Организмдердің литосфераға әсері екі түрлі жағдайда анық байкалады. Біріншіден, организм қалдықтарынан тау жыныстарының органикалық деп аталатын ерекше тобы құралады. Олар өздеріңе жақсы таныс әктас, ұлутас, тас көмір, шымтезек, жанар тақтатас, мұнай және т.б. (өсімдік қалдықтары қайсыларында жақсы көрінеді?).

Екіншіден, организмдер тау жыныстарының үгілуіне үлкен үлес қосады (органикалык үгілу қалай жүреді?). Тасқа жабысып өскен қына оның бетін қопсытады. Ағаштың тамыры тау жыныстарының жарығына сыналай кіріп, кеңейтеді. Ін қазатын жануарлар жердің беткі қабатын үңгіп, аударыстырады.

Организмдердің әрекетінен топырақтың пайда болуы. Литосфераның беткі атмосферамен жанасатын жұқа қабатында топырақ түзіледіі Топырақ — тірі (органикалық) және өлі (бейорганикалық) табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене (топырақтың тау жынысынан айырмасы неде?).

Топырақ жердің ең беткі, өте жұқа (2-3 м) қыртысындағы тау жыныстарының организмдердің әсерінен өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Тау жыныстарының бетінде өсімдік өсуіне қажетті жағдайды бәрінен бұрын микроорганизмдер дайындайды. Қопсыған тау жыныстарын онан әрі өсімдік тамыры бүзады. Одан бөлінген қышқылдар тау жыныстарын химиялық өзгеріске ұшыратады. Оны жер қыртысында тіршілік ететін жануарлар қопсытады, аударып, төңкерістіреді. Соның нәтижесінде топыраққа ауа мен судың сіңуіне колайлы жағдай туады. Жерде қалған өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлекселерін микроорганизмдер (бактериялар мен саңырауқұлақшалар) үгіп, ыдыратады.

Органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде топырақтың қарашірік қабаты түзіледі. Ол — топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші. Құрамында қарашірігі көп топырақтың құнарлығы да жоғары болады.

Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы климат жағдайларымен тығыз байланысты. Өсімдік сияқты топырақ жамылғысы да экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді, тауларда биіктік белдеулерге сәйкес таралады. Топырақ түрлерінің таралуы арнаулы топырақ картасында түрлі түсті бояулармен көрсетіледі.

Топырақтың жеке түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы — қаратопырақ. Топырақтың бұл түрі қоңыржай белдеудегі далаларда шөп өсімдігінің астында түзіледі. Шөп жыл сайын өсіп жетіліп, қурап, қар астында қалған қалдықтары шіріп, үгіледі, Сондықтан даланың топырағы қарашірікке бай, қалың келеді. Даладан солтүстіктегі орман зонасында ағаш өсімдігінен жер бетіне қалдық аз түседі. Оның үстіне жауын-шашын мол жауатындықтан, артық ылғал топырақтың жоғарғы қабаттарын шайып отырады да қарашірік аз қалады. Одан солтүстікке таман, полярлық аймақта әрі қыска, әрі салқын болып келетін жаз мезгілінде өсімдік қалдықтары шіріп үлгірмей, көбінесе бітеу күйінде қалып, шымтезекке айналады.

Даладан оңтүстікке қарай ылғал құрт азаятындықтан, өсімдік сирек өседі де, топырақ бетінде аз қалады. Оның үстіне құрғақ климат жағдайында өсімдік қалдықтары түгелдей дерлік қурап, ұшып кетеді. Сондықтан топыраққа қарашірік аз қосылады. Оңтүстікке қарай топырақтың түсі бозаң тарта беретіні содан.